Дәріс тақырыбы: Қазақстанда Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі (ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі – ХХ ғасырдың басы)
Практикалық сабақ тақырыбы: Қазақстанда Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі (ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі – ХХ ғасырдың басы) 1.Орынбор генерал-губернаторы О. Игельстромның реформасы: бас старшинаны енгізу және Кіші жүздегі хан билігін жою жобасы. Шекара сотының және расправаларлың құрылуы.
2. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу. Хан билігін жою. Даладағы сұлтандық институты (XIX ғасырдың 20-60 жылдары). Ресей империясының құқықтық нормалары бойынша аға сұлтандар, сұлтан-әміршілер, болыс сұлтандар, старшиналар, билер, құрметті қазақтардың мәртебесі.
3. Патша үкіметінің реформалары Қазақстанда реформалары (Дала комиссиясының қызметі. Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы (1867 жыл) және Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы (1868 жыл) уақытша ереженің жүзеге асырылуы. Сот жүйесі мен салық салудағы өзгерістер. Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886 жыл). Әкімшілік құрылым. Дала облыстарын басқару туралы ереже (1891 жыл). Көшпелі және отырықшы халықты жерге орналастырудағы өзгерістер. Ресей империясының Дала генерал-губернаторлығындағы соңғы реформасы: шаруа бастықтары институтының енгізілуі (1902 жыл).
4. Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары. Бөкей ханның билігі. Жәңгір хан билігінің сипаттамасы: жерге иелік ету мен жер пайдаланудың жаңа нысандары. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты.
5. Жер мәселесі. Шекаралық шептердің құрылуы, жерді тартып алу. Әскери-казактық отарлауы: Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлері. Казактар сословиесі және оның мәртебесі.
6. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы көші-қон саясаты және столыпиндік жаңғырту. Ауыл тұрғындары мен егінші мещандарды қоныстандыру туралы уақытша ереже (1904 жыл). Қазақстанда көпұлтты қоғамның қалыптасуы.
Тапсырма: семинар сабағының сұрақтары бойынша конспект дайындау керек.
СОӨЖ тақырыбы: Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік инженерингі Реферат жасау және қорғау 1.Қазақ жастарын Ресей империясының кадет корпусында, гимназияларында және университеттерінде оқыту. Қазақ зиялы қауымының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі.