Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


-топ : Кең спектрдегі коммуникативті міндеттерді шешу. Психологиялық қауіпті  болдырмау, жою.  5-топ



Pdf көрінісі
бет99/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#142926
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   127
Байланысты:
конспект лекции (1)

4-топ
: Кең спектрдегі коммуникативті міндеттерді шешу. Психологиялық қауіпті 
болдырмау, жою. 
5-топ
: Жоғары дәрежедегі қарым-қатынас тудыратын жолдарды іздестіру, қолдану. Оған 
мыналар жатады: қарым-қатынаста басқаның позициясын түсіну іскерлігі, оған деген 
қызығушылықты арттыру, оқушыны дамытуға бағыт, мінез-құлық бойынша оқушының 
ішкі жағдайын түсіну (мимика, жест), өзін оқушының орнына қоя білу («децентрация»); 
сенімді, жайлы атмосфера қалыптастыру, басқарудың демократиялық стилінің 
басымдығы; оқушыны мақтауға, кешірім сұрауға дайын болу, оқушының сөзін бөлмеу, 
оқушының қарым-қатынастық әрекетінен қорықпау; көпшілік алдында сөз сөйлей білу. 


87 
6-топ
: Кәсіби позициясын сақтай алу іскерлігі, яғни өз кәсібінің мәнділігін түсінетін, 
оның әлеуметтік және жалпы адамзаттық құндылығы жолында қиындықтарға төтеп бере 
алуға қабілеті; өзінің педагогикалық қабілеттерін, олардың перцептивтік (басқа адамды 
түсіну және зерттеу, оның көзқарасымен қарау) және басқару (оқушының тек мінез-
құлқы мен қылықтарына ғана емес, сондай-ақ оның түрткілеріне, мақсаттарына әсер ету) 
компоненттерін қамти отырып жүзеге асыру және дамыту; өзінің эмоционалдық күйін 
басқару; өзінің және оқушылардың позитивті мүмкіндіктерін қабылдау және осылайша 
өзінің «Мен»-тұжырымдамасын нығайтуға ықпал ету; еңбек эталондарын меңгеру 
(педагогикалық шеберлік); шығармашылық ізденісті іске асыру.
7-топ
: Кәсіби дамуды сезіне алу іскерлігі, өзінің жеке бас стилін анықтау, күшті 
жақтарын нығайту, әлсіз жақтарын ығыстыру, жаңалық енгізуге ізденіс, новаторлық 
деңгейге өте білу. 
8-топ
: Оқу жылының басы мен аяғында оқушының білім деңгейіне сипаттама бере алу; 
өзін-өзі тексеру, бағалау; дағдылану, оқыту көрсеткіштерін табу (оқушыға көмек көлемі, 
үлгермеушілік себептерін ашу, жеке және жалпылай әсер ету), кезеңдерге сай оқудың 
және оқытудың компоненттерін даярлау; өз бетімен білім алуға, үзіліссіз білім алуға 
дайындықты ынталандыру. 
9-топ
: Оқушының тәрбиелілігін мұғалімнің бағалау іскерлігі; мінез-құлық арқылы 
оқушының адамгершілік нормасы мен көзқарасын болжау. Әлсіз дамыған мінез 
көріністерін дамытуға жағдай жасау (мысалы, белсенділікті арттыру, алаңдаушылық 
коэффициентін төмендету, лидерлікке жетуге жағдай жасау). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет