Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА КҮНДЕЛІГІ
Биология-география факультеті 6В01509-Биология білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушы Шазат Дана Ғалымжанқызы
Қарағанды2023жыл
ПЕДАГОГИКАЛЫҚПРАКТИКАДАН ӨТЕТІН БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҮШІН ЖАДНАМА Университет білім алушыларының педагогикалық практикасы оқу үдерісінің өте маңызды бөлігі болып табылады, оқылатынбілім беру бағдарламасы бойынша қызмет барысында теориялық білім мен дағдыларын бекіту мақсатында қызмет атқарады.
Педагогикалық практикадан өту оқу жоспарында қарастырылған теориялық пәндерді оқумен бірдей міндетті болып табылады.
Шығарылым курста педагогикалық практикадан өтуге теориялық оқытудың оқу жоспарын толығымен орындаған білім алушылар жіберіледі.
Практикаға кетер алдында білім алушы кафедрадан мына құжаттарды алуға міндетті:
а) практика бағдарламасын;
ә)педагогикалық практика кезеңіне берілген жұмыс жоспар кестесі;
б) педагогикалықпрактика күнделігі;
в) практика бағыты
Практикаға жан-жақты дайындық мақсатында білім алушыалдағы жұмыстардың бағдарламасы мен мазмұнымен танысуға, ұсынылған анықтамалық әдебиетті жинап жәнеқарастырып, университеттен тағайындалған практикажетекшісінен қажетті кеңестер алуға тиісті.
Педагогикалықпрактика күнделігін білім алушы өз қолымен күнбе-күн толтырады. Практика аяқталғаннан кейінбілім алушыбілім беру мекемесіндепрактика жетекшісінен өзінің жұмысы жайлы мінездеме алуға міндетті.
Практика бойынша есеп, университет және білім беру мекемесінен бөлінген практика жетекшісінің қосымша нұсқаулары мен практика бағдарламасының нұсқауларымен сәйкес құрастырылады.
Есепте төмендегі мәселелер баяндалады:
а) практика базасы, практикадан өту тәртібі мен мерзімі жайлы жалпы мәліметтер;
ә) практика бағдарламасында орындалған барлық тапсырмаларды қысқаша баяндап жазу;
в) жеке тапсырманың орындалуы туралы сипаттама;
г) педагогикалық практиканы жоғары деңгейге көтеру бойынша ұсыныстар мен қорытындылар.
Практика аяқталған соң білім алушы төменде көрсетілген құжаттарды тапсыруға міндетті:
а) білім беру мекемесінен келу және кетутуралы белгісі бар үзбелі жолдама;
ә) күнделік;
б) білім беру мекемесінен бөлінген практика жетекшісінің қолы қойылған пікір;
в) педагогикалықпрактика бойынша есеп және қосымшасы:
сыныпқа және (немесе) бір оқушыға берілген психологиялық-педагогикалық мінездеме (практика бағдарламасына сәйкес).
Педагогикалық практиканың есебі кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссия алдында қорғалады. Есеп қорытындысы баға жүйесінің сараланған сынақ негізінде бағаланады. Есеп көпшілік алдында қорғалады.
Қанағаттанарлықсыз баға алу немесе есепті дер кезінде көрсетпеу: ақылы негізде педагогикалықпрактикадан қайтадан өтуге немесе білім алушылар қатарынан шығаруға әкеліп соғады.Практикадан қайта өту мерзімі мен шарты әр жағдайда факультет деканымен белгіленеді.