Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму үдерістерін көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағларламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп беруі, оқушыарды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады. Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тесттердің, емтихандардаң, бақылау жұмыстарының, шығармалардың, эсселердің, жобалардың, суреттердің ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зарттеушіге мектептің іс жүзіндегі іс-әрекетінің шынайылығын анықтауға, себеп-салдарлық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың жұмысын зерттеу.Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы құдаттар арқылы оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасы мен қатынасы, олардың теориялық және практикалық дайындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады.
Зерттеуші оқушылардың жұмысына жан-жақты талдау жасайды. Сабақ процесінде оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің, олардың жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Дәстүрлі педагогикалық әдістерге бақылау, әңгіме, тәжірибе, т.б. жатады. Осылардың кейбіреуіне қысқаша тоқталайық.
Бақылау таным әдісі ретінде эмпириялық деңгейде табиғи жағдайда немесе арнайы ұйымдастырылған жағдайда өткізіледі. Бұл зерттеуші қайшылық процесінде нақта деректер алатын кей пепедагогикалық құбылысты мақсатты түрге бағытталғаның қабылдау. Бақылау алдың ала жоспарланған нақты бақылау нышаны белгіленген түрде жүргізіледі.