Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері



бет162/175
Дата28.09.2022
өлшемі2,12 Mb.
#40599
түріСеминар
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   175
Байланысты:
ППЗәәдіснамасы

Зерттеу нысаны. Тәрбие жүйесін моделдеу болса, онда зерттеу пәні – тәрбие жүйесін моделдеудің педагогикалық шарттары болады.
Зерттеудің мақсаты – білім ұйымдарындағы тәрбие жүйесін моделдеудің педагогикалық шарттарының жинақталуын анықтап, негіздеп, оны эксперименттік зерттеуден өткізу.
Зерттеу болжамы. Егер де тәрбие жүйесін моделдеу, педагогикалық шарттарды толықтай пайдалануды талап ететін, педагогикалық жағдайдың құрамына кіретін алғашқы дайындық процесін, тәрбие жүйесінің тұжырымдамасы мен нормативті моделін анықтаса; практикада моделді іске қосып, дамытса; тәрбие жүйесінің бастапқы моделін толықтырып жетілдірсе; әр түрлі типтегі білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын құру жалпы (кез келген білім беру ұйымдарында моделді жасау, оны іске қосу және жүзеге асыру) және арнайы білім беру мекемелерінде ( оны жүзеге асыру) қамтамасыз етілсе ғана, тәрбие жүйесін моделдеудің педагогикалық шарттары анықталады.
Тағы да бір мысал келтірейік: «Кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономистердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары» деген тақырып.
Зерттеудің мақсаты: кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономистердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеу және практикалық түрде жүзеге асыру.
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орнындағы оқу үдерісі.
Зерттеудің пәні: жоғары оқу орнында кредиттік жүйе бойынша оқытуда экономика мамандықтарының студенттерінің өздік жұмысын ұйымдастыру үдерісі.
Зерттеудің болжамы: егер жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары анықталып және сол шарттарға сәйкес ұйымдастырылса, онда кредиттік оқыту жүйесі жағдайында мамандарды кәсіби даярлаудың сапасы артады, өйткені өздік жұмыс студенттердің өз бетімен жұмыс істеу және шығармашылық белсенділігін арттырып, оқу материалын терең игеріп бекітуге, жаңа кәсіби білім алуға, практикалық білік, дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасайды.
Зерттеудің қойылған мақсаты мен пәні, жасалынған болжамына сәйкес зерттеудің міндеттері анықталды.
Педагогикалық болжамға қойылатын әдіснамалық талаптар:

  • ұсынылған болжамның фактiге сәйкес келуi;

  • оны тексеруге болатындығы;

  • ауқымды құбылыстарға қолдануға болатындығы және мүмкiндiгiнше қарапайым болуында.

Болжам екi құрамнан тұрады: бiрiншісі - кейбiр қағидаларды ұсыну, екіншісі - оны логикалық және практикалық жағынан дәлелдеу.
Ұсынылған болжамды дәлелдеу үшін зерттеу міндеттері анықталады.
Зерттеудiң негiзгi кезеңдерi.
Ғылыми-зерттеу жұмысы өте күрделi, әр жағдайда өз қисынымен, әдiсiмен, ұйымдастырылуымен ерекшеленедi.
1. Зерттеудiң нақты мiндеттерiн анықтау.
Ол үшiн негiзгi ғылыми әдебиеттердi оқып, оның зерттелу жәйiн анықтау шарт. Зерттеудiң теориялық, практикалық жақтары жан-жақты ескерiлуi тиiс.
2. Бар материалдарды жинау және оларды есепке алу. Олар:
а) проблеманың тарихы мен теориялық жағдайын сипаттайтын әдебиеттерді талдау;
ә) мектеп және мұғалiм тәжiрибесiн ескеру;
б) педагогикалық нормативті құжаттармен танысу, оны ескеру;
в) оқушылардың шығармашылық және оқу-тәрбие iстерiн талдап қорыту;
д) тәжiрибелiк жұмыс пен педагогикалық экспериментті жүзнгн асыру.
Осы жұмыстардың барлығы педагогикалық процестiң бiр-бiрiмен байланысын және оқушылардың даму заңдылықтарын анықтауға көмектеседi.
Барлық материалдарды жинақтап, оларды есепке алып, талдап, қорытындылау.

  1. Фактiлерден идеяларға қадам жасау.

  2. Фактiлер дәлелдi және шынайы болулары тиiс. Фактiлер теорияға негiз болу үшiн ғылыми танымдық жағынан ескерiлу қажет.

  3. Эксперименттiк тексеру және ұжымдық талқылау жүргізу.

  4. Ғылыми нәтижелердi реттеп, жүйелеу, жазу. Зерттеу нәтижесi түйiн мен қорытындыда берiледi. Зерттеудiң түйiнi, теорияны байытатын ең маңызды нәрсе. Оны нақты, негiзделген түрде жазу қажет.

  5. Ғылыми-зерттеуді практикаға ендiру, ол екi түрлi болады: тiкелей нұсқау арқылы және ғылыми эксперимент арқылы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет