Пән бағдарламасының (Syllabus)титул парағы



Pdf көрінісі
бет11/24
Дата25.04.2023
өлшемі455,77 Kb.
#86856
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
СараптауНақты тексеру барысында сараптап анықтау әдісі негізінде
өндіріс барысын бақылау ретінде қолданылады. Оның ішінде өндіріс
технологиясының дұрыстығы, өндіріске жіберілетін шикізаттардың,
материалдардың, өндіріс технологиясының талабына лайықты екенін, жаңа
өнім сапалылығын сараптау, өндіріс процесіндегі шикізат пен
материалдардың қосалқы шығынын сараптау тағы сол сияқты көптеген
процестерге сараптау жүргізіледі.
Бақылау - бұл да нақты тексерудің бір түрі. Оның негізгі мақсаты
күнделікті шаруашылық барысын тексеру, бақылау жасау. Мысалы,
күнделікті өндіріс барысына бақылау жасау, еңбек жұмыс тәртібін бақылау,
материалдар тасу, дайын өнімнің сатылу барысын олардың қоймада сақталу
тәртібін бақылау.
Қорыта келгенде аудитор жұмысында әдістемелік тексеру әдістері
үлкен орын алады. Оның ішінде қазіргі кезде тексеру барысында компьютер
қолдану, тапсырушының компьютер құрылымымен жұмыс істеуі ерекше
орын алады. әрине ол үшін аудитор компьютер бағдарламасын жақсы білуі
қажет.
Лекция 10
1.
Аудиторлық құжаттау және олардың түрлері. 
2.
Жұмыс құжаттарының ролі мен маңызы.
1. Аудиторлық құжаттау және олардың түрлері. 
230 "Құжаттау" деп аталатын Халықаралық аудит стандартында "аудитор аудиторлық
қорытындыны растаушы дәлелдеулерді, сондай-ақ, аудиттің Халықаралық стандарттарға (ХАС)
сәйкес жүргізілгендігін растайтын дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы бар мәліметтерді
құжатпен рәсімдеуге тиісті" делінген. Аталмыш құжатқа сәйкес аудитті жалпы түсінуді
қамтамасыз ету үшін жұмыс жазулары жеткілікті түрде толық және аяқталған болуға тиісті.
Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты - аудитордың аудитті нормативтік-құқықтық
актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.
Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:
- олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңіңде көмектеседі;
- олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға
жағдай туғызады;
- оларда аудиторлық қорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы
нәтижесінде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.


Құжаттарды дәлелдеу маңыздылығы бойынша 4 топқа бөлеміз:
1) алғашқы
2) жиынтық
3) өкілетті емес
4) көмекші


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет