Педагогикалық зерттеудің Әдіснамалық негіздері мен әдістері


Педагогтың әдіснамалық мәдениеті



бет2/35
Дата25.03.2023
өлшемі213,6 Kb.
#76065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Педагогтың әдіснамалық мәдениеті.Педагогтің әдіснамалық мәдениетінің құрамы мыналарды қамтиды: әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми әрекетін талдау қабілеті), ғылыми негіздеуге қабілеті, сыни талқылауға және нақты тұжырымдамаларды, танымның, басқа-рудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен пайдалануға қабілеттілік.
Әдіснамалық мәдениеттің жетекші компонентіәдіснамалықрефлексияболыптабылады, олзерттеушіге өзінің ғылыми жұмысын талдап, жетілдіруге, ал ЖОО оқытушысына болашақ зерттеушілерді даярлауды заманауи ғылым деңгейінде жүзеге асыруға мүмкіндік бе-реді. Педагогикалық зерттеулердің сапасын арттыру үшін екі бағытта әрекет қажет: әдіснамалық білім бар ғылым саласын жетілдіру және осындай білімдерді педагог-зерттеушілерді даярлаудың мазмұнына ен-гізу. Зерттеушінің әдіснамалық рефлексиясының мазмұны зерт-теу сапасын бағалауға мүмкіндік беретін педагогикалық зерттеудің ке-лесідей сипаттарында көрінеді: мәселе, тақырып, өзектілік, зерттеу нысаны, оның пәні, мақсаты, міндеттері, болжам, жаңалық, ғылым үшін маңыздылығы, тәжірибе үшін маңыздылығы.


Әдіснамалық мәдениет – бұл жалпы ғылыми іргелі білімділік, әдіснамалық білімді меңгерген, оқу–зерттеу әрекетіндегі шығармашы-лық, өзін-өзі дамытуға құндылық бағдарлар жүйесі, тұлғаның тұтас, біріккен сипаттамасы. Педагогтың әдіснамалық мәдениетінің мазмұнынапедагогикалық құрылымы мен әрекеттері туралы білім енеді.
- жалпы ғылымилық мазмұндағы негізгі, іргелі педагогикалық теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар; педагогикалық зерттеулердің әдістері мен логикасы туралы білім;
- тәжірибені жетілдіру үшін алған білімді пайдалану әдістері туралы білім.
2.2.Педагогика әдіснамасының деңгейлері. Ғылыми танымда әдіснамалық талдаудың әр түрлі деңгейлері көрсетіледі. Әдебиеттерде әдіснамалық талдау үдерісі төрт деңгейлік иерархия түрінде беріледі:
1) философиялық әдіснама, яғни, таным мен жалпы ғылымның категориялық құрылымы негізінде педагогикалық зерттеу мәнін, оның әдіснамалық іргетасын білдіретін және белгілі бір әлем сипаты тұр-ғысынан педагогикалық зерттеу нәтижелерінің танымал түсіндірмесіне қатысты жалпы қағидалар жатады;
2) жалпы ғылымилық әдіснама, жалпы ғылымилық қағидалар мен зерттеу формаларын қамтиды (жүйелілік, кибернетикалық, кешен-ді, бағдарламалы-мақсаттық секілді жалпы ғылымилық әдістер, идеал-дау, модельдеу секілді жалпы ғылыми рәсімдер мен тәсілдер және т.б қатысады). Жалпы ғылымилық әдіснама ұстанымдық-бағыттаушы қызметті атқарады. Себебі, дәл осы кезеңде зерттеудің ұстанымдық бағыты анықталады, оның стратегиясы, нысаны мен пәнін анықтаудың әдістері қарастырылады.
3) нақты ғылымилық әдіснамапедагогика ғылымының зерттеу әдістері, зерттеу қағидасы мен рәсімдерінің жиынтығынан тұрады. Ол реттеуші қызметті атқара отырып, бір бірімен нақты зерттеулердің ерекшеліктерімен сәйкес байланысатын педагогика әдістері мен аралас ғылымдарға қажетті жиынтықты құруға мүмкіндік бере отырып, соны-мен қатар, педагогикалық зерттеу барысында бір мәнді түсінуге қажет-ті психология, әлеуметтану және т.б ғылымдардың және педагогика-ның ұғымдық-түсініктік аппараттының бірегейлігін қамтамасыз етеді;
4) зерттеудің әдістемесі және техникасы (технология), яғни, бір сипатты және шынайы эмпирикалық материал жинап, оны алғаш-қы талдау үшін қажетті болатын рәсімдері жиынтығы. Оның басты қызметі – құралдық немесе құралдық–технологиялық. Аталған деңгей-дің қызметтерінің дұрыс жүзеге асырылуына сай жеке педагогикалық зерттеулердің нәтижесі мен жалпы, барлық педагогикалық ғылымдар-дың нәтижелері қалыптасады.
Философиялық білімдер педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді. Ол педагогикалық теория жасау үшін қажет, өйткені, теориялық зерттеу тәжірибемен, педагогикалық шынайы болмыспен жалпылама байланыста да, ал философиямен тікелей байланысты.
Ғылыми-педагогикалық зерттеуде маңызды рөлді философия-лық категориялар (мән және құбылыс; себеп пен нәтиже; қажеттілік пен кездейсоқтық; мүмкіндік пен шынайылық; мазмұн мен форма; бірегейлік, ерекшелік және жалпылық, т.б), заңдар (қарама–қайшылықтардың күрес заңы; сандық өзгерістердің сапалыққа айналу заңы; терістеуді терістеу заңы), қағидалар (теория мен тәжірбиенің бірлігі қағидасы; зерттелуші мәселеге нақты тарихи және шығармашылық әдіс қағидасы; объективтілік қағидасы; үдеріс пен құбылыстың жан–жақтылығын зерттеу қағидасы) атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет