Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері



бет145/175
Дата28.09.2022
өлшемі2,12 Mb.
#40599
түріСеминар
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   175
Байланысты:
ППЗәәдіснамасы

4. Идеализация көп жағдайда абстракциялаудың өзгеше түрі ретінде қарастырылады. Идеализация – бұл шынайы өмірде болмаған және жүзеге асырылмайтын, бірақ шынайы өмірде олардың бейнелері бар объектілер туралы ұғымдарды ойша конструкциялау. Идеализация процесінде заттардың шынайы қасиеттерінен ауытқу, құрылатын ұғымдардң мазмұнына бір уақытта енгізілетін белгілерді құру жүзеге асады. Нәтижесінде идеалданған объект пайда болады, онымен шынайы объектілерді бейнелеуде теориялық ойлауды операциялауға болады. Идеализация нәтижесінде танылатын объектінің сипаттамасы мен жақтары шынайы эмпирикалық материалдан оқшауланған, теориялық модель құрылады.
Идеализацияның нәтижесі бойынша ұғымдардың үлгісі ретінде, «нүкте» - шынайы өмірде өлшеуі жоқ нүкте ретінде берілетін объектіні табу мүмкін емес; «түзу сызық», «абсолютті қара дене», «идеалды газ» сияқты ұғымдар алынады. Идеалданған объект шынайы заттар мен процестердің көрінісі ретінде болады. Идеализация көмегі арқылы теориялық конструкт объектілерін құра отырып, әрі қарай оларды ой-тұжырымдарды операциялауда қолдануға болады және шынайы процестердің абстрактілі сызбасын құруға болады.
Осылайша, идеалданған объектілер таза фикция болып саналмайды, олар күрделі және оның негізделген көрінісінің нәтижесі болып саналады. Идеалданған объект танымда белгілері бойынша шынайы заттарды көрсетеді. Ол шынайы заттың қысқартылған және сызбалы бейнесі болып табылады. Теориялық ой-тұжырымдары шынайы объектілерге тікелей жатпайды, олар идеалданған объектілерге жатады, танымдық іс-әрекет арқылы мәнді байланыстар мен заңдылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Идеалданған объектілер – шынайы өмірде жүзеге асырылмайтын оқиғаны жүзеге асыруға бағытталған әртүрлі ойлау эксперименттерінің нәтижесі. Дамыған ғылыми теорияларда әдетте, жеке идеалданған объектілер мен олардың қасиеттері қарастырылмайды, идеалданған объектілер мен олардың құрылымының біртұтас жүйесі қарастырылады.
Қазіргі заманғы ғылымда ойлау эксперименті – идеалданған объектілерге жүргізілетін ойлау процедураларының жүйесі – кең тарала бастады. Ойлау эксперименті – бұл шынайы эксперименталды ситуациялардың теориялық моделі. Бұнда ғалым шынайы заттар мен олардың өмір сүру жағдайларын емес, олардың концептуалды бейнелерін операциялайды.
Педагогикадағы математкалық әдістер сауалнама әдісі және эксперимент арқылы алынған мәліметтерді өңдеуге қолданылады, сонымен бірге зерттелетін құбылыстар арасындағы сандық тәуелділіктерді қалыптастыруға қолданылады. Бұдан басқа тіркеу, ранжирлеу, шкалалау әдістері қолданылады.
Статистикалық әдіс көпшілік материалды өңдеуде қолданылады, яғни көрсеткіштердің орташа шамасын анықтауда қолданылады: орта арифметикалық шама, медиана – қатардың ортасының көрсеткіші, басқа әдістердің құрамды бөлігі. Осы әдістер арқылы өңделген нәтижелер графиктер, диаграммалар, кестелер түріндегі сандық тәуелділікті көрсетуге мүмкіндік береді.
Абстрактіліден нақтылыға өрлеу – бұл шектелген білімнен, нақтылыдан абстрактіліден толық, нақты теориялық білімге өрлеуге мүмкіндік беретін таным әдісі. Осындай өрлеу нәтижесінде алынған білім, зерттелетін шындықтың құбылыстармен бірлігінде мәнін сипаттайтын, ғылыми ұғымдар, заңдар мен теориялар формасында болады. Абстрактіліден нақтылыға өрлеу – теориялық танымның аса жоғары деңгейі. Қазіргі заманғы ғылымның салалары ондай деңгейге жеткен жоқ. Оның жетістіктері ғылыми танымның маңызды мақсаты болып табылады. Абстрактіліден нақтылыға өрлеу әдісі – бұл өзінше дедуктивті әдіс, ал нақтылыдан абстрактіліге өрлеу – индуктивті әдіс болып саналады.
Ғылыми-зерттеу іс-әрекетінде нақтылыдан абстрактіліге өрлеу және абстрактіліден нақтылыға өрлеу әдістеріне ерекше мән беріледі. «Нақты» категориясы объективті шындықты өзіне тән белгілері, қасиеттері, өзара байланыстары мен заңдылықтарын тарихшының тануын білдіреді. Нақты-теориялық білім объектіні мәні мен құбылыстың бірлігі арқлы сипаттайды.
Абстрактіліге өрлеу немесе абстракциялау – бұл нақтының бірқатар қасиеттерінен ойша ауытқу, зерттелетін объектіде жеке, ерекше қызығушылық тудыратын белгілерді анықтау. Ғылыми танымдағы «абстрактілі» - бұл танылатын шынайылық туралы толық емес білім. Бірақ объективті-нақтылыдан ауытқуда абстракция қарастырылатын құбылыстар мен процестердің мәнді қасиеттерін көрсетуі қажет.
Тарихи және логикалық әдістердің әрекеті, абстрактіліден нақтылыға және керісінше өрлеу, қоғамдық құбылыстарды теориялық тану процесінде ғана мүмкін, бұл олардың теориялық зерттеу процесінде жетекші рөлін негіздейді. Жалпығылыми әдістер тарихи объектілердің кеңістіктегі қозғалысын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұнда синхронды, бір уақтта жүретін процестерді талдау басым болады. Объектілердің құрылымы мен функциялары статикада, тарихи дамуға қатыссыз қарастырылады. Көп жағдайда жалпығылыми әдістер осы объектілердің жүйелі-құрылымдық талдауында қолданылады.
Тарихи әдістер керісінше, уақыт бойынша объектілерде жүретін өзгерістерді зерттеуде қолданылады. Сирек жағдайда жалпығылыми және тарихи әдістер біріктіріледі, онда қоғамдық жүйелер кешенді түрде зерттеледі, яғни жүйенің құрылымы мен функциялары олардың тарихи дамуы арқылы түсіндіріледі, ал тарих тарихи объектілерді немесе топтарды, олардың құрылымы мен функциялары зерттейді.
Танымдық іс-әрекеттегі жалпығылыми маңызды әдістердің бірі ретінде тарихи және логикалық әдістер алынады, олар бір-бірімен диалектикалық бірлікте болады. Тарихи – бұл объектінің қалыптасу және даму процесі. Бірақ тарихи әдіс объектінің дамуындағы уақытша бірізділікті қарапайым қайта жаңғырту емес, ол объектінің генезисінің объективті диалектикасын және оның дамуының нәтижесін қарастырады. Логикалық-теориялық – мәнді, заңды байланыстар мен қатынастарда дамыған және дамушы объектіні қайта жаңғырту. Соған сәйкес, логикалық әдіс белгілі процестің нәтижесі ретінде, тарихи дамушы объектіні қайта жаңғырту тәсілі болып саналады, оның барысында оның әрі қарай, тұрақты жүйелі білім беру ретінде жүзеге асуы үшін, қажетті жағдайлар қалыптасады.
Тарихтағы уақытша бірізділік логикалық әдіс арқылы ашылуы мүмкін. Бірақ ол теориялық талдау үшін бағдар болып табылмайды. Бұл сәйкессіздік жүйе генезисінің факторлары ретінде болатын, құбылыстармен негізделмейді, даму кезеңінде оны қайта жаңғырту үшін қажетті жағдайлар жасайды. Олардың көпшілігі тарихи процесс барысында жойылады. Тарихи құбылыстардың уақытша бірізділігі барлық уақытта белгілі бір тарихи қайта құрылымдарды қалыптастыру процесімен анықталмайды.
Қоғамдық процестердің дамуы тарихи және логикалық әдістердің бірлігін қолдану арқылы танылады. Жаратылыстану ғылымының объектілері дамуда зерттелмеуі мүмкін. Сондықтан, оларды тануда тек логикалық әдісті қолдануға болады.
Тарихи әдістің маңыздылығын тану әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде байқалады, бұл бірқатар зерттеушілерді тарихи жазбадағы логикалық әдістің аз мәнді болуы туралы көзқарастарын білдіруге әкеледі. Бірақ, табиғатты немесе тарихи шындықтың басқа объектілерін терең тану белгілі уақыт арасында олардың құрылымы мен функцияларын алдын ала талдау негізінде ғана жүзеге асырылады. Сондықтан, тарихты зерттеу, күрделі процестер мен құбылыстарға қатысты, тарихи тәсіл арқылы жеткіліксіз болып саналады. Аталған жағдайдағы ғылыми зерттеудің қажетті шарты ретінде логикалық әдісті қолдануды атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет