Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі, оның гуманистік сипаты



бет1/3
Дата24.09.2024
өлшемі43,07 Kb.
#145522
  1   2   3
Байланысты:
сабақ


Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар Ежелгі Грек, Мысыр, Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, М.Ф.Квинтилиан және т.б. ғалымдардың еңбектері мен идеяларында көрініс табады.

Дүние жүзінде Аристотельден кейінгі «Екінші мұғалім» атанған кемеңгер, шығыс ойшылы, ғалым-энциклопедист әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.) орта ғасырда тәлім-тәрбие беру бойынша 200-ге жуық еңбек жазып, баға жетпес мұра қалдырды, ол педагогиканы жеке ғылым деп қарастырмаса да, өз трактаттарында оқу, тәрбие, білім беру және т.б. ұғымдарға анықтама беріп, педагогикалық мамандықтың мағынасын жан-жақты ашты. Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде былай делінеді: «Мұғалім бойында шыншылдык, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылық, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қасиеттер сақталуы қажет. ... Ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздық қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады».




Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі, оның гуманистік сипаты.
Мұғалім мамандығы – елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін, өмірге ізгілік нұрын себуші, жауапкершілігі мол киелі мамандық. Жақсы мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті зор тұлға. Ол – оқытудың инновациялық технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның зиялы қауымының өкілі.
Мұғалім мамандығы – табиғаты жағынан гуманистік сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, әлеуметтік-мәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуметтік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты – оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі – жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет