Пән бағдарламасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған /



бет14/17
Дата27.11.2023
өлшемі89,82 Kb.
#129346
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
СОӨЖ тақырыбы: Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісін жүзеге асыру
1. 1930-1940 жылдардағы Кеңес мемлекетінің қуғын-сүргін саясаты. Қосымша материалдарды пайдаланып, Карлаг, Дала лагері, АЛЖИР тұқындарының өмірі туралы хабарлама дайындаңдар. Интернеттен «Долинка» және «АЛЖИР» мұражайлары жайлы қосымша деректер алып презентациялар дайындаңдар.
Төмендегі кестені толтырыңдар.

Қазақстан аумағында қандай лагерьлер болды?

Кімдер қамауға алынды

Қандай айып тағылды?

2. И.В. Сталин «жеке басқа табыну» кезеңінің сыны. Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу нәтижесінің салдары
3. Әскери-өнеркәсіптік базаны жеделдету бағытын қолға алу. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптары.
4. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан. Күнәсіз қуғындалған мемлекеттік, қоғамдық қайраткерлерді «ақтау» және оның жартыкештік сипаты.
Мына төмендегі терминологиялық сөздерді жақсы игеріңіздер:
БМСБ (ОГПУ) –1922 жылы КСРО ХКК жанынан біртұтас қоғамдық орган Біріккен мемлекеттік саяси басқармасы арнайы қызметі құрылды. 10 шілде 1934 жылы ІІХК (НКВД) болып өзгертілді. Оны Генрих Ягода басқарды. 6 қыркүйек 1936 жылы бұл орынға Ежов қойылды. 10сәуір 1939 ж. ол тұтқындалып 1940 ж. 3 ақпанда соты болып, атылды. 1939-1953 жж. Берия болды. Кейін бұл жүйе МҚК (КГБ) аталды.
ГУЛАГ – еңбекпен түзеу лагерлерi, еңбек қоныстары және мерзiм өтеу орындарының басты басқармасы. 1934 ж. Iшкi Істер Халық комиссариаты құрамында құрылған. Басқару орны 1956 жылға дейiн өмiр сүрдi. “ГУЛАГ” терминi жаппай қуғын-сүргiн құрбандары жазаларын өтеген барлық лагерьлер және түрмелер жүйесiн атау үшiн пайдаланылады.
Кулактарды тәркілеу – күш қолданып және сотсыз ауқатты шаруаларды бар мүлкінен, жерінен және азаматтық құқықтарынан айыру.
Репатриация – соғыс барысында отанынан алшақ қалған азаматтардың және әскери тұтқындардың, сонымен қатар эмигрантардың отанына оралуы. Репатрианттар репатриация бойынша отанына оралғандар.
Саяси қудалаудың қандай жаңа тәсілдері ойластырылды?
«Бекмаханов ісі» қалай өрбіді? Неліктен соғыстан кейін де қуғындау тоқтаған жоқ?
Қосымша материалдарды пайдаланып, 1954-1964 жж. Қазақстан басшылары туралы «Портреттер галереясын» дайындаңдар. Әрбірінің қызмет еткен кезеңдегі ерекшеліктеріне тоқталып, баға беріңдер.
Неліктен қарастырылып отырған кезең “Хрущев жылымығы” деп аталады? ХХ съездің маңызы неде және съездің шешімдеріне баға беріңдер.
Тың игерудің демографиялық ахуалы және оның қазақ халқына тигізген әсері жайлы әңгімелеп беріңдер. Тың игеру “дұрыс” және “қате саясат” деген тақырыпта пікірталас өткізуге дайындаламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет