2-параграф. Эссе жазу тәртібі
54. Тестілеу аяқталған соң педагог эссе жазады. Берілетін уақыт – 30 минут. Қолданылатын сөз саны – 250-300 сөз. Жыл сайын эссе тақырыбын білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Жазылған эссе педагогтің жеке кабинетінде ngt.testcenter.kz сілтемесі бойынша көрсетіледі.
55. Жазылған эссе педагогтің жеке кабинетіне жолданады.
3-параграф. Біліктілікті бағалауды өткізу тәртібі
56. Педагогтерді біліктілік бағалауды білім беру ұйымдары жүргізеді және құжаттардың осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген құжаттар тізбесіне сәйкестігін қарауды қамтиды.
57. Қажетті құжаттар болмаған жағдайда педагог жетіспейтін құжаттарды 3 жұмыс күні ішінде әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |