Педагогикалық зерттеудің Әдіснамалық негіздері мен әдістері



бет5/35
Дата28.09.2022
өлшемі104,04 Kb.
#40673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Педагогикалы зерттеуді діснамалы негіздері мен дістері педа

2.4.Педагогикалық теория.Ғылыми білімнің басты құрамдас бөлігі – теория. Әрине, ғылыми білім – шынайы болмысты тәжіри-белік танудың мәліметтері, зерттеу барысында алынған фактілер, анықталған эмпирикалық заңдылықтар. Бұның бәрінің ғылыми білім-нің құрамдас бөліктері ретінде теория тұтастық қасиетін қалыптас-тырады. Ғылыми теория зерделенетін шынайы болмысқа тән заңды-лықтар мен мәнді байланыстар туралы түсінік беретін білім болып табылады.
Теория білімдерді жүйелеу, зерделенетін нысанның болашағын болжау үшін де қажет. Демек, ол нысанның даму болашағын болтам-дау үшін де керек. Теориясыз түсіну жоқ, сондықтан да түсіну – теорияның стратегиялық миссиясы.
Теорияның маңызды бір қызметі – болжамдау, түсіндіру үлгісі: жалпы тұжырымдаудан кейін феноменді болжайды. Болжамдау бола-шаққа бағдарланған. Педагогикада болжамдау маңызды роль атқара-ды. Білім беру әлемін ұйымдастыру оқушылардың, мұғалімдердің, басқарушылардың іс-әрекетін болжамдаусыз мүмкін емес. Педагогика-да ғылыми педагогикалық алдын-ала болжау жүргізіледі. Білім беру-дегі алдын ала болжауда статистикалық өлшемдер пайдаланылады. Педагогикада ғылыми болжау – логикалық-әдіснамалық рәсім. Білім берудегі құбылыстың қазіргі нақты көрсеткіштері негізінде осы құбылыстың келешегін анықтайды. Педагогикадағы түсіндіру мен болжау ұқсас, тек түсіндіру өткенге, болжау болашаққа бағдарланған.
Түсінудің жалпы теориясы – герменевтика дамуда. Түсіну – әмбебап рәсім. Сипаттау, түсіндіру және болжау ғылыми теорияның қызметтері. Түсіну дегеніміз-құбылысты құндылық арқылы түсіндіру. Түсіндіру – бар нәрсені, ал болжам – не болатынын, түсіну – не болуы керек екенін білдіреді. Ғылымда, оның ішінде педагогикада түсіну ғылым зерттейтін нысандарға, құбылыс пен үдерістерге белгілі бір мән беру. Педагогикада түсіну гуманистік өлшем енгізді. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың жинақталған тә-жірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені қорытындылап, жеке тұлғаның болашақ-та қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды.
Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, соны-мен қатар, ол – осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы тү-рінде құралуының тетігі. Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеу керектігіне бағытталады. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі – бол-мыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі.
Педагогикалық теория дегеніміз-педагогикалық сан алуан құ-былыстарды зерттейтін, бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйе-сі. Педагогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек прак-тикаға ғана қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, педаго-гикалық теория мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет