Практикалық тапсырмалар 1 ситуация Қоңырау соғылды. Мұғалім класс кабинетіне келді. Кабинет есігін ашпақ болды. Есік кілттеулі. Есіктің кілтін салса, кілт орнына түспейді. Қараса, кілт салатын тесікке біреу нығыздап қағаз тығып тастаған. Ызасы келген мұғалім балаларға ұрыса бастады:
Бұған қағазды тыққан кім? Қайсыларың, кәне, тез мойындаңдар!
Осы кезде мектептің шаруашылық жөніндегі меңгерушісі келіп, мұғалімге кешегі болған жағдайды түсіндірді. Класс бөлмесі боялғандықтан, оған ешкім кірмесін деп тесікке қағаз тығып қойған екен. Сөйтті де оларға басқа кабинет ашып берді.
Сұрақтар: Мұғалімнің істегені дұрыс па? Неліктен?
Сіз жағдайды қалай шешер едіңіз?
2 ситуация Сабыр деген оқушының ата-анасы соңғы кезде ата-аналар жиналысына келмей жүрді. Бір күні мұғалім оқушысының ата-анасын көшеде кездестіріп қалды.
Сіз неге жиналысқа келмейсіз, неге қатыспайсыз, - деп тәптіштей бастады.
Оған Сабырдың ата-анасы:
Жиналысқа үнемі ұрыс есту үшін барамын ба? Ұлым туралы әлі бір жақсы сөз аузыңыздан естімедім, - деді.
Сұрақтар: Мұғалімнің істегені дұрыс па?
Мұндай жағдайда ата-анамен жұмысты қалай ұйымдастырған жөн?
Сіз бұл жағдайдан қалай шығар едіңіз?