Пән атауы:Ұлттық руханият Топ: ҚТӘ-202 2023-2024 Жоспар: Кіріспе



бет2/5
Дата10.12.2023
өлшемі32,79 Kb.
#136048
1   2   3   4   5
Байланысты:
Руханият 13

Абай поэзиясының жанрлық қырлары
XIX ғасырдағы орыс әдебиетін, оның халықтық негізін терең зерттеу Абайды ақындық жолда жаңа көзқарасқа алып келді. Ең алдымен, Абай сөз өнерін үлкен қоғамдық күш, әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлең – бұл тұрғыдағы ақын бағдарламасы тәрізді. Онда Абай өлеңге қойылатын көркемдіктің жаңа шарттарын белгілейді:
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы».
Бұл өлеңнің түпкі мәні қазақтың қара өлеңіне артылар жүктің салмақтылығы. Оны «бөтен сөзбен былғамау» керектігін айта отырып, көркем сөздің асылы – поэзия деп баға береді. Абай қазақ ортасында оның қадірін кетіріп жүрген ақын-жазушыларды сынайды. Сынағанда да, өлең сөзді әлеуметтік шындықты суреттеуге емес, күн көріс қамына жұмсаушылар мен «көр-жерді өлең» қылушыларға арналады. Сол арқылы ақын қазақ арасында өлең сөздің «қадірсіз» көрінген себебін ашады. Сөйтіп, өз поэзиясында жаңа мақсат барын танытады.
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап, – дейді. Бұл шумақтың соңғы жолдары ақынның өлең сөздің мазмұнын өзгертуімен байланысты, тыңдаушыларды да тәрбиелеу қажеттігіне назар аударғанын байқатады. Оларды халық тағдырын жырлайтын жаңа үлгідегі поэзияны түсіне білуге, бағалауға үндейді.
Қоғам мен адам өміріндегі поэзияның орны және қызметі жайлы ойын Абай «Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол» атты өлеңінде тереңдете түседі.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең»
Бұл ойын ақын сәби дүниеге келгендегі шілдехана, қыз ұзатқандағы той бастар өлеңдері, адам дүниеден өткенде айтылатын жоқтаулармен дәлелдей келіп, өмірде өнермен байланыссыз еш нәрсе жоқ екенін көрсетеді. Осы ретте Абай өлеңді рухани құрал ретінде ерекше бағалайды. Халық алдында өзінің де күлкі болмауын, сөздің де қадірін кетірмеуін тілейді. Жыршы қауымның ел мұңына жақын болуын қалайды.
Сый дәметпе, берсе алма аш адамнан,
Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан
Сүйінерлік адамды сүй, қызмет қыл
Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан, ­­ – дей келіп, Абай өлеңнің ермек емес, өнер екенін тағы ескертеді. Өз өнерін халық мүддесіне жұмсауды мақсат етеді. Өзінің ақындық мақсатын осылай көрсете отырып, Абай бұл өлеңде шығарманың мазмұнына қатысы жоқ сөзуарлықты, ескі хиссаларда, соған еліктеп хисса жазатын ақындарда кездесетін «әсіре қызыл» теңеу, образдарды, жалған қызықшылықты сынап өтеді.
Өлеңі бар, өнерлі інім, сізге
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ
Есіл өнер қор болып кетер түзге,– деген жалынды сөздерімен ол жас буын ақындарға тілек артады.
Халқының келешегін ойлап егілген, сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, өсиеті де аз емес. Ұнамсыздықты сынай отырып, Абай өз халқымен жақындаса түседі, оның шын қамқоршысы дәрежесіне көтеріледі. Белинскийдің, Чернышевскийдің, Добролюбовтың әдебиетті өмірге жақындату, сол арқылы қоғамдық дамудың өзекті мәселелерін батыл көтеру жайлы ойлары Абайға күшті әсер еткен. Осы идеяға сүйене отырып, ақын қазақ ортасындағы өлең сөздің маңызын көтеруді міндетіне алады. Жаңа сөзге лайық жаңа оқушы, тыңдаушы тәрбиелемек болады. Бұл – Абайдың қазақ әдебиетіне кіргізген үлкен жаңалығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет