Педагогтың аты -жөні Сынып: Бөлім: Жанасыл Ақжайна


ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Зерттеу жұмысы



бет2/3
Дата23.11.2022
өлшемі54,83 Kb.
#52082
түріСабақ
1   2   3
ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Зерттеу жұмысы.
Мақсаты: Оқулықпен жұмыс жасай отырып, егіншіліктің әр түрлі белгілі бір дақылдарды өсірумен аййналасатынын түсінеді.
Зерттеу жұмысын жұппен немесе топпен орындауға болады.
Ресурстарды тарату. Әр зерттеуші топқа түрлі көгөністер, жеміс-жилектер мен жармалар салынған стақандарды алдын ала дайындау.
Зерттеудің жоспары:
-Ақпарат көздеріне сүйене отырып, шаруашылықтарды анықтау;
-Егіншіліктің маңызын түсіну.
Зерттеу жұмысын орындау барысында оқушылар кесте толтыра отырып, көгөніс шаруашылығы, астық шаруашылығы, бау шаруашылығында өсетін жемістер мен жидектерді жазады.
Саралау: Ынтасы жоғары оқушыға немесе оқушылар тобына егіншілікке байланысты қандай еңбек құралдарын білетінін сұрауға болады.
«Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге асыру.
- Зерттеу жұмысы барысында қандай дереккөздер пайдаландыңдар?
- Қай ақпарат көзі пайдаланған тиімді болды?
Зерттеу жұмысын қорытындылау: Кесте толтыра отырып, егіншіліктің маңызы туралы ой қорыту. Басқа топтардың жауаптарын тыңдап, салыстыру.
ҚБ. Мұғалімнің «Галереяны шаралау» стратегиясы арқылы қалыптастырушы бағалауы. Толтырған кестелерін тақтаға іліп, оларға ауызша баға беру.
Сұрыптау. Мақсаты: Оқулықтағы суреттерді пайдалана отырып, оқушылар сұрыптаудың маңызын, селекцияның мағынасын түсінеді. Жетекші сұрақтар арқылы тақырыпты орындау. Сұрақтар:
-Оқулықтағы суреттерді сипаттаңдар. Не көріп тұрсыңдар?
-Көкөніс пен жемістерді өсіру үшін не керек?
-Тұқым дегенді қалай түсінесіңдер? Ол не үшін керек?
-Тұқымнан дұрыс өнім шығу үшін не істеу керек?
-Жаңа сұрыптармен айналысатын ғылым туралы не білесіңдер?
-Еліміздің барлық өңірлерінде егіншілікпен айналысуға болады ма? Ойыңмен бөліс.
ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Ойлан. Оқушылар тыңайған жер туралы біле отырып, оның не үшін керектігін сыныппен талқылайды. Тыңайтудың маңызын түсіну үшін келесі сұрақтар қойылады. Олар:
-Өсімдіктерді жылда бір орынға сала беруге болады ма? Неліктен?
-Жылда өсімдікті бір орынға сала берсе не болады?
-Жылдан жылға алынған өнім қандай болуы мүмкін?
Неге топырақты тыңайту керек деп ойлайсыңдар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет