Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен технологиясы ретінде
Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.Жалпы басқару дегенді–шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін.
Педагогикалық менеджмент - білім беру процесін тиімді басқару теориясы, әдістемесі, технологиясы.Әлеуметтік басқарудың жалпы заңдылықтарына бағынғанмен, білім беру жүйесін басқарудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Білім беру менеджментінің негізгі мақсаты — білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру.Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие, оқу-таным үдерісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.Педагогикалық менеджмент басшылар мен оқытушыларға мақсатқа жету жолында көптеген мүмкіндік береді:
- біріншіден, вертикальді бұйрықтық басқару әдісінен корпоративті басқару стилі негізіндегі горизонтальді кәсіптік ынтымақтастыққа жол ашады;
- екіншіден, әр тұлғаға даму мүмкідігін береді, басшылар мен оқытушылардың мотивациялары арқылы ұйымның ішкі ортасы, яғни ұйым дамиды;
- үшіншіден, білім беру процесіне қатысушыларға жағымды психологиялық-педагогикалық жағдай туғызады.Педагогикалық менеджменттің өзіне тән ерекшеліктері бар, өйткені ол адамдардың шығармашылық әрекеттерімен байланысты. Білім беру процесін басқаруда педагогикалық менеджментті білім беруді тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі, технологиясы деп түсінуге болады.Жалпы менеджмент адамдарды, әлеуметтік процестерді басқару өнері мен ғылым жиынтығы ретінде қарастырылады, адамдардың интеллектісін, еңбегін, мотивацияларын пайдалану арқылы басшының алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады. Осы анықтамаға сүйенсек, әр оқытушы өзінің қарамағындағы білім алушының оқу-таным үдерісінің менеджері болып табылады, ал ұйым басшысы–оқу орнының тұтас оқу-тәрбие үдерісінің менеджері.Педагогикалық менеджменттің өзіне ғана тән заңдылықтарының бірі-менеджер еңбегінің пәні, өнімі, құрамы және нәтижесінің ерекшелігі. Білім беру үдерісінде менеджердің еңбегінің пәні - басқарылатын нысанның (субъекттің) іс-әрекеті, еңбек өнімі-ақпарат, еңбек құралы - тіл, сөз, сөйлеу, еңбек нәтижесі - білім алушылардың білім, тәрбие, даму деңгейлері.Оқу орнының педагогикалық жүйесі бірнеше жүйенің жиынтығы, олардың әр қайсысы күрделі құрылым: оқу, тәрбие, материалдық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз ету, өзін-өзі басқару, әкімшілік басқару. Оқу орны жүйесінің тиімділігі жүйенің құрамды бөліктерінің бір бағытта жұмыс істеуіне, бір бағыттағы іс-әрекеттеріне байланысты. Осыған орай менеджментте ұйымның ішкі ортасы деген түсінік бар. Ұйымның ішкі ортасы – мақсаттарға тиімді жету үшін құрылған бөлімдер. Білім беру ұйымының ішкі ортасын әкімшілік, оқытушылар, білім алушылар, қаржылық бөлім, техникалық қызметкерлер, кітапхана, т.б. құрайды. Педагогикалық менеджменттің бір ерекшелігі: басқаруға ішкі ортаның әр құрылымы, яғни, басқару субъекттері қатысады: топ жетекшісі, бөлім меңгерушісі, тәрбиеші, өз сабағының иесі, ұйымдастырушысы -оқытушы. Бұл ерекшелік жалпы білім беру мекемесін басқару мазмұнына, нәтижесіне маңызды ықпал етеді. Менеджмент ғылымында басқарушылық еңбек функцияларының бірнеше классификациялары бар. Белгілі бір мақсатқа жету үшін қолданылатын негізгі функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау. Бұл функциялар коммуникация және шешім қабылдау үдерістерімен біріктіріледі.
Аталған менеджмент функциялары барлық салаларда қолданылады. Әр функцияларға тоқталсақ:
жоспарлау саясат пен мақсаттарды анықтау, оларға жету жолдарын сипаттайды;
ұйымдастыру-еңбект біріктіру және бөлу, міндеттерді, жауапкершілікті бөлу, құрылымды таңдау;
мотивация (ынталандыру) –қызметкерлерді мақсаттарға жетугеқозғау;
бақылау-нәтижелерді тексеру, сандық көрсеткіштерді, сапаны тексеру, ауытқуларды жою бойынша шешімдер қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |