Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Тәрбие мен оқыту – бала психикасын дамытуға қажетті жалпыға бірдей форма; 



Pdf көрінісі
бет42/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#142926
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   127
Байланысты:
конспект лекции (1)

 
Тәрбие мен оқыту – бала психикасын дамытуға қажетті жалпыға бірдей форма;

 
Интеллектуалдық даму кезеңдері мен олардың психологиялық ерекшеліктері 
нәтижесінде индивид қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдау құралдары мен оны 
ұйымдастыру жүйесін меңгереді. Ойлау әрекетінің барлық формалары мен 
ерекшеліктерінің қарым-қатынас процесінде меңгерілетін объективті қоғамдық талапқа 
сәйкес үлгілері болады.
 
6

Л.С. Выготскийдің оқыту және дамыту концепциясы
 
Л.С.Выготский (1896 - 1934) бала психикасы дамуының заңдары қатарын 
қалыптастырды:

 
Бала дамуының өзіне тән ритмі және темпі болады
, ол бала өмірінің әрбір жылдарында 
өзгеріске ұшырайды (нәрестелік кездегі бір жыл жеткіншектік кезеңдегі бір жылға тең 
емес);

 
Даму бұл сапалы өзгерістердің тізбегі
және бала психикасының ересектер психикасынан 
сапалы негізде өзгешелігі бар; 

 
Бала дамуының біркелкі дамымау заңы
: бала психикасының әрбір жағының өзіне тән 
қолайлы даму кезеңдері бар; 

 
Жоғары психикалық функциялардың
даму заңы.

Жоғары
психикалық функциялардың басты ерекшеліктері: 
жанамалығы, саналы түрде 
меңгеруі, еркіндік, жүйелілік
; олар қоғамның тарихи дамуы барысында пайда болған 


37 
арнайы құралдарды меңгеру процесінде өмір бойында қалыптасады; жоғары психикалық 
функция дамуы оқыту процесінде, берілген үлгілерді меңгеру процесінде жүзеге асады.
Бұл теорияның 
ерекшелігі
сол бала айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауда 
тарихи тәжірибелерді, тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тәрбие 
өнегесінен жанамалай үйренеді. Осылайша бала өзінің дербестігін, жеке басының 
психикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан 
мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары функция, 
яғни болмыстың бала санасындағы бейнеленуі деп аталады.
Бала басынан кешірген әрқилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар ретінде танып-
біліп, олардың мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады, яғни мұндай процесс 
баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен пайымдап білуін 
қалыптастырады. Дамудың осы жолы Л.С.Выготский пікірінше 
материалдық 
(заттық) 
дүние жоғары психикалық функция арқылы 
мәдени факторға
(оның бейнесін) айналады. 
Ішкі процестердің бәрі сыртқы әсерлер (экстериоризация) нәтижесінде пайда болып, 
қайтадан ішкі процестерге (интериоризацияға) айналады. Психикалық құбылыстардың 
пайда болуы туралы осы пікір баланың мәдени дамуындағы кез келген қызметтің сыртқы 
көрінісінің байқалуы екі түрлі бағытта анық байқалады. 
Оның бірі – әлеуметтік сипатта, екіншісі – психологиялық сипатта. 

Адам психикасының мәдени-тарихи дамуы

Мәдени-тарихи теория туралы жүйе, 
біріншіден
, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік 
бейнесі қоғамның даму дәрежесіне; 
екіншіден
даму деңгейі сол әлеуметтік өрістің 
заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді, 
үшіншіден
, адамның жарық дүниеге келуінен 
өмірдің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір 
тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінез-құлық бейнесіне, яки бүкіл жан дүниесінің өзгеріп 
өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіп отыратын тарихи фактор ретінде қарастырылады. 

Баланың дамуы
биологиялық
заңдарға емес, 
қоғамдық-тарихи
заңдарға тәуелді, демек 
баланың дамуы мен өсіп жетілуі, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының 
жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға, іс-әрекет тәсілдеріне 
байланысты.
Адамның дамуының қозғаушы күші – 
оқыту болып
табылады. Бірақ оқыту дамумен 
бірдей емес, ол жақын арадағы даму аймағын туындатады, басында тек ересектердің
қатысымен және дос-жолдастарының ынтымақтасуымен мүмкін болатын, бірақ дамудың 
барлық ішкі жолдарына өтіп баланың өзінің жетістігіне айналатын дамудың ішкі 
процестерін қозғалысқа келтіреді.

Бала дамуының жақын арадағы аймағы
– баланың 
белсенді даму 
деңгейі мен 
ересектердің қатысуымен жүретін оның
 мүмкіндігінше
даму 
деңгейі арасындағы аралық

«дамудың жақын арадағы аймағы пісіп жетілмеген, бірақ жетілу процесі үстіндегі 
функцияларды анықтайды; ертеңгі күнгі ақыл-ой дамуын сипаттайды». Дамудың жақын 
арадағы аймағының феномені баланың ақыл-ойын дамытуда оқыту рөлінің маңызды 
екендігін дәлелдейді (Л.С.Выготский). 

Адам санасы – жеке процестердің бірігуі емес, оның жүйесі, олардың құрылымы. Ерте 
балалық шақта
сана
орталығында – қабылдау болса, мектепке дейінгі шақта – ес, 
мектептегі кезде – ойлау болады. Ал қалған психикалық процестер әрбір жаста санадағы 
доминантты функциялар әсерінен дамиды. Психикалық даму процесі мәндік 
құрылымның өзгерісімен яки дамудың қорытындылау кезеңдерімен байланыстырылған 
сананың жүйелі құрылымын қайта құрудан тұрады.
Санаға тек сөз арқылы ғана енуге болады және сана құрылымының біреуінен екіншісіне 
өту қорытынды сөздің дамуына байланысты жүзеге асырылады.
Қорытындылауды қалыптастыра отырып, демек оны жоғарғы деңгейге жеткізуде, 
оқыту 
бүкіл сананың жүйесін қайта құруға қабілетті
(«...оқытудағы бір қадам дамудағы жүз 
қадамды беруі мүмкін»).


38 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет