Пән атауы: Философия Тақырып: №12 Практикалық сабақ: Қоғам және мәдениет. Тапсырма №1



бет3/3
Дата21.02.2023
өлшемі22,25 Kb.
#69724
түріСабақ
1   2   3
Тапсырма №2.
2.Материалды және рухани мәдениет туралы пікіріңіз?
Мәдениет – қоғам дамуының негізгі қайнар көздерінің бірі десек, артық емес. Қоғамның прогресс жолымен дамуы оның экономикалық жағдайына ғана емес, өзіндік мәдениетіне, әсіресе рухани мәдениетінің дамуына тәуелді деуге болады және бұл байланыстың өзектілігі қазіргі заманда артып тұр
Мәдениеттің екі түрі бар.Оған рухани және материалды мәдениеттерді жатқызамыз.Мысалы материалды мәдениет:Тұрғын жай,құрал-сайман,киім-кешек,қару-жарақ т.б.
Ал Рухани мәдениетке-адамның таным білімін кеңейтуге арналған құндылықты қасиеттерді жатқызуға болады.Мысалы білім,дағдылық іс-әрекеттер,ойлау жүйесі т.б.
Жалпы адам қоғамды қалыптастырғанда бұл екі мәдениетте қажет.Тек рухани мәдениетпен немесе тек материалдық мәдениетпен өмір сүремін деу үлкен қателік.Менің ойымша адам екі мәдениетті тепе-теңдікте ұстай отыра өмір сүру керек.Бірақ рухани мәдениетті материалдық мәдениетке бағындыра білу керек.Себебі материалдық мәдениеттің қай бағытта жұмсалатынын рухани мәдениет шешеді.Мысалы қару-жарақ материалдық мәдениетке жатады.Бірақ оның қай бағытта жұмсалатыны рухани мәдениеттегі ақыл,білім,парасаттылыққа байланысты.
Тарих бойынша ата-бабамыз мәдениетті керемет деңгейге дейін көтерді.Сол кезде пайдаланылған көшпенділердің мәдениетін бүкіл әлем пайдаланды.Мысалы біздің ата-бабамыз ойлап тапқан атқа міну мәдениеті бүкіл әлемге таралып,талай ғасыр адамға көлік болды.Тек ол ғана емес олар рухани мәдениеттен де кемшіл болмады.Олардың қалыптастырған шешендік өнері,даналық ойлары қазақ тілінің сөздің қорын байытты.Қазіргі таңда соның арқасында қазақ тілі сөздік қоры бойынша әлемде араб тілінен кейін екінші орынды алады.Шетелдік тарихшылар қазақтар ежелде рухани мәдениетт дұрыс жетілмеген,себебі олар надан болған дейді.Бірақ бұл өте қате түсінік.Ата-бабамыз рухани мәдениеттен ешқашан кемшіл болған емес.Қайтап оны дамытып өрлетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет