Іскерлік пен дағдылар: өз бетімен білім алушылардың жеке ерекшеліктерінің диагностикалау нәтижелерін қолданады; әріптестерімен өзара әрекеттесе білім алушылардың қиыншылықтары мен қажеттілігін
анықтайды;
әріптестерімен бірлесе тәжірибені зерттеу мәнмәтінінде кері байланыс әдістерін қолданады;
тәлімгердің жетекшілігімен білім ортасының зерттеуін жоспарлайды және өткізеді. Білім: білім ортасын зерттеу әдістері мен қағидаттары, білім тәжірибесін зерттеу;
педагогикадағы зерттеу әдістері;
білім алушылардың әрекетін психологиялық-педагогикалық бақылау
5-еңбек қызметі
Әлеуметтік -
коммуникативтік:
кәсіби
қоғамдастықпен
және білімнің
барлық мүдделі
тараптарымен
өзара әрекеттесуді
жүзеге асырады
Іскерлік пен дағдылар: өз бетімен білім алушыларды қосымша білім жүйесіне тартады;
өз бетімен білім стейкхолдерін біріктіретін инновациялық идеяларға бастамашылдық етеді (әр
түрлі шығармашылық бірлестіктер, ассоциациялар, т.б.);
оқу-тәрбие үдерісіне кәсіби қоғамдастықтардың, құқық органдарының, медициналық әлеуметтік
қызметтерінің, балалар, жасөспірімдер қозғалыстарының, жастар ұйымдарының, қоғам және саяси
партиялар, үкіметтік емес ұйымдарының және т.б. өкілдерін тартады
Білім: кәсіптік коммуникация мен коммуникацияның психологиялық негіздері;
кәсіптік қоғамдастықтағы , оның ішінде желілік қоғамдастықтағы ынтымақтастықтың әдістері,
түрлері;
әр түрлі әлеуметтік топтармен әрекеттесу әдістері мен түрлері (сыртқы білім стейкхолдерлері);
кәсіби көшбасшысының негіздері.
1 –еңбек қызметі
Оқытушылық: оқу
ақпаратын
таратады, өз
бетімен оқуға
үйретеді
6.2