Тәрбие беретін оқыту түрі (білім беру арқылы оқушының бойына тәрбие құйып жатқанын ұмытпау)
|
|
Ескерту: 1-кестедегі мәліметтердің дереккөзі [6;35].
|
Ұстанымдарды сақтай отырып білім берудің маңызы қандай? Жоғарыда аталған барлық ұстанымдар білім алушыға дұрыс тәрбие беру мен оның ойлау қабілетін, қабылдау қабілетін, білімді қорытындылай алу қабілетін дамытуға бағытталады. Демек, педагогтың кәсіби қызметінде ұстаным маңызды рөл атқарады. Ол педагогикалық мақсатқа және бағдарламаға қарай қажетті мазмұнды таңдап алуда және тиімді тәсілдер, құралдар, әдістерді пайдалана білуінде болып табылады.
Қазір білім беру – білім алушының адамгершілік, мәдени, кәсіби сонымен қатар интеллектуалдық деңгейін қамтамасыз етуге бағыттайтын тәрбие және оқытудың үздіксіз үдерісі екені белгілі. Білімгерлердің білім сапасын арттыру, қабілеттерін және шығармашылық белсенділіктерін дамыту үшін пәндерді оқытудағы педагогтың педагогикалық ұстанымын дұрыс таңдай білуі қазіргі таңда алдыңғы орында тұрған өзекті мәселелердің бірі.
Қазіргі заманғы педагогикалық ғылымда жаңа педагогикалық технологияларды енгізуге, оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаға бағытталған тәсілге, тәрбие үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруға бағытталған мұғалімнің шығармашылық ізденіс қызметіне баса назар аударылады. Қазіргі мұғалім педагогикалық зерттеулермен тығыз байланысты шығармашылық ізденісті меңгеруі керек.
Қазіргі заманғы педагог ұстанымының құрамында бірнеше компоненттер бар, оларсыз педагогикалық іс-әрекет өзінің даму әлеуетін жоғалтады:
оң ынталандыру
даму жағдайларын жасау
бастамаларды қолдау
өмірді жобалау
рефлексия мен өзін-өзі бағалаудың қажеттілігін қалыптастыру.
білім беру саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру
Педагогикалық ұстанымда көздеген мақсат іске асу үшін оның тыңғылықты ойластырылуын қадағалауымыз қажет.
Педагогтың жеке тұлға және маман ретінде дамуына ықпал ету мәселесін жеке қарауды талап етеді. Осыған орай, мақаланың негізгі міндеті де қазіргі мұғалімнің кәсіби қызметінің құрылымындағы педагогикалық ұстанымдары мен рөлін анықтау болып табылады.
Қазақтың ұлы педагогтарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы: «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деп бекер айтпаған. Әр мұғалім өз оқушысының болашағы жарқын болуы үшін ең алдымен өзінің педагогикалық ұстанымдары мен көзқарастарын жүйелеп алуы керек. Себебі ұстаздың ұстанымы шәкірттің білімді дұрыс алуына тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |