Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері


Психологиялық-педагогикалық диагностикалау



бет150/175
Дата28.09.2022
өлшемі2,12 Mb.
#40599
түріСеминар
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   175
Байланысты:
ППЗәәдіснамасы

Психологиялық-педагогикалық диагностикалау
1. Педагогикалық диагностиканың мәні.
2. Педагогтің диагостикалаудағы міндеттері
3. Баланы зерттеу және оның түрлері
1. Педагогикалық диагностиканың мәні. Психологиялық, педагогикалық сөздіктердеДиагностика – 1. Белгілі мазмұны мен күрделілік деңгейіне қарай қандай да бір әрекетке дайындық деңгейін анықтау процедурасы. 2. Оқу материалын ойдағыдай меңгеруін тексеру жолдарының жиынтығы және процедурасы”. Педагогикалық диагностика – 1. Педагогикалық әрекетінің әлсіз және күшті жағын, қиындығын, оған баға беруге негіз болатын педагогтың кәсіби шеберлігін зерттеу әдістері мен амалдарының жүйесі. 2. Педагогтың жеке тұлғасын зерттеу нәтижесін талдау үдерісі және оның нәтижесінде педагогикалық әрекетін және қарым-қатынасын оңтайландыратын нұсқаулар береді. Психологиялық диагностика – баланың жеке тұлғасының дара ерекшелігін зерттеуде оқыту мен даму проблемаларының пайда болу себептерін, мүмкіндігін анықтау.
2.Тәрбиешінің іс- әрекетінде балалардың жеке тұлғасын зерттеу негізгі орын алады. Педагогтің диагостикалаудағы міндеттері: баланың жалпы даму деңгейін анықтау; бала дамуын диагнотикалауда зерттеу әдістерін үйелсімді қолдануы; диагностикалау нәтижесіне қарай мектепке дейінгі ұйымда білім беру үрдісін жобалау және жоспарлау, жүзеге асыру қажет. Сондықтан баланы диагностикалау үшін зерттеуді үйлесімді ұйымдастыра блілуі шарт. 3. Бұл зерттеу әрбір баланың психикалық дамуын, қарқынын бақылауға, олардың жеке ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға, топпен жұмысты ретке келтіруге және оқу- тәрбие үдерісін ғылыми негізде басқаруға мүмкіндік береді. Балалардың жеке тұлғасын зерттеу жалпы және функционалдық дамуын, психикалық, еңбек және мінез-құлық жағынан даму қиындықтарын анықтау үшін қажет. Бұл психологиялық-педагогикалық түзетуді өз уақытында ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық диагностикада бірнеше кезеңде жүзеге асатын зерттеу жүргізіледі: мәліметтер жинау, қорытындылау.
Мұндай диагностикалық бағыттағы бағдарламаға сәйкес, педагогикалық диагностиканың төмендегі аспектілерін ажыратуға болады:

  1. Зерттеу

  • мәліметтер жинау;

  • салыстыру;

  • түсіндіру;

  • талдау.

  1. Болжау.

Балаларға диагностикалық іс-әрекет нәтижелерін хабарлау. Мектепке дейінгі балалардың оқу материалдарын игеруі, біліктілігі және дағдысының даму деңгейінің диагностикасы мемлекеттік жалыпға міндетті білім беру стандарт негізінде «Танымдық», «Шығармашылық», «Коммуникативті», «Денсаулық сақтау», «Социум» орталықтары бойынша индикаторлармен тексеріліп, негізгі құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейлері зерттеледі. Педагогикалық диагностикалауға балалар түгел қатысуы керек. Педагогикалық бақылауды өткізу әдістемесі. Белгілі мәселеге байланысты бақылау әдісінің алдын ала жоспарын құру. Бақылаушы зерттеу объектісі, шарттары, құралдары, бейне аспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандарын таңдау. Бақылау барысында жинақталған материалдарды тіркеу: күнделік жүргізу, хаттамаға түсіру, стенография жасау, бейнетаспаға, суретке түсіру жүргізу.
Бақылау түрлерін белгілеу. 1) тікелей және жанама;
2) ашық және жабық.

  1. Уақытына қарай: үздіксіз және үздік-үздік, монографиялық, тікелей бақылау .

Әңгімелесудің жоспарын құру. Арнаулы құрастырылған сұрақтар бойынша әңгімелесу жүргізу.

  1. Өзінің сұхбаттасу әдісі арқылы зерттеушісінің сұрақтарын құру.

Сауалнамаа сұрақтары ашық /өз қалауымен еркін сұрақтар беріледі/ және жабық түрлі сұрақтар құрастыру.
Эмпирикалық зерттеу әдістерінің түрлері
Мақсаты: Эмпирикалық зерттеу әдістерінің жекеленген түрлерінің теориясын және оны практикада қолдану әдістемесін меңгерту.


Тест зерттеу әдісі және оның түрлері: үлгерім тестісі, қарапайым біліктілік тестісі, оқу-тәрбие деңгейін диагностикалау тестісі қолданылады.
Зерттеуде жобалау тестерін қолдану. Белгісіз формадағы сия дақтары /Роршах тесті/ қолдану арқылы анықтау.
Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдісі бойынша баланың сурет, мүсіндеу, қол еңбегі, тіл дамыту бақылау жұмыстарының нәтижелерін талдау баланың психикалық үдерінің даму ерекшелегін, білімі, біліктілігін, дағдысын және құзыреттілігінің даму деңгейі туралы қорытынды шығару.
Педагогикалық тәжірибелерді жинақтау және түрлерін анықтау. Педагогикалық басылымдардаға тәжірибелермен танысу.
3. Кестені толтыру

1-кесте. Эмпирикалық зерттеу әдістеріне сипаттама беру





Әдістер

Мазмұндық сипаттама

Бақылау




Эксперимент




Әңгімелесу




2-кесте. Теориялық зерттеу әдістеріне сипаттама





Әдістер

Мазмұндық сипаттама

Идеализация




Формализация




Талдау




Үлгілеу




1.Педагогикалық негізгі зерттеу әдістеріне төмендегідей сипаттама бер:

Р/с

Зерттеу әдістері

Сипаттамасы

Қойылатын талаптары

Күшті және әлсіз жағы

1.

Бақылау әдісі










































































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет