Байланысты: Педагогиканы теориялы -методологиялы негізі 1
Оқыту процесі 5 $ 193
Оқыту процесінің негізгі мәнін анықтаңыз:
A) оқыту процесі оқушыға берілген біліммен қорытындыланады
B) оқыту процесі оқушының білімді меңгеруімен қорытындыланады
C) оқыту процесінде білім, білік және дағдыны бақылауды болжайды
D) оқу процесі – екі жақты басқару процесі, мұғалім мен оқушы арасындағы бірлікте интелектуалды дамытумен білімді қалыптастыру
$ 194
Дидактика дегеніміз не?
A) жеке тұлғаның даму заңдылықтары туралы ғылым
B) баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы
C) оқыту және білім беру теориясын қарастыратын педагогиканың саласы
D) оқытудың тәрбиелік функциясын зерттейді
$ 195
Қазіргі дидактиканың тұжырымдауынша оқыту процесі схема-нұсқа бойынша дамиды:
A) нақтылық, қауымдастық, жүйе, әдіс
B) қиындықты сезіну, проблеманы қалыптастыру гипотеза, іс-әрекетті болжау
C) білуге құштарлық, танымдық проблемаларды шешу, байыту, жүйелеу, тәжірибеде қолдану
D) мазмұнын ашу, кеңейту, жүйе, әдіс
$ 196
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері:
A) үздік бағалар
B) жеке тұлғаның жан-жақты дамуы, білімділігі, тәрбиелілігі
C) жақсы денсаулығы
D) жақсы психологиялық ахуалы
$ 197
Барлық дидактикалық жүйелерде мақсаттың жекеленген сәйкестігі нені куәләндіреді?
A) оқыту мен білімдердің құндылықтарының мәңгілігі туралы
B) мектептің жаңалыққа селқостығы
C) жаңа идеяларды педагогтардың енгізгісі келмеуі
D) адамның ескіше ойлау қабілеті туралы
$ 198
Білім беру мазмұнын қалай түсінесіз?
A) міндетті оқытылатын пәндер тізімі
B) қызығушылық, бейімділікпен қажеттілікті дамытатын білімдер жиынтығы
C) мектепте оқытуға іріктеп алынған білім, біліктілік жүйесін меңгеру, оқушылардың даму және олардың ойлау танымдық қызығушылықтар негіздерін қамтамасыз етеді.
D) дұрыс жауабы жоқ
$ 199
Оқыту бағдарламасы дегеніміз не?
A) оқылатын пәндер ретін анықтайды
B) әр пәннің білім мазмұнын, көлемін, курстық жеке тақырыптарын оқытудың сағат санын анықтайды
C) класс жетекшінің жұмыс жоспары берілген құжат
D) жеке пәндерді оқытудың сағат саны белгіленген құжат
$ 200
Оқу жоспары дегеніміз не?
A) оқу жоспары – оқу пәндерінің құрамын анықтайтын сертификат, әр жылдағы оқытудың ретін, аптадағы сағатын, жылдық сағатын, оқу жылының құрылымын анықтайтын оқу жоспары.
B) оқу жоспары оқу пәндерінің санын анықтайды
C) оқу жоспары оқу пәндерінің мазмұнын ашады
D) оқу жоспары оқу жылының басы мен соңын және демалыс уақтысының ұзақтығын анықтайды
$ 201
Дүниетанымды қалыптастыруды анықтайтын шарттар:
A) көрнекті өнеге
B) білімді тұрақты сенімге және практикалық іс-әрекетке айналдыру
C) айналадағы адамдарға гуманды, ізгілікті қарым-қатынас жасау.
D) отаншылдық, гуманизм, толеранттық (шыдам-дылық, төзімділік).
$ 202
Оқытуды ынталандыру дегеніміз не?
A) жақсы оқуға талап қою
B) оқушыларды ойдағыдай оқуға “итермелеу”
C) жалқаулықты жеңу
D) жағымсыз әдеттермен күресу
$ 203
Оқыту принциптері дегенді қалай түсінесіз?
A) бұл оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың заңдылықтары мен ережелері
B) бұл оқу жұмыстарының формасы мен әдістерін оқыту мен тәрбиелеу мақсатына сәйкес ұйымдастырудың мазмұнын анықтайтын бастапқы ереже
C) бұл оқытушылық жұмыстың жалпы заңдылықтары мен әдістері
D) бұл жеке пәндердің оқыту әдістемесінің жалпы заңдылықтары
$ 204
Дидактикалық ережелердің дидактикалық принциптерден айырмашылығы неде?
A) ереже принциптерді нақтылайды, ол оқу принциптерінен туындап, мұғалімдердің практикалық жұмыстарында дидактикалық принциптерді жүзеге асыруға нұсқау береді
B) ереже субъективтік сипат алады,
C) ереже заңдылығымен анықталады, дидактикалық принцип ережелерінен шығады
D) принцип ереженің жалғасы болып табылады
$ 205
Кейбір арнайы әдістерді оқуға деген қызығушылықты ынталандыру деп санауға бола ма?
A) жоқ, бұл мектептерде пайдаланылатын барлық әдістердің жалпы қызметі
B) иә, кейбір әдістер, мәселен, бақылау, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырады
C) оқуға деген ынтаны ояту – барлық әдістерге қосымша қызметін белгілейді
D) әдістер – бұл мақсатқа жетудің жолдары, басқа функциясы жоқ
$ 206
Не себептен оқытуды ұйымдастырудың кластық-сабақ жүйесі негізгі болады?
A) өйткені, ол басқасынан бұрын пайда болған
B) себебі, сабақты мұғалім өткізеді
C) себебі, оқу материалдардың көпшілігі сабақтарда жүргізіледі
D) өйткені, алға қойған мақсаттарды іске асыру өздіктерінен үй жұмысын ұйымдастыру үрдісінде немесе үйірме жұмыстарында емес, тікелей сабақ процесінде атқарылады,
$ 207
Неғұрлым толық жауабын таңдай отырып, сабақтардың негізгі белгілерін анықтаңдар?
A) сабақ дегеніміз – мұғалімнің талапқа сай тиянақты сабақ кестесі бойынша, тұрақты оқушылар құрамы мен мұғалімнің жүргізген сабақтарын оқытуды ұйымдастыру формасы дейміз
B) сабаққа тән тұрақты жұмыс уақыты 45 минут
C) сабақ 3 бірліктегі мақсаттылық негізінде анықталады: үйрету, тәрбиелеу, дамыту
D) класс бөлмесі оқу құралдары мен жабдықтардың болуы сабақтың сипатын белгілейді
$ 208
Сабақтың негізгі типіне жататындар:
A) жаттап алу, табиғатқа саяхат, киносабақ
B) алғашқы оқу материалдарымен таныстыратын кіріспе сабақ, қорытынды сабақтар
C) аралас сабақ, жаңа білімдерді оқыту, жаңа біліктілікті қалыптастыру, қорытындылау, оқылған білімдерді жүйелеу, бақылау және білімдерге түзету енгізу (коррекциялау)
D) оқушылармен жүргізілетін жеке дара және саралап оқу жұмыстары, компьютерлік сабақтар, жаттығу жұмыстары
$ 209
Жеке дара оқыту формасы – бұл егер:
A) бір топ оқушылардың танымдық тапсырмаларды алуы, олардың оқу тапсырмаларын талдауы және нәтижелерін хабарлауы
B) мұғалімнің басшылығымен тапсырмаларды бір мезгілде орындауға оқушыларды қамтамасыз ету
C) әрбір оқушы мұғалімнің тапсырмасы бойынша өзінің ықласымен сұрақтарға жауап даярлайды, жаттығулар, мысалдар, есептерді, творчестволық тапсырмаларды орындайды, өзін-өзі тексеруді іске асырады
D) жақсы оқитын оқушының үлгерімі нашар оқушыға көмегін ұйымдастыру
$ 210
Оқытудың қосарлау формасы – бұл, егерде:
A) үлгерімі жақсы бала мен нашар оқитын баланың бір-біріне көмегін ұйымдастыру
B) әрбір оқушы мұғалімнің тапсырмасы бойынша немесе өзінің құлшынысымен жаттығуды орындайды, мысалдар келтіреді, шығармашылық жұмыстармен өзін-өзі қадағалауын жетілдіреді
C) дидактикалық тапсырмалардың бір уақытта орындалуын қамтамасыз етеді
D) сабақ барысында саналы түрде тапсырманы орындайды
$ 211
Оқытудың топтап оқыту түрі – бұл:
A) үлгірімі жақсы баланың нашар оқитын оқушыға көмегін ұйымдастыру
B) оқушылар тобының танымдық іс-әрекетінде тапсырма алады, нұсқау алады, оқу тапсырмасын талқылайды, жоспарлайды, бөледі, ережелерді шығарады
C) әрбір оқушы тапсырманы өз бетімен орындайды
D) берілген тапсырманы орындауда класс оқушыларының бір мезгілде қатысуы
$ 212
Оқыту әдісі – бұл:
A) әдістің құрамдас бөлігі
B) оқу процесінің бөлшегі
C) мақсатқа жетуге бағытталған мұғалім мен оқушының жүйелі іс-әрекеті
D) білімді көтеру үшін оқытушылар мен оқушылар арасында болатын материалдық немесе идеалдық нысана
$ 213
Оқыту тәсілі – бұл:
A) әдістің құрамдас бөлігі: әрекет, нақты қадам
B) материалды немесе нақты білімді меңгеру үшін пайдаланылады
C) оқыту жеке бөліктер түрінде іске асырылып, дидактикалық процесті құрайды
D) педагог қызметінің жүйелілігі
$ 214
Оқыту құралы – бұл:
A) әдістің құрамды бөлігі
B) материалдық немесе нақты нысана, оқушылар мен оқытушының арасында білімді игеру үшін пайдаланады.
C) оқыту процесінің бөлшегі
D) мұғалімнің тиянақты іс-әрекеті