2.2 Пәннің мақсаты: «Балалар аурулары» пәнін оқу өздігінен жұмыс істеу кезінде балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырушы бола алатын, сонымен қатар инфекция ошағында профилактикалық жұмыс жүргізе алатын кез-келген деңгейдегі болашақ медицина қызметкерлері үшін өте маңызды болып табылады. Нозологиялық түрлер енгізілген балалар аурулары бойынша бағдарлама педиатрия саласындағы қазіргі жетістіктерді бейнелейді.
2.3 Оқыту міндеттері: - студенттерді педиатрияда кең тараған ауруларды диагностикалау мен емдеудің
негізгі принциптеріне үйрету.
- балалардағы жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі принциптеріне үйрету.
- балаларға немесе оларды күтетін адамдарға кеңес беру және олармен өзара қарым –
қатынас жасау дағдыларын жетілдіру.
2.4 Пәнді оқудың соңғы нәтижесі Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелері:
Білім алу деңгейі
Рөлдермен берілген құзіреттіліктер
Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі)
Б5.
Өмір бойы білім алушы.
Білім (когнитивті) домені: Қолданады: неонатология, тыныс алу, жүрек-қан тамыр,асқорыту,зәр шығару,эндокрин,инфекциялық аурулар модулі бойынша алған білімін қолданады. Жоғарыда аталған нозология бойынша клинико-лабораториялық талдауларды интерпретациялайды.
Дағдылар (психомоторлы) домені:
Дәлділік: науқаста физикалық мәліметтерді (пальпация, перкуссия,аускультация) көрсетеді.
Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: Алынған мәліметтерді өзара ажыратып клиникалық диагнозын түсіндіреді.