Педагогикалық вуздарда математикалық ашық мәселелерді шешуге оқытудың педагог- математикті даярлаудағы рөлі



бет2/5
Дата07.12.2022
өлшемі29,88 Kb.
#55566
1   2   3   4   5
Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда тиімді қоғам құрудың басты
міндеттерінің бірі білім беру жүйесін жаңғырту болып есептеледі.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында: «Әрбір қазақстандық білім - болашақтағы табыстың ең іргелі факторы екенін түсінуі тиіс... Жастардың басымдықтары жүйесінде білім беру бірінші орында тұруы тиіс.Егер құндылықтар жүйесінде білім басты құндылыққа айналса, онда ұлт табысты болады» [1].
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде өскелең жастарды тәрбиелеудің жаңартылған білім беру мазмұнының кейбір мақсаттарының бірі әрбір адамның талантын, көшбасшылық қасиеттерін және интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамытуға
кепілдік беретін ақпараттық мәдениетті, сондай-ақ мотивациялық кеңістікті қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты осы бағытты іске асырудың тетігі білім беру бағдарламаларына ғылыми инновацияларды,цифрлық технологияларды, жаңа әдістемелерді, математикалық модельдеуді енгізу болып табылады [2].
Орта мектепте білім беру процесінде математикалық ашық мәселелерді шешуді оқытудың әдістемелік негіздерінің жеткіліксіз әзірленуі мен оқушылардың математикадан есептерді, заманауи әдістемелерін әзірлеудің қажеттілігі біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Математикалық ашық мәселелерді жоғарғы оқу орнында шығаруға үйрету» деп алуымызға себеп болды.
Қазақстандық мектептерге орта білім беруде жаңартылған білім беру мазмұнының енгізуге байланысты ЖОО-да болашақ математика мұғалімдерін әдістемелік даярлығын жетілдіру мәселесі өзекті болып отыр. Себебі,педагогикалық ЖОО-да математикалық пәндерді оқытуда бірқатар қиындықтар бар,бұл мәселе диссертациялық зерттеуде талқыланады.
Қазақстандық мектептің жаңартылған білім беру мазмұнына көшудің тиімділігі педагогтардың инновациялық процесстердің негізгі идеяларын түсіну деңгейіне және осы өзгерістерді іске асыру дайындығына байланысты. Олай болса, болашақ педагогтарды, атап айтқанда математика пәндерінің оқытушыларын даярлау жүйесінің жауапкершілік шаралары ұлғаюда. Жоғары оқу орындарының рөлі орта білім берудегі жаңартылған білім беру мазмұнына жедел ден қоюдан тұрады.
ЖОО-да болашақ математика мұғалімдерін даярлау проблемасының бірі жаңа форматтағы мұғалімдерді даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеу болып табылады. Болашақ математика мұғалімдерін даярлау мәселелері қазіргі таңда өте 
маңызды. Цифрлық білім беру технологиялары мен ғылыми әдістердің біздің адамзат өміріміздің барлық салаларына және барлық мамандықтарға кеңінен енуі мектепте оқытудың жалпы деңгейін арттыруды талап етті.  Жоғарыда тұжырымдалған қарама-қайшылықтар орта мектепте оқушыларды математикалық ашық мәселелерді шешуді оқытудың теориялық-әдістемелік негіздемесі ретінде зерттеу мәселесін анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет