Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары


-параграф. Білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттаудан өткізу тәртібі



бет10/13
Дата06.02.2023
өлшемі317,95 Kb.
#65648
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Правила 83 каз

1-параграф. Білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттаудан өткізу тәртібі

138. Білім беру ұйымдарының басшыларын міндетті аттестаттау лауазымға тағайындалған (жұмысқа қабылданған) сәттен бастап үш жыл өткен соң алты айдан кешіктірілмей жүргізіледі.


139. Білім беру ұйымдарының басшылары міндетті аттестаттау кезінде тиісті деңгейдегі комиссияға немесе ақпараттық жүйе арқылы осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
140. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары міндетті аттестаттау кезінде осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес ПББ және эссе жазудан өтеді.
141. Білім беру ұйымдарының басшылары білім беру ұйымының басшысы лауазымында екі жыл болғаннан кейін тиісті деңгейдегі комиссияға немесе осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзі үміткер біліктілік санатын көрсете отырып, ақпараттық жүйе арқылы мерзімінен бұрын біліктілік санатын алуға өтініш береді.
142. Мерзімінен бұрын біліктілік санатын алу рәсіміне қатысатын білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес бірізділікті сақтай отырып, «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатын беруге өтініш береді.
Біліктілік санаты үш жылға жарамды. Біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын білім беру ұйымының басшысы мерзімінен бұрын біліктілік санатын алуға өтініш береді.
143. Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының аттестаттау материалдарын комиссияға жібереді не басшының цифрлық бейініне қолжетімділікті ұсынады.
144. Отырыс барысында Комиссия ұсынылған материалдарды немесе басшының цифрлық профилін зерделейді.
145. Ұсынылған материалдарды зерделеу немесе басшының цифрлық бейінін қарау нәтижелері бойынша Комиссияның әрбір мүшесі осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталатын басшыға бағалау парағын толтырады.
146. Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталатын басшыға аттестаттау парағын ресімдейді.
147. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
қайта аттестаттауға жатады.
Егер білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы ПББ қорытындысы бойынша ең төменгі өту балын жинамаған жағдайда, онда аттестаттау комиссиясы «қайта аттестаттауға жатады» деген шешім қабылдайды.
148. Қайта аттестаттау бұрынғы аттестаттау комиссиясы шешім шығарған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кейін өткізіледі. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттаудан өткізгеннен кейін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
еңбек шартын бұза отырып, атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.
«Еңбек шартын бұза отырып, атқаратын лауазымына сәйкес келмейді» шешімін қабылдау кезінде ПББ нәтижелері, аттестаттау кезеңіндегі қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалу динамикасы, сондай-ақ әңгімелесу нәтижелері ескеріледі.
149. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларына мерзімінен бұрын біліктілік санатын беру бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
мәлімделген біліктілік санатына аттестатталды;
мәлімделген біліктілік санатына растаумен аттестатталды;
мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмаған.
150. «Мәлімделген біліктілік санатына аттестатталмаған» шешімін қабылдаған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде аттестатталушының электрондық поштасына жібереді немесе осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық мүшелері қол қойған біліктілік санатын беруден (растаудан) бас тарту туралы негіздемесі бар жазбаша хабарламаны басшының бейініне бекітеді.
151. Аттестаттау қорытындысы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік Департаменттер (бұдан әрі – БССҚЕК) аттестаттау рәсімінің дұрыс жүргізілуіне және осы Қағидаларға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігіне іріктеп бақылау жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет