Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері



Pdf көрінісі
бет93/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#142926
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   127
Байланысты:
конспект лекции (1)

 
денсаулық жағдайы; 

 
мамандық әлемі туралы ақпарат алу. 
Әлеуметтік мінездеме

 
әлеуметтік орта; 

 
үй-тұрмыс жағдайы; 

 
ата-анасының білім деңгейі.
3
. Д
.Сьюпери бойынша кәсіби жол кезеңдері
:
зерттеушіні индивидтің бейімділігі мен қабілетін анықтау, кәсіби «Мен» концепциясын 
белсендіретін өзіне тиесілі мамандықты іздеу қызықтырған. 

 
І - 
даму кезеңі
(туғаннан 14 жасқа дейін). Балалық шақта «Мен» – концепциясы дами 
бастайды. Балалар ойын кезінде өздеріне не ұнайды, неменеге икемді екендіктерін әр 
түрлі рөлдерді ойнай отырып анықтайды. Оларда болашақ кәсіби карьераға әсер ететін 
қызығушылықтар байқалады. 

 
ІІ - 
зерттеу кезеңі 
(15 жастан 24 жасқа дейін). Қыздар мен бозбалалар өз қажеттіліктерін, 
қызығушылықтарын, қабілетін, құндылықтары мен мүмкіндіктерін анықтап, түсінуге 
ұмтылады. Осындай өзіндік саралауды негізге ала отырып олар кәсіби карьераның 
мүмкін варианттарын қарастырады. 

 
ІІІ - 
карьераны жеңілдету
кезеңі
(25 жастан 44 жасқа дейін). Қызметкерлер таңдап алған 
іс-әрекеттерінде берік орын алуға тырысады. Еңбек етудің алғашқы кезеңінде жұмыс 
орнын немесе мамандықты өзгертуі мүмкін, бірақ осы кезеңнің екінші жарты-сында 
таңдап алған мамандығын сақтап қалу тенденциясы байқалады. Адамның еңбек ету 
биографиясында осы жылдар шығармашыл жылдар болып табылады. 

 
IV - 
жеткен жетістікті сақтау кезеңі
(45 жастан 65 жасқа дейін). Қызметкерлер 
алдыңғы кезеңде жеткен дәрежені сақтап қалуға тырысады. 

 
V - 
құлдырау кезеңі
(65 жастан кейін). Дене және ақыл-ой күші төмендей бастайды. Еңбек 
әрекеті тоқтайды. 

 
Хейверхерст бойынша кәсіби жол кезеңдері: 
Адамдарға толыққанды қызмет етуге мүмкіндік беретін әрекетті құру мен еңбек 
дағдысын игеру кәсіби жол кезеңдерін анықтау критерийлері болып табылады. 
1. 
Жұмысшылармен (қызметкерлермен) теңестіру
(5 жастан 10 жасқа дейін) кезеңі. 
Балалар өздерінің жұмыс істейтін әке-шешелерімен теңестіріледі және болашақта жұмыс 
істеуге деген ниет «Мен» -концепциясының бір бөлігіне айналады. 
2. 
Негізгі еңбек дағдысын игеру мен еңбек сүйгіштікті қалыптастыру
(10 жастан 15 жасқа 
дейін) кезеңі. Оқушылар әр түрлі міндеттерді шешуде өз уақыттары мен күш қуатын 
дұрыс ұйымдастыруды үйренеді. Мысалы үй тапсырмасын орындау немесе үйдегі 
жұмыс. Олар: алдымен – жұмыс, одан кейін – ойын принципі бойынша жүре бастайды. 
3. 
Нақты кәсіби бірегейлікке (идентичность) ие болу
(15 жастан 25 жасқа дейін) кезеңі. 
Адам мамандық таңдап сол мамандыққа өзін даярлай бастайды. Ол таңдау мен карьераны 
бастауға көмектесетін белгілі еңбек тәжірибесін жинақтайды.
4. 
Кәсіби маманның қалыптасу 
(25 жастан 45 жасқа дейін) кезеңі. Ересектер өзінің кәсіби 
қабілеттілігі мен мүмкіндік шеңберіндегі шеберлікті жетілдіре отырып қызмет 
баспалдағында жоғары өрлей бастайды.
5. 
Қоғам игілігі үшін жұмыс жасау
(40 жастан 70 жасқа дейін) кезеңі. Жұмысшы-
қызметкерлер өз кәсіби карьерасының шыңына жетеді. Олар өзінің азаматтылығы мен 
әлеуметтік жауапкершілігі туралы ойлана бастайды және күштерін қоғам алдындағы 
міндеттерін орындауға жұмсайды. 


83 
6. 
Кәсіби әрекеттің жемісті (нәтижелі) кезеңі туралы толғану
(70 жастан кейін). 
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін адамдар кәсіби жүріп өткен жолын ой елегінен өткізіп, 
ондағы жеткен жетістікте-рін қанағаттана отырып есіне алады.

Кәсіптенген маман дамуының негізгі фазалары (Е.А.Климов бойынша) 

 
Оптант
(оптант, оптация фазасы). Адам мамандық таңдауға қам жеген кейіп танытады. 
Бұл фазаның нақты уақыттық шекарасы басқа фазалар сияқты жоқ, өйткені олар тіршілік 
жағдайы мен мәдениеттің дамуымен байланыстырылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет