Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Қарым-қатынас функциялары



Pdf көрінісі
бет106/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#142926
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   127
Байланысты:
конспект лекции (1)

Қарым-қатынас функциялары

 
Ынтымақтастық.
Қарым-қатынаста орынды (рационалды) эмоцио-налды және еріктік 
өзара әсер етулер және индивидтердің өзара әрекеттері жүзеге асырылады және көңіл-
күйдің, ойдың, көзқарас-тың жалпылығы қалыптасады, өзара түсінушілік туындайды, 


92 
манера, әдет, мінез-құлық стилі меңгеріледі, топтық және ұжымдық іс-әрекетті сипаттайтын 
бірлік пен ынтымақтастық құрылады.

 
Қалыптастырушы. 
Қарым-қатынас жеке тұлғаның жағымды жағының ашылуы, санасының 
және өзіндік санасының қалыптасуы, оның дамуының стимуляторы: басқа адамдармен 
қарым-қатынасқа түсе отырып, өзіне басқалардың қатынасын саралай келе, адам өз бойында 
өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілікті байқайды және осы қажеттілікті өзін-өзі тәрбиелеу 
процесінде жүзеге асырады. 

 
Дамытушы. 
Қарым-қатынаста байқалатын «жұқтырудың» әлеу-меттік-психологиялық 
механизмі мен еліктеу, адам идеалындағы сапа, қасиеттерімен қоса бейнені 
қалыптастыруға ықпал етеді – бұл өзін-өзі дамытуға деген үлкен стимул!

 
Танымдық. 
Қарым-қатынас қоршаған ортаны тану мен түрлендіру процесі жүзеге 
асырылатын бірлескен шығармашылықтың формасы. 

 
Мәліметтік. 
Қарым-қатынас мәлімет (дерек) көзі және ақпарат арнасы: қарым-қатынас 
процесінде (коммуникация) адам фактілерді, түсініктерді, идеяларды ғана емес, онда құнды 
қатынастар, қызығушылықтар, көңіл-күй, сезім де меңгеріліп, тасымалданады. 

 
Ұйымдастырушылық. 
Қарым-қатынас – адамды тәрбиелеу үшін жағдай тудырады: 
тәрбие өнері ең алдымен – қарым-қатынас өнері деп педагогтар әділ пікір айтады, қарым-
қатынаста жеке тұлғаның өзінің әлеуметтік рөлін, ұйымдастырушылық және серіктік 
(партнер) сапаларын жүзеге асыруға деген ұмтылысы орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет