I-ТОП
Педагогикалық жағдаят №1
Сіз педагог мамандығын таңдадыңыз. Төмендегі жоспар бойынша Педагогикалық өсиет жобасын құрастырыңыз:
1) «Егер мен педагог болсам, мен ешуақытта … жасамаймын».
2) «Егер мен педагог болсам, мен барлық уақытта … боламын».
3) «Педагог болу – бұл яғни …»
Педагогикалық жағдаят №2
Үлкендерге, ата-анаға, мұғалімге деген құрмет ұлттық мәдениеттің адамгершілік компоненті ретінде қарастырылған.
— Сіз осындай пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
Педагогикалық жағдаят №3
Әр жолы мұғалім сыныпқа кіргенде, «… оның алдынан ұлы ұстаз болудың мүмкіндіктері ашылады». Бұл пікірмен келісу немесе келіспеу жайында өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
Педагогикалық жағдаят №4
Тыңдау біліктілігі – мұғалімнің негізгі сапасы. Оқушылардың мұғалімге білімді бағалау кезіндегі кең таралған шағымы: «Ол мені тыңдамады, барлық уақытта алаңдады».
Сіздің пікіріңізше, «жақсы тыңдау» деген не? Жақсы тыңдаушы қандай болуы мүмкін?
Педагогикалық жағдаят №5
Сізге «Педагогтың шеберлігі» тақырыбы бойынша бір мұғаліммен сұхбат жүргізу керек. Интервью үшін сұрақтар құрастырыңыз.
2-ТОП
Педагогикалық жағдаят №6
Бастауыш сынып мұғалімі оқушының анасына оның сабақта қандай жаңа оқу материалын меңгергенін айтып, оны үйде бекіту жолдарын ұсынды. Анасы баласымен үйде отыратын уақыты жоқтығын айтты. Әңгіменің соңы кикілжіңге ұласып, ата-ана мұғалімге «Сіз ай сайын мемлекеттен ақша алып отырсыз, сондықтан сіздің міндетіңіз баланы оқыту. Мен отбасымды асырауым керек» — деп жауап берді.
Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)
Педагогикалық жағдаят №7
Ұзартылған күн тобынан баласын алуға келген ата-анасы баласының киімінің ластанғаның көріп, педагогты балаларды дұрыс қадағаламайтындығын айтып кінәлайды. Өз әрекетіңізді жоспарлаңыз.
Педагогикалық жағдаят №8
Екінші сынып оқушысының анасы мұғалімге «Уақыт өткен сайын ұлым қырсық болып келе жатыр. Ұлымның әкесі мен атасы да қырсық болған. Мүмкін, бұл тұқымқуалаушылық шығар?»- деген сауал тастады.
Осы жағдайдағы Сіздің іс-әрекетіңіз (қалай жауап бересіз)?
Педагогикалық жағдаят №9
Ата-аналар мұғалімге: «Неліктен барлық балалар сурет салу дағдыларын бірдей меңгермейді? Барлығы да мектепке барады, барлығымен де бір деңгейде үйрету жұмыстары жасалады. Біз ешқандай көмек бере алмаймыз. Не істеу қажет?» — деп сұрақ қояды. Сіздің жауабыңыз.
Педагогикалық жағдаят № 10
Қоңырау кезінде дәлізбен келе жатып Сіз 4-ші сыныптың екі баласының төбелесіп жатқанын көрдіңіз. Бұл жағдайды Сіздің байқап койғаныңыз да оларды тоқтатпады. Сіз тоқтатуды талап етсеңіз де олар төбелесті жалғастыра берді.
— Өз іс-әрекетіңізді жоспарлаңыз.
3-ТОП
Педагогикалық жағдаят №11
Қоңырау уақытында үшінші сыныптың екі баласы біріне-бірі мініп ойнап жүр.
— Мұндай жағдайда Сіз не істейсіз?
Педагогикалық жағдаят № 12
Өзіңізді Білім және ғылым министрі деп елестетіңіз. Білім сапасын жақсарту үшін қандай іс-әрекеттер жасар едіңіз?
Педагогикалық жағдаят №13
Сіздің Педагогикалық мамандықты таңдауыңызға не әсер етті?
Педагогикалық жағдаят № 14
Мұғалімдер күніне Сізге педагог антын дайындау тапсырылды. Сіздің ойыңызша ол қандай болуы керек?
Педагогикалық жағдаят № 15
Сіздің мамандық таңдауыңызға кімнің ықпалы зор болғаны жайлы айтып беріңіз.
4-ТОП
Педагогикалық жағдаят №16
Өзіңіздің сүйікті мұғаліміңіз жайлы айтып беріңіз. Оның бойында қандай қасиеттер бар?
Педагогикалық жағдаят № 17
Сіздің ойыңызша болашақтың педагогы қандай болуы қажет? Сіздіңше, қазіргі мұғалімдердің қайсысы осындай сапаларды меңгерген?
Педагогикалық жағдаят № 18
Сізге «Қоғамның қазіргі даму сатысында білім беру жүйесінде, мектепте, мұғалімде қандай қиындықтар (мәселелер) бар?» деген тақырып бойынша мектеп мұғалімдерінен сұхбат алуды ұсынды. Мұғалімдер үшін қандай сұрақтар дайындайсыз?
Педагогикалық жағдаят № 19
Сізге «Мұғалімдік мамандықтың болашағы» деген тақырып бойынша мектеп мұғалімдерінен сұхбат алуды ұсынды. Мұғалімдер үшін қандай сұрақтар дайындайсыз?
Педагогикалық жағдаят № 20
Мұғалім тұлғасы, еңбек сапасы мен өнімділігі көп жағдайда оның өз білімін жетілдіру әрекетіне байланысты екендігін дәлелдеңіз.
5-ТОП
Педагогикалық жағдаят № 21
Сізге Педагогикалық мамандық жарнамасының тұсаукесерін, сценарийін даярлау тапсырылды.
— Сіздің материалдарыңыздың мазмұны қандай болады?
— Педагогтың сөздік портретін жасаңыз.
Педагогикалық жағдаят № 22
Сынып жетекшісі, әрі пән мұғалімі ретінде мектеп мұғалімінің жұмысында қандай мәселелер (қиындықтар) болады? Мектеп директоры болсаңыз — оларды болдырмау үшін не істер едіңіз?
Педагогикалық жағдаят № 23
Болашақтың мектебін қалай көргіңіз келеді?
Педагогикалық жағдаят № 24
Сізге мұғалімнің ар-намыс кодексін жасау ұсынылды. Сіз оған кандай бөлім қосар едіңіз?
Педагогикалық жағдаят №25
Сіздің сыныбыңызда арнайы бағдарламамен оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушы оқиды. Ал сыныптастары онымен сөйлеспек түгілі оған мән де бермейді.
— Осы жағдаятқа қалай әсер етуге болады?
— Бұл жағдайда қандай әрекет етер едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді негіздеп беріңіз.
Педагогикалық жағдаят №26
Сіз мұғалімсіз. Үзіліс кезінде сыныптағы бір оқушы келіп сізге сыныптастары туралы мәлімет айтады: Айгүл басқа сабақтарда көп әңгіме айтады, Сәуле өсекші, сынып оқушылары бір біріне ат қойып, айдар тағады т.б.
— Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?