Пән атауы: Философия Тақырып: №12 Практикалық сабақ: Қоғам және мәдениет. Тапсырма №1



бет2/3
Дата21.02.2023
өлшемі22,25 Kb.
#69724
түріСабақ
1   2   3
Қоғамның даму салалары

Әлеуметтік

Экономикалық

Саяси

Рухани

Әрбір қоғам әлеуметтік жүйеге ие, оған отбасылық,ағайындық, ұлттық-этникалық, территориялық, таптық, кәсіби, демографиялық қауымдастықтар мен әлеуметтік институттар (ұжымдар, ұйымдар, топтар және т.б.) кіреді. Көріп отырғанымыздай, қоғамның әлеуметтік жүйесі өте күрделі. Тарихи даму барысында адамдардың тұрақты топтары қалыптасты, олардың алғашқысы – ағайындылық негізінде пайда болған рулықтайпалық қауымдастықтар. Бұл қауымдастықтармен бірге отбасы мен некенің формалары пайда болды, олар да топтық отбасынан моногамдық отбасына дейінгі күрделі даму жолынан өтті. Моногамдық отбасының бір түрі – нуклеарлы деп аталатын отбасы, ол жұбайлар мен олардың балаларынан тұрады. Әлеуметтік макродеңгейде ең тұрақты тарихи қоғамдастық – ұлт. Ұлттың анықтамасы: территориясы, экономикалық байланыстары, тілі, мәдениеті мен мінез-құлқы ортақ адамдардың тарихи қауымдастығы. Әлеуметтік жүйені тағы бір маңызды элементі – таптар. Оның басты алғышарттары – еңбектің қоғамдық бөлінуі, өндіріс құралдарына меншіктік қатынас.

Олардың арасындағы маңыздысы – экономикалық жүйе, осы қоғамдық құрылымға тән өндірістік қатынастардың жиынтығы кіретін материалдық өмірді өндіру тәсілі деп сипатталатын экономика. Марксистік түсінік бойынша, экономиканың ядросы – материалдық өндіріс, бұл салада қоғамдық өнім және ұлттық табыс жасалады және өндіріс тәсілі қоғамның әлеуметтік, саяси және рухани өмірінің анықтаушы негізі. Адамзат қоғамын, оның негізін түсіндіруде көптеген теориялардың болуына қарамастан, біздің пікірімізше, марксизмнің қоғам туралы басты теориясы – тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру өзінің маңызын жойған жоқ. А.Смит (1723-1790) пен Д. Рикардо (1772-1823) байлықтың негізі ретінде жалпы еңбекті қарастырса, К.Маркс пен Ф.Энгельс абстрактылық еңбекті бөліп көрсетті, қосымша құнның сараптамасын берді, өндіргіш күштердің, өндірістік қатынастардың және өндіріс құралдарына жеке меншіктің қоғамның қалыптасуы мен дамуындағы айқындаушы рөлін талдады. Бір қарағанда әртүрлі болғанымен, бұл көзқарастардың ортақ жағы – олардың бәрі қоғамның субстанциясы ретінде адамның әлеуметтік қызметін атап көрсетеді, ал әлеуметтік қызмет ең алдымен экономикада көрініс табады, сондықтан экономикалық жүйе қоғамның басты жүйесі деп айтуға болады. Бірақ қазіргі батыстық әлеуметтанушылар (Д.Белл, Д.Гэлбрайт, З.Бзежинский) бұл жүйені тым әсірелеуге болмайды, себебі мықты дамыған елдер қазір тауар экономикасынан қызмет көрсету экономикасына біртіндеп ауысты, сондықтан постиндустриалды қоғамда материалдық өндірістің, экономиканың рөлі төмендей береді деп тұжырымдайды.Экономикалық қоғамның негізгі белгілері:Экономикалық негізгі сфералар,Өндіргіш күштер,Өндіріс орындары,Экономиканың негізгі институттары кіреді.

Саясат дегеніміз – әлеуметтік субъектінің басқа субъектілерге немесе объектілерге қатысты саналы түрде жүргізетін қызметі. Әлеуметтік субъект ұғымы әлеуметтік топтарды, таптарды, ұлттарды, партияларды және басқа да қоғамдық ұйымдарды, ең бастысы – мемлекетті қамтиды. Саясат әртүрлі: экономикалық, қаржы саясаты, демографиялық, жастар саясаты, ұлттық саясат, халықаралық саясат және т.б. Осы әртүрлі саясаттың арасында ең басты орын алатын – саяси саясат, немесе шын мәніндегі саясат. Ол – таптардың, әлеуметтік топтардың, партиялардың мемлекеттік билікті сақтап қалуға немесе оған жетуге бағытталған қызметі. Саясаттың басқа түрлері мемлекеттік билік арқылы жүргізіледі. Көне гректер саясат деп мемлекетті басқара білуді түсінді. Саясат мемлекетке қатысты таптардың арасындағы қатынастардың барлығын қамтиды, бұл қатынастар негізінен алғанда осы қоғамда үстемдік етіп отырған таптардың көзқарастарын қамтамасыз етеді, себебі қоғамдық таптар мен топтар мемлекеттің билігіндегі басқару құралдары арқылы өздерінің мүдделерін жүзеге асыруға тырысады. Олардың түпкілікті мүдделерінің негізінде мемлекеттік саясаттың мазмұны қалыптасады. Бірақ мемлекетке қауіп төнген уақытта мемлекет өзінің террриториясын мекендеп отырған барлық таптар мен ұлттардың мүддесін қорғайды. Саяси қатынастардың жиынтығы қоғамның саяси жүйесін құрайды. Оған мемлекет, саяси институттар және белгілі бір қызметтерді атқаратын ұйымдар (саяси партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары және т.б.). Саясатты жүзеге асыруда саяси идеология мен саяси сана маңызды рөл атқарады.

Адамзат тарихындағы әрбір қоғамның өзіндік рухани жүйесі бар. Адам рухани өмірге ие жалғыз тіршілік етуші, себебі тек адам ғана санаға ие және соның нәтижесінде рухани өндірісті қамтамасыз етеді. Қоғамның рухани жүйесі қоғамдық санада бейнеленген.Рухани жүйеге:Дін,білім, Философия,өнер,құқық, мораль, идеология.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет