Пән бағдарламасының (Syllabus)титул парағы



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата25.04.2023
өлшемі455,77 Kb.
#86856
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Түгендеу. Бухгалтерлік есепте және аудитте түгелдеу әдісі ол
кәсіпорын мүлкінің, негізгі құралдың, тауардың, материалдың, ақша
қаржысының, құнды қағазының есеп айырысу әрекеттерінің нақты бір


кезеңде түгелдеу барысында бухгалтерлік есеп көрсеткішіне сайма-сай
дұрыс екендігін анықтайды. Түгелдеу процесінің қорытындысы,
бухгалтерлік есеп көрсеткіші мен нақты тексеру құжаты "инвентарлық
тізімде" анықталған сомамен салыстыру арқылы анықталады. Яғни,
бухгалтерлік есеп көрсеткіші тізімі қорытындысынан артық болса, оның
айырмасы жетпеген соманы көрсетеді. Қандай көрсеткіш (t1-) анықталған
жағдайда да аудит барысында оның себебін анықтау, оған анықтама жасау,
түсініктеме беру аудитордың міндеті.
Аудит барысында түгелдеу процесіне тікелей бақылау жасалынады.
Себебі, көп жадайда есеп процесіндегі кемшілік немесе қиянатшылық осы
түгелдеу процесінде анықталады, екіншіден барлық бухгалтерлік есеп
көрсеткіштерінің дұрыстығы көп жағдайда осы түгелдеу қорытындысымен
тікелей байланысты болады. Осы орайда, ерекше орын алатын есеп процесі
ол қоймадағы тауардың, материалдың аналитикалық есебі. Оны жүргізу
әдісі қазіргі кезде септеу машинасы арқылы немесе компьютер қолдану
арқылы, ал көп жағдайда қолмен есеп карточкалары арқылы жүргізіледі.
Аудит барысында аналитикалық есеп жұмысын тексеру өте күрделі
процесс. Ол жұмыста қате жіберілсе немесе әдейі өзгерістер енгізілсе оның
кәсіпорын шаруашылығына тигізетін әсері өте күрделі. Соның салдарынан
өндіріс процесінде толқушылық, өндіріс өнімнің сату қуатының өзгеруіне
жалпы шаруашылық қаржылық-табыстылық жағдайына әсерін тигізеді.
Мысалы, өндіріске қажетті материалдың сапалылығы өзгертілсе оның
бағасы да өзгереді. Ал, ол өзгерістер материалдарды кіріс-шығыс жасауда
құжатқа бір бағамен, басқа сапамен есепке алынады. Соның
көрсеткіштерінің арасында көптеген айырмашылықтар болады да еншісінде
немесе пайдасында қалады. Яғни, соның нәтижесінде шаруашылықтағы
субъектілер, оның сыбайластары көп зиян шегеді.
Кәсіпорын экономикасында материалдарды, тауарды түгелдеу сияқты
негізгі құралдарды бухгалтерлік есебіндегі ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік
айырмашылығы болады. Мысалы, түгелдеу тізімі негізгі құралдың
аналитикалық есеп карточкалары арқылы толтырылады. Сол сияқты ақша
қаржысы мен құнды қағазды түгендеу процесі де өзінің бухгалтерлік есеп,
ереже-нұсқау талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Шаруашылық субъектілерінің есеп-айырысу әрекетіне түгелдеу
жүргізу өте күрделі, оның тауарлары аудит жұмысы үшін өте қажет. Егер де
жабдықтаушыға алған тауары үшін төлем жасалмаса немесе сатып
алушылар алған тауарына төлем жасамаса ол кәсіпорынның қаржылық,
табыстылық жағдайы туралы жұмысын текеру мүмкін емес.
Қорыта келгенде аудитор түгелдеу жұмысы туралы өзінің
қорытындысын жасайды. Ал, кездейсоқ, өрескел жағдайлар анықталса
тапсырушыға арнайы әр фактілер туралы жеке-жеке анықтама жасап
тапсырылады, ол бірақ аудиттің құпиялық принципін сақтау тәртібімен
жүргізіледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет