Пән атауы: Философия
Тақырып: №3
Практикалық сабақ: Сана, жан және тіл
Тапсырмалар:.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
Адам санасының негізгі қасиеттері
Адам санасының негізгі қасиеті-еңбек әрекеті.Қоғамдық дамудың алғы шарты және нәтижесі. Еңбек әрекеті адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар мен тұрмыс жағдайының күрт өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт өзгеруі адамның тіршілік етуін қиындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы шиеленісе түсті. Адам қиындықта жеңбесе, тегінің құрып кету қаупі туды. Сондықтан олар қауымдасып, топтасьіп тіршілік етуге, біріне-бір бірлесіп кемектесуге мәжбүр болды. Адамдардың топтасқан мүшелерінің қарым-қатынасы біртіндеп «өндірістік» қарым-қатынасқа ауысты. Адамның нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттың бірі — еңбек.Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды. Эволюциялық дамудың ең жоғағы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы тусінетін болды, сөйтіп, акиқат дүниені өзгерту дәрежесіне қолы жетті. Еңбек құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекетінің арқасында адам тіршілік ортасына тәуелді болатын бірсыпыра жағдайлардан құтылды, өзін сол ортаның иесі ретінде сезінетін деңгейге көтерілді. Өздері жасаған құралдармен әр алуан әрекеттерді жасайтын болды. Бұл — адамдар қауымдастығының жануарлар тобынан ерекшеленетін ең басты сапалық айырмашылықтарының бірі. Жоғарыда аталғандай, жануарлар кездейсоқ заттарды пайдаланса, адам өзіне қажетті, тұрақты заттарды пайдаланды. Өз қолынан шыққан құралдары оның қимылын, әрекетін дамытып, материалдық сипат алды. Құрал арқылы бір ұрпақ келесі ұрпақда түрлі құрал жасау тәсілдерін, іс-қимылын мұра етіп қалдырды. Еңбек әрекетінде адамның зейіні өзі жасайтын құралға шоғыр-ланып, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға да бағытталады. Адамның әрекеті — еңбек. Қоғамның бастапқы даму сатысы деңгейінін төмен болуына орай алғашқыда ойлаудың да әресіз болғаны анық. Өндіріс құралы күрделенген сайын бейнелеу әрекеті де сол шамада болған.Қүрделі өндіріс түрлерінің шығуына сәйкес қоғам мүшелерінің құрал-жабдық жасаулары да бірнеше буынға бөлінеді. Енді қоғам мүшелері әр буынды жеке атқарады. Іс-әрекеттердің буындарға тарамдалуы өндіріс құ-ралдарының түр-турін: шығаруға жіктеліп, адамдардың сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыратын денгейге жетті. Мұндай қажеттіліктер адамдардың абстрактылы ойлау әрекетінін дамуына да пайдалы, әсерін тигізеді. Осы орайда, К. Маркстің адам табиғатқа әсер ете отырып, өз табиғатын да дамытады дейтін пікірі — өте дұрыс қағида. Адам мен табиғат арасындағы қатынас өндіріс әрекетімен ұштасады. Енді сол адамдар өздерінік зат алмасуды реттеп, оны бақылап отыратын дәрежеге жетеді. Табиғаттан өз қажеттерін өтейтін заттарды өңдіріп, іске жарату процесінде адам өзінің бас, қол, аяқ тәрізді дене мүшелерінің де күшін пайдаланып, олардың, дамып жетілуіне пайдалы әсердің барын біледі. Дене: мүшелері әр алуан қимылды козғалыстар үстінде өзгерістерге ұшырайды. Еңбектену әрекетінде қолдың атқаратын жаңа қызметтері қалыптасады, ептілігі артып, анамомиялық өзгерістерге ұшырайды. Қол мен иықтың, білектің көлемі өзгеріп, буындар шапшаң козғалатын болады. Қол заттарды ұстау органы қызметін атқарумен «бірге» адамның таным құралына да айналады. Саусақтардың жетілуі адамның сипап білу сезімдерін жетілдіре тжеті. И. М. Сеченев қолдың түрлі қызмет атқаруына баса мән беріп, оны сипап сезінудің нәзік органы деген болатын.Қол еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасып, турлі затқа жанасу арқылы әрбір нәрсені нәзік ссзіне алатын болды. Сондай-ақ, қол материалдық дене жөнінде бағалы мағлұматтар да береді. Қол — тек еңбек органы ған емес. Оның еңбектердің жемісі. Оның дамуы адамнын бүкіл органдарының дамуына да әсер етеді. Қолдын ас күрделі істерді атқаруға бейімделіп, дамып, жетіліп адамды өз бойын билеп, тік жүру деңгейіне жеткізді.Қолмен істелетін сан қилы еңбек әрекеті көздің бақылауымен ұштасып, адамның көру органынын дамуын әсеріш тигізеді. Қол мен көздің бір-біріне сәйкестеніп отыруы адам организмінің бүкіл қимыл-қозғалысын реттеп отырады да, оның танымдық әресін кеңейтеді. Сөйтіп, оның сезіну қызметінін өзгеруі бас миының жетіліп, көлемінін арта түсуіне қолайлы жағдай тудырады. Бас миында қолдың әрекетін реттейтін орталықтын жасалуы адамның психикасы мен әрекетінің барынша күрделеніп отыруына пайдалы әсерін тигізіп, дүниенін сырын неғұрлым терең танып білуге баулиды. Мұндай жетістіктердің бәрі — адамнық еңбек әрекетінің жемісі. Еңбек ету нәтижесінде адамзаттың қоғамдық өмірі құрылды, қарым-қатынас жасаудың жоғары формасы — олардың дыбысты тілі, жетіліп, адам сана арқылы болмыстың: шындығын тепе-тең етіп бейнелей алатын болады. Еңбек процесінде адамның саналы әрекеті қалыптасып, бейнелеу формалары жетіле түсті.Тарихи даму проиесінде екі шешуші фактор — еңбек пен дыбысты тіл арқылы адамзат орасан зор табыстарға жетіп, осы заманғы материалдық және рухани мәдениетті меңгереді.Сана— психика дамуының ең жоғары сатысы. Ол тек ақыл иесі — адамдарға ғана тән қасиет.
Сананың детерминанттылығы: саналылық пен бейсаналылықтың арақатынасы.
Адамның психикасы мен мінез-құлқы туралы ойлана отырып, менің ойымша, сана мен бейсананың өзара байланысы мәселесіне ерекше назар аудару керек. Сана психологияның, философия және барлық антропологиялық ғылымдардың маңызды ұғымы болып табылады. Сондықтан сана мәселесі және оның бейсаналықпен өзара әрекеттесуі оған әртүрлі көзқарастарды, оның жеке аспектілері туралы көптеген көзқарастарды тудырады. Сана-бұл нақты әлемді бейнелеудің ең жоғарғы формасы, тек адамға ғана тән және сөйлеуге байланысты ми қызметі, шындықты әлеуметтік және мақсатты түрде бейнелеуден, іс-әрекеттерді алдын-ала ойластырудан және олардың нәтижесін алдын-ала болжаудан, адамның мінез-құлқын саналы түрде реттеуден және өзін-өзі бақылаудан тұрады.Сана – бұл психиканың ажырамас бөлігі.Ол адамның сыртқы әлемін ғана емес, сонымен бірге ойларын, сезімдерін, идеяларын қамтиды.Ал оның басқа бөлігі – бейсаналық болып табылады. Адам өзінің мінез-құлқын саналы түрде басқару үшін сыртқы ортадан да, ішкі органдар мен жүйелерден де келетін сигналдарды қолданады. Сигналдардың көпшілігін адам түсінбейді және олар мінез-құлықты реттеу үшін қолданылатынына қарамастан, бұл сана деңгейінде болады. Субъект қабылдамайтын психикалық құбылыстардың жиынтығы - бейсаналық деп аталады. Бейсаналық - саналы адам мінез-құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау болып табылады. Бейсаналықтың аймағы үлкен болады. Бұл - адамның сана-сезімі жоқ кезінде психиканың белсенді жұмыс істей беретін жағдайы.Бейсаналықтың іс-әрекетінің 2 әдісі бар:
Автоматты, рефлекторлық әрекеттер, сананың қасақана немесе табиғи түрде өшірілуімен (түсінде, гипнозбен, қатты мас күйінде, ұйықтаумен, есін жоғалтумен және т.бСубъектінің санасымен қарым-қатынасына тікелей қатыспайтын белсенді психикалық процестер;
Адамның жеке басындағы бейсаналық - бұл адамның өзіне тән, бірақ санасы қабылдамайтын сезімдер, мүдделер мен тілектер. Олар қабылдау, есте сақтау және қиялмен байланысты әртүрлі еріксіз реакцияларда, әрекеттерде, психикалық құбылыстарда байқалады. Бұл құбылыстардың барлығы "қате әрекеттер"деген анықтама алды. Бейсананың мысалдары: қате жазу, сөздерді дұрыс тыңдамау; адамның жағымсыз эмоцияларын тудыратын есімдерді, уәделерді, оқиғаларды және басқаларды еріксіз ұмытып кету;Көптеген шетелдік және отандық ғалымдар бұл мәселені көп уақыт зерттеді және әлі де зерттеп келеді. Шетелдік психологияда Зигмунд Фрейд бейсаналық ілімнің дамуына үлкен үлес қосты. Ол бейсаналық - психикалық өмірді реттеуде жетекші рөл атқарады, ал сана — бұл біздің психикамыздың аз ғана бөлігі дп түсіндірді. Кейіннен оның теориясын г. Юнг дамытып, толықтырды. Ол психиканы динамикалық қарама-қайшылықты бірлік деп санады, сана мен бейсананың өзара әрекеттесуімен олардың арасындағы үздіксіз энергия-ақпараттық алмасумен толықтырады деп тұжырымдады. Л.С. Выготский сана — бұл психикалық функциялардың, қабілеттер мен жеке қасиеттердің бірлестігі екенін атап өтті.Қазіргі кездегі ғылыми мәліметтерге сәйкес, сана мен бейсаналық арасындағы қарым-қатынас туралы мәселе әлі де ашық және біржақты шешілмейтінін мойындау керек. Мұның басты себебі - санамен, сондай-ақ адамның мінез-құлқымен және оның саналы реттелуімен байланысты бейсаналық психикалық құбылыстардың көптеген түрлерінің болуы.
Ұлттық сана туралы жеке пікіріңіз..
Ұлттық сана менің ойымша-белгілі бір ұлтты құрайтын халықтың бүкіл ғұмырнамасының,тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дәрежесі,яғни халықтың өзін-өзі жете танып түсінуі.
Достарыңызбен бөлісу: |