Педагогикалық шеберлік пәні және оны оқытудың қажеттілігі



бет1/2
Дата06.04.2023
өлшемі22,5 Kb.
#80050
  1   2

1-ші дәріс. Педагогикалық шеберлік пәні және оны оқытудың қажеттілігі.
1. Педагогикалық шеберлік пәнін оқыту мақсаты, міндеттері, зерттеу объектісі, пәні.
2. Қазіргі кезде мҧғалімге қойылатын талаптар.
3. Педагогикалық шеберлікті зерттеген ғалымдар.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, темір балқытқан жҧмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін тӛккен шопан да, кӛк кҥмбезінен әрі ӛткен ғарышкер де бәрі-бәрі ҧстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ҧлағатты ҧстаз болу- қҧрметті де абыройлы іс. Жоғары дәрежеде ӛз қызметін атқару ҧстаздан шебер болуды қажет етеді. Сондықтан, болашақ мамандардың бойында мҧғалімдік қызметке қажетті білім, іскерлік, дағдылар қалыптасып, кәсіби қызметтің қырын, сырын ҧғынуға қажеттілік болуы тиіс. Ондай қажеттіліктің орындалуына «Педагогикалық шеберлік » деген пәнді оқыту ӛзінің оң ықпалын тигізеді.


Бҧл пән бірінші рет 1979 жылы Полтава педагогикалық институтында енгізілген, кейін бағдарламасы жасалып барлық педагогикалық институттарда оқытыла бастады.
Пәнді оқыту мақсаты -жас маманның бойында оқыту мен тәрбиелеудің, ӛзін-ӛзі жетілдірудің ӛнерін ҥнемі жетілдіріп отырудың қажетілігін қалыптастыру арқылы мамандықты терең меңгеруге мҥмкіндік туғызу.
Пәнді оқыту міндеттері:
- педагогикалық шеберлік мазмҧнын тҥсіну;
- педагогикалық қызметтің мазмҧнын ашу;
- педагогикалық мамандықтың перспективасын кӛрсету;
- жаңашыл педагогтар идеясын, оқыту формаларын пайдалану.


Педагогикалық шеберлік-мҧғалімнің оқу-тәрбие әрекетін шебер ҧйымдастыру, жетілдіру арқылы жеке тҧлғаның кӛзқарасын және қабілеттерін жан-жақты дамыту мақсатындағы кәсіби іскерлігі.
Педагогикалық шеберлік пәнінің зерттеу объектісі-педагогтың шеберлікке жету барысындағы кәсіби даму, жетілу ҥрдісі.
Зерттеу пәні- педагогтың кәсіби шеберлігінің қалыптасу жолдары, әдістері.
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртҧтас әрі жҥйелі тҥсінік «педагогикалық шеберлік» болып саналады. Орыс тілінің сӛздігінде «шеберлік белгілі бір саладағы ӛнер деп анықтама берілген, ал шебер ӛз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман» делінген (С.И.Ожегов 1990).

Педагогикалық шеберлік кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің жоғары деңгейде ҧйымдастырылуын білдіреді, ол аз уақыт ішінде оптималды нәтижеге жетуге мҥмкіндік береді.


Ӛз дамуында педагогикалық шеберлік ҥш деңгейден ӛтеді.
1.Педагогикалық кәсібилік.
2.Педагогикалық шеберлік.
3.Педагогикалық жаңашылдық.
Бҧл аталған педагогтық шеберлік жҥйелері бір-бірімен тығыз байланыста жҥзеге асырылады. Осы жетекші компонеттер педагогтың кәсіби шеберлігінің негізі болып табылады. Бҧл компоненттер педагогикалық шеберліктің ҥш деңгейінде кездеседі, бірақ кӛріну дәрежесі әр тҥрлі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет