Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері


Зерттеу нәтижесінің жаңалылық өлшемдері



бет92/175
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108755
түріСеминар
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   175
Байланысты:
ППЗәәдіснамасы

Зерттеу нәтижесінің жаңалылық өлшемдері




Теориялық жаңашылдық

Практикалық жаңашылдық



Жаңа концепциялар
Болжамдар
Бағыт
Заңдылық
әдістер
классификация
модельдер
оқыту мақсаттары
мен тәрбие
педагогика теориясы мен тарихының мақсаттары
Түсінушілік
Жүйе
Тенденция
өлшемдер
ғылыми дәлелдер



Жаңа әдістер
Ережелер
Алгоритмдер
Бағдарламалар
Оқыту аумағындағы нұсқаулар
Құралдар
Модельдер
Преположения
Талаптар
әдістер
Эмпирикалық дәлелдер


1.2. Зерттеу көкейкестілігі.

Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні- оқу мен тәрбиенің теориясы және практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблеималардың қажеттілігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру.Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.Cондықтан зерттеуде көкейкестілікті жазған кезде ескеру керек:



  • әлеуметтік қоғамға педагогика ғылымынан қажетті тапсырысы

  • практиканың қажеттілігі

  • мәселенің қаншалықты орындалған деңгейі;

  • МОН РК жоспарындағы тапсырысқа берілген іргелі және қолданбалы зерттеулер тақырыптарының мәселелері айқын көрінуі.

1.3.Теориялық маңыздылығы өлшемі.


Зерттеудің теориялық құндылығы ғылыми зерттеу нәтижелерінің болашақта педагогика ғылымының дамытуға қолданылу мүкіндіктерімен орындалады.Зерттеудің теориялық маңыздылығының деңгейлері:

  • жұмыстың жалпы педагогикалық маңыздылық деңгейі, зерттеу нәтижелері педагогиканың барлық аумағын қамтитын, оның жеке пәніне енетін.

  • пәндік маңыздылық деңгейі, жеке педагогикалық пәндердің дамуына қосылатын зертеу нәтижелері.Дидактикасына, тәрбиелеу теориясына,жекелік әдістерге,педагогика тарихына, этнопедагогикаға жаңалықтар енгізу.

  • жалпы мәселелік маңыздылығының өлшемі,педагогика пәндерінің белгілі бір саласындағы зерттелген теориялық зерттеулергеөзгерітер енгізу.

Теориялық маңыздылығы өлшемі – комплексті.
1.4. Практикалық мәнділік өлшемі.

Зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар ,нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.


Практикалық мәнділік көрсеткіштері:

  • зерттеу нәтижесіне қызығушылықтары бар тұтынушылар құрамы мен саны;

  • енгізілген материалдарды шығару (оқулықтар, оқу әдебиеттері);

  • ендіру масштабы: республика мектептерінде.

Іргелі және қолданбалы ғылыми-педагогикалық зерттеулер сапасының өлшемдері:

  • өзектілік;

  • жаңашылдық;

  • теориялық және практикалық маңыздылығы;

  • бөлшектеп іздеу;(эврикалық)

  • болашағы бар;

  • дәлелді;

  • тарихи;

  • сынау;

  • факты бола алатын материалдың толықтылығы;

  • концепциялардың жоспарлану деңгейлері;

  • халықаралық деңгейлілігі;

  • практикада қолданылуы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет