ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, аз ұлт
балалары, дарынды балалар, денсаулығы шектеуілі балалар) педагогикалық
қолдау көрсетеді ;
оқыту мен тәрбиеде көптілділік тәсілдемені жүзеге асырады;
өзге өмір салтына, өзге мәдениетке толеранттілікті қалыптастырады.
Білім:
мектептің педагогикасы;
педагогикалық психология;
мектеп жастағы балаларды тәрбиелеудің инновациялық технологиясы;
оқу пәндерінің(пәндік сала) тәрбиелік әлеуеті ;
Тәуелсіз Қазақстанның жалпы ұлттық құндылықтары мен білім
мазмұнының біріктіру
қағидаттары;
білім алушыларда оң өзін-өзі бағалау, тілдерді оқу мүддесін, азаматтық бірдейлік пен
лингвистикалық толеранттілікті қалыптастыру әдістемесі.
3-еңбек
қызметі
Әдістемелік: білім
үдерісін әдістемелік
қамтамасыз етуді
жүзеге асырады
Іскерлік пен дағдылар:
өз бетімен кәсіптік біліктілікті арттыруды жоспарлайды;
өз бетімен интернет көздерінен ақпаратты
таңдайды;
тәлімгердің жетекшілігімен білім алушыларда іскерлік дағдыларды қалыптастыратын әдістерді
және тәсілдемелерді анықтайды;
тәлімгердің жетекшілігімен белгіленген мақсатқа немесе нұсқаулық
пен талаптарға сәйкес оқу
материалдарын әзірлейді;
әріптестерімен бірлесе білім алушыларға қолайлы орта құрады.
Білім:
қосымша білімді меңгеру деңгейін анықтау әдістері;
кәсіби дамудың жеке жоспарын жүзеге асыру әдістері ;
педагогикалық жағдаяттық міндеттерді құру әдістері мен қағидаттары;
оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу әдістері мен қағидаттары;
пәндік-тілдік оқытудың технологияларын есепке ала отырып оқу үдерісін ұйымдастыру
ерекшеліктері (көптілді бағдарламалармен жұмыс жасайтын оқытушылар үшін ).