Педагогикалық практика есебі 6В01910 – «Дефектология» мамандығы



бет3/4
Дата01.11.2022
өлшемі40,47 Kb.
#46634
1   2   3   4
Байланысты:
практикалық есеп титул (копия) (копия) (копия) (копия)

3.Баланың сөйлеу тілі.
Бала 1-3 жас аралығында әрбір естіген сөзін түйсініп, сыртқа шығарады. Яғни, бала белгілі бір негіздемеге сүйене отырып, сөзін ой жүйесінен шығарады. А.Леонтьевтің пікірінше, бала сөйлегенде алдын ала оны ой жиегінен өткізеді, сол ой дыбыс не сөз болып үдеріске айналады [4,165]. Мысалы: 2 жасар Бекболат есімді бала допты «теп-теп» деп атайды. Баланың допты «теп-теп» деп атауына «тебу» сөзі түрткі болып тұр. Бір жағынан бала қандай бір грамматикалық заңдылыққа немесе лексикалық уәжге сүйеніп айтып тұрған жоқ, себебі оның жасы небәрі екіде. Бірақ бала допты тебетінін түсініп тұр. К.И.Чукотский «Ересектерде барлығы сатылымға дайын көйлектері бар дүкен сияқты. Ал балаларда енді өңделіп, тігіліп жатқан шеберхана секілді» деген. Әрбір бала көптеген жаңа сөздерді, қолданыста бар сөздердің жаңа формасын құрастырып жатады. Әрине, ондай мысалдар күнделікті тұрмыста өте көп кездеседі. Бұндай құрылымды сөздердің негізінде уәж жатыр. Ж.Аймауытовтың «Психология» атты еңбегінде осы мәселе жайында айтылған. «Жүре-жүре бала ішкі тілегін сыртқа шығару үшін дыбысқа еліктейді. Сиырды «мө-ө», қойды – «ма», мысықты – «мияу», итті – «ау-ау» дейтін болады» дейді ғалым [5,171]. Бұл тұста уәж мәселесіне тоқталмау мүмкін емес. Уәждеме - тіл арқылы аталған заттың немесе құбылыстың бір белгісінің көрінісі екені белгілі. Демек, бала естігенін дәл сол күйінде шығарады. Мысықтың мияулайтыны, сиырдың мөңірейтіні, қойдың маңырайтыны - бәріне белгілі әрекет. Бала құлағымен естігенін дыбыс не сөз күйінде сөйлеу әрекетінде қолданады.
1-3 жас аралығында бала тілінде кездесетін көптеген жаңа атаулар бар: доп – теп-теп (1,5 жас), шалбар – бұттық (3 жас), футбол – гол (2 жас), телефон – але (1,5 жас), теледидар – мутик (2 жас), мысық – нау (мияу) (1,5 жас), көкірек – тісте (3 жас), су – шай(1,5 жас), тамақ – ням-ням (1,5 жас), нан – ням-ням (1,5 жас). Келтірілген тілдік деректерге қарап, баланың қалыптастырған жаңа атауларының негіздемесі бар екендігіне көз жеткізуге болады. Әрбір ересек адам допты тебетінін, судың шай сияқты сұйықтық екендігін, мультфильмді теледидардан көретінін, мысықтың мияулайтынын, гол деген футбол ойының термині екендігін, телефонға келген қоңырауға алло деп жауап беретіндігін, шалбарды бұтқа (диалект сөз) киетіндігін біледі. Демек, бала уәжі бар, мағынасы мен қызметі сақталған, бірақ нормадан ауытқыған сөздерді қалыптастырады.
Сондай-ақ бала бір атаумен бірнеше нәрсені айтуы мүмкін. Мысалы, шайды да, шырынды да, суды да «су» деп атайды. Оның уәжі ішу екендігі белгілі.
Бала 1 жас пен 2 жас аралығында «бірсөзді сөйлемді» жиі қолданады. С.Н.Цейтлиннің пікірінше, «баланың алғашқы сөздері – оның алғашқы ойы болады. Бұл – «голофраза» деп аталады [3,209]. Бұл сөз белгілі бір ойды беретін, жағдайды түсіндіретін құрылым». Ғалымның пікірін тілдік деректермен дәлелдеуге болады. Мысалы, бала автобусты көрсетіп «абтобус» дейді. Бұл сөздің негізінде «әне, автобус» немесе «автобус келе жатыр (өтіп бара жатыр, тұр)» сөйлемдері жатыр. Баланың сөздік қорынын аздығынан сөйлемді толық айта алмайды, бір сөзбен жеткізеді. Осылайша бала бір сөзбен бір сөйлемнің мағынасын түсіндіреді.
2 жас шамасындағы бала біртіндеп екісөзді сөйлем құрастыра бастайды. Ғалым С.Н.Цейтлин «Язык и ребенок: Лингвистика детской речи» атты ғылыми еңбегінде баланың сөйлеу үдерісінде қолданған сөйлемдерді бірсөзді, екісөзді, үшсөзді сөйлемдер деп қарастырған [3,210]. «Бұл сөйлемдер - көбінесе субьект пен оның әрекеті («мамам келе жатыр»), әрекет және обьект әрекеті («мама, берші») немесе әрекет және әрекет орны («кітап анда»)» [2,105] дейді Ж.Қ.Дүйсенова мен Қ.Н.Нығметовалар. Тіл білімінде бұндай сөйлемдерді екісөзді сөйлем деп атайды. Бұндай құрылымды сөйлемдерге қарап, бала тіліндегі алғашқы морфологиялық бірліктерді көруге болады. Кейіннен бала жасына сәйкес инсан мен предикат, нысан мен предикат арасындағы байланыс (септік, жіктік, тәуелдік жалғауларын) айқындала түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет