Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері



бет34/175
Дата28.09.2022
өлшемі2,12 Mb.
#40599
түріСеминар
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   175
Байланысты:
ППЗәәдіснамасы

Зерттеудің мақсаты: зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.
Зерттеу міндеттері: зерттеу мақсатының бөлшектенуі, зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады.
Болжам – бұл шынайлылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы. Болжам – (грек сөзі негіз,негіздеу)-фактілер тобына, фактілерге алдын ала түсінік беру немесе әртүрлі эмперикалық білімдерді біртұтас байланыстыру немесе эмперикалық танымдағы қалып қойған ара қашықтықтағы мәселесін ғылыми таным формасында көрсетілген жақсы ойланған болжау толықтырады. Болжам теориямен қатар ғылыми танымда қолданылатын болмыстық көріністің белсенді формасы болып табылады. Болжам мен қорғалатын қағидалар зерттеушінің объектіде анық көрінбейді, басқалар байқамағанда көргені туралы түсінікті ашып көрсетеді.
Болжам - фактілер негізінде объектінің бар екендігі туралы құбылыстардың байланыстары мен себептері туралы тұжырым жасалатын алдын ала болжау, бұл ретте тұжырым толық дәлелденген деп есептеуге болмайды. Болжам шынайы емес, ықтимал білім. Оның шынайлығы мен шынайы еместігі әлі анықталмаған. Болжамның шынайлығы немесе шынайы емес екендігін анықтау – таным үдерісі.
Зерттеудің болжамы – нәтиже оның жүру жолы н көрсететін ғылыми құрылған жлбалау. Ол танымдық іс-әрекетін қабылдау, ғылыми негіздемесі бар, дәлелденген жобалаудың, қайсыбір құбылыстардың себептерін дұрыс, дәлелсіз түсіндіруін білдіреді. Ғылыми болжам зерделенген аумақтағы фактілердің шегінен тыс шыға отырып, оларды түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар жобалау қызметін атқарады. Академик В.А.Ядовтың ойынша, болжам - „бұл ішкі қисынға тәуелді ететін және зерттеудің тұтас үрдісін ұйымдастыратын басты әдіснамалық құрал”.
Біздің ойымызша ізденушілердің зерттеу әрекеттерінің практикасында үшқұрылымдық орын алады. Сол себепті де А.Д. Ботвинников болжамды мына кесте бойынша жасаған жөн деп санайды: „Егер...,онда...,өйткені...,”
Бұл кесте болжамның түсіндірілетін, сипатталатын, жобаланатын қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зерттеудің болжамы: педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын ала болжау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көре алатындай болуы керек. Зерттеу болжамы егер..., онда..., өйткені... деген ұғымдармен байланысып құрылады. Жоғарыдағы ғылыми жұмыстың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет. Егер ғылыми зерттеу аппаратын дұрыс құрылмаған жағдайда, он дұрыс ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды.
Ғылыми жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кзеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен тетіктері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
Зерттеу жаңалығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған болжамдар, ашылған заңдылықтар, әдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар және т.б дайындауға арқау болуында.
Өз жұмысының қорытындыларын шығара отырып, зерттеуші алынған нәтижелерінің жаңалығы туралы айтуға мүмкіндікке ие болады да, демек ол, - басқалар жасамағанның ішінен не жасалынғанын, қандай нәтижелер алғаш рет алынғанын көрсетеді. Оның үстіне, бір жағынан, зерттеу нәтижелерінің жаңалығымен, екінші жағынан, олардың ғылымдағы маңызы арасында мәнді айырмашылық бар. Нәтижелерінің жаңалығын сипаттай отырып, зерттеуші өзі қойған міндеттер шеңберінде қалады, оларды шешу барысында, қандай жаңа білім алғанын көрсетеді. Алынған жаңа білімнің маңыздылығын танымның басқа саласына, болашақтағы енді жүргізілетін ғылыми жұмысқа қатысына байланысты анықталады.
Дегенмен, кейде зерттеудің жаңалығы мен маңыздылығын ажырата алмай, олардың сипаттамасын бір айдармен береді, екеуі бір нәрсе деп есептейді. Бұл дұрыс емес.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығын ажырату оны бағалау үшін шешуші мағынаға ие болады. Біздің жұмысымыз ғылым үшін маңызы жоқ деп елестетеді. Онда оны ғылыми жұмыс деп атауға болмайды.
Бұл айырмашылықты оқытушы міндетті түрде есіне сақтауы керек Кейде оған жаңа тәсіл немесе бір жаңа нәрсені білімді үдеріске енгізсе, ол өте мәнді болып көрінуі мүмкін. Бұл олай емес. Кезкелген жаңалық – ең жақсы балама емес. Бұл жаңалықтың ғылым мен практика үшін жағымды маңызын арнайы дәлелдеу қажет.
Жүргізілген ғылыми жұмыстың практика үшін маңызы туралы ойластыра отырып, зерттеуші мына сұраққа жауап береді: «Практиканың, педагогикалық әрекеттің қандай нақты кемшіліктерін зерттеуде алынған нәтижелер арқылы жөндеуге болады?»
Қорытындыда айтарымыз, барлық әдіснамалық сипаттамалар өзара байланысты, бірін бірі толықтырады және түзетеді.Мәселе зерттеу тақырыбында ғылымда жеткен жетістіктерден алға жылжу қозғалысы түрінде көрініс табады, ескі мен жаңаның қақтығысын көрсетеді. Өз кезегінде, алға қойылған мәселелер мен тақырыптарды құрастыру зерттеудің көкейкестігін анықтау мен негіздеуге суйенеді. Зерттеу объектісі зерделеуге қажетті саланы, ал пәні – зерделеу қыры. Сонымен тізілген сипаттамалар барлық элементтері біріне – бірі сәйкес, бірін – бірі толықтыратын жүйені құрайды. Осы келісулердің дәрежесіне қарай зерттеу сапасын бағалауға болады. Жалпы танымдық ой ғылыми жұмыстың типіне бағынышты емес. Студенттің дипломдық жұмысы және докторлық диссертация, әрине, көлемі, зерттеудің объектілік саласы, іргелілігі, талдау терезесіне және т.б. байланысты ажыратылады да, бірақ басты өлшемдер мен ғылымның сипаты және танымның жалпы логикасы бойынша ұқсас болады.Бұл ретте әдіснамалық сипаттамалар жүйесі оның сапасының жалпылама көрсеткіші болып табылады.
Жетекші идея: егер проблема дұрыс қойылған болса, онда оның басты бағыты белгіленіп тұр деген сөз. Қойылған проблеманы шешу үшін бірнеше жылдар зерттеу жүргізу қажет пе? - деген сұрақ болуы мүмкін. Проблеманы шешу, оның идеясымен және зерттеуімен анықталады. Жетекші идея зерттеудің ең басты мәселесі.
Кейде жетекші идея тек бір қырынан ғана зерттеліп, оған қайшы құбылыстар мен үдерістер ескерілмей қалады. Осыған орай жетекші идеяны, қойылған мақсатқа байланысты жан- жақты талдау қажет.
Жетекші идея мен зерттеудің жалпы бағыты – зерттеудің басты координаты, оның «даралығын» сипаттайды. Ғылымның дамуына ықпал ететін - іргелі зерттеулер мен маңызды идеялар. Идеялар ғылымның алтын қоры десек те болады.
Проблеманы таңдау: оқу-тәрбие жұмысына қажеттілігіне, адам тәрбиелеудегі қоғамның перспективалық талабына, педагогика ғылымының жалпы және жеке салаларының дамуына және зерттелмеген тың мәселелерді ескеруге байланысты.
Ғылым саласында және жеке зерттеулерде де, келешек пен сабақтастық заңдылықтары сақталуы тиіс. Проблеманы анықтау - зерттеу логикасын іске асырады. Зерттелетін проблема нәтижелі болу үшін педагогикада және онымен шектес ғылым салаларында зерттелейін деген мәселе белгілі деңгейде зерттелген болуы тиіс.
Практика мен өмірдің қажеттілігін, бұрынғы зерттеушілердің зерттеулерін талдау, нақты зерттеу мақсатын қою, проблеманы анықтауға көмектеседі. Проблеманың құндылығын практика анықтайды. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық проблеманы анықтай білудің мәні орасан зор.
Болжамның рөлі: педагогикалық зерттеуде шындыққа жету үшін, болатын нәрсені ойда түйіндеп, оны іске асыру жолдары мен алынатын нәтижелері болжанады. Болжам ғылыми зерттеудің тірек көзі. Болжам құра білу өте күрделі. Болжам жетекші идеямен бірге туындайды және проблеманың мәнін түсіну барысында дамиды. Алғашқы жұмыс болжамы, уақытша бар фактіні жүйеге келтіру үшін қолданылады. Ал, ғылыми немесе шынайы болжам ауқымды материал жинақталғаннан кейін жасалады, ол логикалық тұрғыдан қорыту, кейбір түзетулер арқылы ғылыми теорияға айналады.
Алғашқы жұмыс болжамы мен ғылыми болжам арасындағы ерекшелік салыстырмалы нәрсе.
Қарапайым тұспалдан болжамның ерекшелігі:
Ұсынылған болжамның фактіге сәйкес келуі, оны тексеруге болатындығы, ауқымды құбылыстарға қолдануға болатындығы, мүмкіндігінше қарапайым болуы.
Болжам екі бөліктен тұрады: бірінші - кейбір қағидаларды ұсыну, онан кейін оны логикалық және практикалық жағынан дәлелдеу.
Зерттеудің негізгі кезеңдері: ғылыми зерттеу өте күрделі, әр жағдайда өз логикасымен, зерттеу әдістерімен және ұйымдастырылуымен ерекшеленеді.
Біріншіден, зерттеудің нақты міндеттерін анықтау. Ол үшін негізгі ғылыми әдебиеттерді оқып, оның зерттелу жәйін анықтау шарт. Зерттеудің теориялық, практикалық жақтары жан-жақты ескерілуі тиіс.
Екіншіден, бар материалдарды жинақтау және оларды есепке алу. Олар: проблеманың тарихы мен теориялық жағдайын сипаттайтын әдебиеттер; мектеп және мұғалім тәжірибесін ескеру; педагогикалық құжаттар; оқу шылардың шығармашылық және оқу-тәрбие істері; тәжірибеліе жұмыс және педагогикалық эксперимент.
Осы жұмыстардың барлығы педагогикалық процестің бір-бірімен байланысын және оқушылардың даму заңдылықтарын анықтауға көмектеседі.
Барлық материалдарды жинақтап, оларды есепке алып, талдап, қорытындылау:
Біріншіден, фактілерден идеяларға. Фактілер дәлелді және шынайы болулары тиіс. Фактілер теорияға негіз болу үшін ғылыми танымдық жағынан ескерілу қажет.
Екіншіден, эксперименттік тексеру және ұжымдық талқылау.
Үшіншіден, ғылыми нәтижелерді жүйелеу, жазу. Зерттеу нәтижесі түйін мен қорытындыда беріледі. Бұл зерттеудің түйіні, теорияны байытатын ең маңызды нәрсе, оны нақты, негізделген түрде жазу қажет.
Төртіншіден, практикаға ендіру, екі түрлі болады: тікелей нұсқау арқылы және ғылыми эксперимент арқылы. . Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Методология ”грек тілінен аударғанда “әдіс туралы ғылым” деген мағынаны береді. Сондықтан методология – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет