Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік. Лекция оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде
Форма – латынның «Forma» - түр, бейне, заттың сыртқы кӛрінісі, пішіні.
Оқытуды ұйымдастыру формалары – оқытушы мен білім алушылардың ӛзара әрекеттесуінің сыртқы кӛрінісі.
Жоғары мектептегі оқыту формаларына жатады: лекция, семинар сабақтары, арнайы семинар, коллоквиум, зертханалық сабақ, практикумдар, студенттердің ӛздік жұмысы, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, ӛндірістік және дипломдық практикалар, студенттердің оқытушымен ӛздік жұмысы, курс және диплом жұмыстары, оқу экскурсиялары, консультация, емтихан, сынақ.
Сурет 3. Жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастыру формаларының жіктелуі
Теориялық формаларына: лекция, семинар сабақтары, арнайы семинар, студенттердің ӛздік жұмысы, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, студенттердің оқытушымен ӛздік жұмысы, курс және диплом жұмыстары, оқу экскурсиялары, консультация.
Практикалық формаларына: зертханалық сабақ, практикумдар, ӛндірістік және дипломдық практикалар.
Бақылауформаларына:коллоквиум, емтихан, сынақ.
Лекция – жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастыру формасы және әдісі. Дәріс латынның «Lectio» - оқу деген сӛзінен шыққан. Ол ежелгі Грекияда қалыптасып, орта ғасырларда ежелгі Римде жалғасын тапқан.
ХІХ ғасырдың ортасында бүкіл әлемде ғылыми-техникалық білімнің дамуына орай лекциялық сабақтарды практикалық сабақтармен толықтыру қажеттігі туындады. Практикалық сабақтар студенттердің ӛздік жұмыс жасауы мен сабақтағы белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Дәр істің ӛзі студенттердің әдебиетпен жұмыс жасауына даярлық үшін беріледі.
Жоғары оқу орындарындағы лекцияның мақсаты – студенттердің оқу материалын меңгеру үшін оның бағдарлық негізін қалыптастыру болып табылады.
Лекция – қандай да бір ғылыми мәселені логикалық байланыста, жүйелі түрде, нақты баяндау әдісі.
Жалпы алғанда, дәрстүрлі лекция оқытушы үшін ғана белсенді оқыту формасы болып табылады. Лекция барысында студенттердің енжарлықтарын жеңу, лекцияның алуан түрлілігін тиімді пайдалану арқылы іске асады.
Жоғарымектептегілекцияныңмаңызыменміндеттері:
пән бойынша студенттердің ғылыми білімін қалыптастырады, жүйелейді;
ғылым немесе техниканың тиісті саласы дамуының жағдайы мен болашағын ашып кӛрсетеді;
тақырыптың күрделі және негізгі мәселелеріне назарларын аударады;
ғылыми материалды дәлелді баяндау іскерлігін дамытады;
кәсіби дүниетаным мен жалпы мәдениетін қалыптастырады;
ақпараттық – ғылыми білім жүйесін баяндау, ғылымның жаңа жетістіктерімен таныстыру, ақпаратта бағдарлануға кӛмектесу; әдебиеттермен, ғылыми мектептермен таныстыру;
ынталандыру – тақырыпқа, оқу пәніне деген таным қызығушылығын тудырады және кәсіби мотивациясын дамытады;
тәрбиелеуші – оқу материалының мазмұны арқылы моральдық сапаларды дамытады және оларды нақты танымдық әрекетке бағыттайды;
ұйымдастырушылық – оқу әрекетінің барлық звенолары үшін
психологиялық-педагогикалық бағыт береді;
дамытушы – белсенді ойлау әрекетіне қосу арқылы тұлғаның интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді; құбылыстарға баға беріп, ойлауды дамытады.
Оқулыққа қарағанда дәріс:
лектормен тікелей қарым-қатынас мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
тақырып бойынша түрлі кӛзқарастармен танысуға мүмкіндік береді; жағдайдың ерекшелігін ескереді;
студенттердің меңгеріп отырған пәнмен тірі байланысты орнатуға кӛмектеседі.
Е.А.Подольская, Р.Т.Игенбаеваның пікірінше лекцияның оқыту формасы ретіндегі кемшіліктері:
Жаңа қосылған курс бойынша әдебиеттің тапшылығы болған жағдайда лекция ақпараттың негізгі кӛзіне айналады.
Оқытушы мен студенттердің шығармашылық ынтымақтастығын қамтамасыз етеді.
Бірлескен эмоционалдық ӛзара әрекеттесу мүмкіндігін береді.
Студенттердің ойлау әрекетін ынталандырады.
Студенттердің интеллектісін, моральдық қасиеттерін, қарым-қатынас мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.
Студенттерге ӛз бетімен жұмыс бойынша бағыт-бағдар беруге мүмкіндік береді.
Студенттерді кәсіби даярлау ерекшелігін, олардың қызығушылығын ескеруге мүмкіндік береді.
Белгілі бір тақырыптар бойынша жаңа оқу материалы әлі жарияланбаған, қолдағы бар оқу материалы ескірген жағдайда ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін студенттерге жеткізу құралына айналады.
Оқулықтардағы кейбір тақырыптар студенттердің ӛздігінен меңгеруге күрделі болған жағдайда лектор тарапынан материалды дұрыс интерпретациялау материалды дұрыс және толық меңгеруге мүмкіндік береді.
Кейбір мәселелер бойынша қарама-қайшы тұжырымдардың болуы, олардың лекция барысында талқылануын қажет етеді.