ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА ТУРАЛЫ
МАГИСТРАНТТЫҢ ЕСЕБІ
1.Атқарылған жұмыс. 01.09.2020-10.12.2020 аралығында педагогикалық тәжірибеден өттім. Тәжірибе барысында кафедра жұмысымен, оқу-әдістемелік құжаттарымен (оқу-әдістемелік жұмыс жоспары, мамандық бойынша пәндер бойынша бағдарламалар және т.б.) таныстым. Ағымдағы жылғы оқу жоспарымен де таныс болдым. Жұмыс жүйесі қашықтықтан жүргізілген себептен, көбіне электронды материалмен жұмыс жүргізіп, көп мағлұмат меңгердім. Сабақ беру барысында студенттерге әр апта сайын сайтқа тапсырмалар жүктеп, бағаладым. Сонымен қатар тәжірибелік, дәріс сабақтарының материалдарын жүктедім. Қосымша: гиперссылка, тест, викторина, презентация, бейнематериалдар жүктелді.
2. Жеке жоспарға сәйкестігі . Практика барысында, практика жетекшісі басшылығымен тәжірибелік жоспар құрылған болатын. Педагогикалық практика бағдарламасымен, оның мақсат міндеттерімен танысу жоспар бойынша алғашқы қадам болды. Белгіленген пән бойынша оның бағдарламасы мен мазмұнымен, сабақ өткізетін оқу тобымен танысу 2-кезекте болды. Жоспар бойынша қойылғандай, педагогикалық бақылаулар күнделікке жазылып отырды, сабақтардың жұмыс конспектілері жоспар бойынша 3-кезекте тұрды.Кафедраның жетекші педагогтарының сабақтарына қатысу және талдау жасау жоспарды алғышарты саналды. Осылайша, жеке жоспар орындалды деп толық айта аламыз.
3. Орындалған жұмыс бойынша Өзін-өзі бағалау (қиындықтар, үміттерге сәйкес келу, жетістіктер) .Студенттер жоғары деңгейді білімді игеруі үшін толық материалдарды қарастырдым. Сызбанұсқа, видеожазбалар арқылы студенттердің қызығушылығын оятып, сабақты жоғары деңгейде өткізе алдым деп ойлаймын.
4. Практиканы өткізу бойынша ұсыныстар. Сабақ онлайн жүргізілгендіктен, карантин режиміне сәйкес, қашықтықта оқытылғанымен, барлық сабақтар тек тәжірибелік түрде ғана өтеді. Ал, сапалы білім алу үшін, ол жеткіліксіз. Ұсыныс ретінде айтарым, тек қана тәжірибелік емес, сабаққа практика жүзінде де сабақ өткізілсе деймін. Тікелей эфир арқылы, мысалғы, біздің мамандықты алатын болсам, лабораториялық жұмыстарды, немесе шаруа қожалықтарындағы селекция т.б жұмыстарды онлайн көрсету мүмкіндігі. Сол кезде, әйтеуір бір түсінік қалыптасатынына сенімдімін. Себебі, бұл студенттер екінші ғана курста оқиды.
Магистрлік бағдарлама басшысының қолы.