Педагогикалық такт – бала тәрбиелеудегі маңызы



Дата30.12.2023
өлшемі16,66 Kb.
#145099
Байланысты:
Педагогикалық такт – бала тәрбиелеудегі маңызы


Педагогикалық такт – бала тәрбиелеудегі маңызы.
Педагогикалық такт мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды да тәрбиелеуде маңызды қызмет атқарады. Әсіресе жасы 14-15-тегі жас өспірімдермен қарым-қатынас жасағанда педагог өз жұмысында мейлінше ұқыпты болуы, тәрбиелік әдістерді догма ретінде емес, нақтылы педагогикалық ситуацияларға қарай өзгеріп отыратын динамикалық табиғаты бар құралдар ретінде пайдалануы абзал. Жас өспірімдерді тәрбиелеу ісінде жіберілген болмашы қателіктің өзі күрделі сәтсіздіктерге әкеліп соғуы мүмкін. Төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеу үшін көбінесе жігерлілік, инициативтілік керек болса, жоғары сыныптардағы тәрбиелеу ісі мұғалімнің асқан шеберлігі мен ұстамдылығын, оның ұстаздық даналығын талап етеді.
Педагогикалық такт тек оқушымен дұрыс қатынас жасау ғана емес, сол қатынастың тиімді жақтарын табу, ал ол жолдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, бала мінезінің әр түрлілігіне қарай, тіпті бір сыныптағы оқушылардың әрқайсысының жалпы үлгерімі мен тәртібінің ерекшеліктеріне қарай, әр уақытта да өзгеріп отыруға тиіс. Осыған сәйкес мұғалім өзінің оқушылармен қарым-қатынасын сәйкестендіруі, нақтылы жағдайға байланысты қатынастардың жаңа түрін табуы – міне, осылардың барлығы мұғалімнің педагогикалық тактісінің көрсеткіші болып табылады.
Педагогикалық тактінің ең негізгі компонеттерінің бірі- оқушының ұжданы мен абыройын сақтай білу, оның психолгиялық көңіл күйін байқау, соған байланысты қатынас жасау, керек уақытында оқушыға сену және әрбір жағдайға байланысты талапты дұрыс қоя білу т.б.
Педагогикалық тактінің ішінде ең бір негізгі орын алатын мәселе – оқушының еріктілігіне шек қоймай, оған, өз мүмкіншілігінше, қабілетін дамытуға жағдай туғызып, көмектесу болып есептеледі. Педагогтің ең негізгі мақсатының бірі — әрбір баланың ерекшелігін, қайталанбайтын өзіндік жақтарын байқап, оның дамуына қазіргі педагогикалық ғылымның жетістіктерін қолданып жағдай жасау. Ал , бұл сияқты күрделі де құрметті жұмысты іске асыруда педагогикалық тактіні сақтай білудің ерекше маңызы бар.
Республикамыздағы педагогика мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер мен көптеген әдістемелік материалдарда, сондай-ақ мектептердің жұмыс тәжірибелеріне талдау жасағанда педагогикалық тактіні бұзушылық көбінесе мынадай түрде кездесетінін байқауға болады. Кейбір оқытушы балаға шектен тыс қатаңдық білдіреді, әрбір адамға өзінен-өзі белгілі ережелер мен нормаларды қайталап, өз беделін оқушылардың алдында тез түсіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет