Практикалық сабақ тақырыбы: Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы 1. 1985-1991 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық өмірі.
2.КСРО күйреуі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы. Қазақстандағы қайта құрудың қорытындылары: жағымды және жағымсыз жақтары Тұңғыш рет Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі.
3. Мемлекеттік бірегейлікті дамыту, азаматтық бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты нығайту.
4. Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясының Бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдануы.
5. Қазақстан Республикасының сот, прокуратура, полиция, қауыпсыздық органдары қалыптасуы.
Тапсырма: семинар сабағының сұрақтары бойынша конспект дайындау керек.
СОӨЖ тақырыбы: Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы 1. «Қазақстан-2030» Стратегиясы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы (тезис-конспект). 2. Глосарий жасау және терминдерді білу Плюрализм (лат. pluralis- көп, көбейтілген) — әлеуметтік топтар өздерінің мүдделерін, ой-пікірлерін өз өкілдері арқылы білдіруге мүмкіндігі бар қоғамның демократиялық саяси жүйесінің сипаттамасы.
Митинг (ағылш. жиылыс) — бір мәселе бойынша жиналып талқылау.
Егемен (суверенитет) — мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатты жүргізудегі басқа мемлекеттерден толық тәуелсіздігі.
3. Терминдерге тиісті анықтаулар табыңыз:
№
Термин
Анықтаулар
1
Мәжіліс
А. Жергілікті заңнамалық билік органы
2
Президент
Ә. Үкімет басшысы
3
Спикер
Б. Парламенттің жоғарғы палатасы
4
Премьер-министр
В. Мемлекет басшысы
5
Мәслихат
Г. Парламенттің төменгі палатасы
6
Импичмент
Ғ. Тыйым салу
4. Әңгімелеу, өз пікірін білдіру: «Астана қаласы – Қазақстан тәуелсізідігінің нышаны»