Пән бағдарламасының (Syllabus)титул парағы


 Жұмыс құжаттарының ролі мен маңызы



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата25.04.2023
өлшемі455,77 Kb.
#86856
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
2. Жұмыс құжаттарының ролі мен маңызы.
Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұны. Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық
жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі және
мерзімі, болатын нәтижелер, сондай-ақ алынған аудиторлық дәлелдеулердің негізінде
жасалынған қорытынды-пікірлер туралы ақпараттарды көрсетуге тиісті.
Аудит практикасында жұмыс құжаттарының унификациясы (бір ізге салынуы) ұлттық
стандарттарда да, халықаралық стандарттарда да қарастырылмаған. Олар фирма ішілік
стандарттарға сәйкес жасалынады және сол стандарттармен бекітіледі.
Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді:
- жұмыс құжаттарын дайындау және оған шолу жасаудың тиімділігін арттырады;
- жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді;
- сапаны бақылауға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Жұмыс құжаттарының нысаны
мен мазмұнына төмендегі факторлар әсер етеді:
- көрсетілетін қызметтің сипаты;
- аудиторлық қорытынды есептің нысаны;
- клиент бизнесі;
- ішкі бақылау жүйесінің жағдайы;
- аудитті орындау процесінде қолданылатын әдістеме.
Жұмыс құжаттарының мазмұнына қойылатын негізгі талаптар.
Жұмыс құжаттары төмендегі ақпараттарды растауға (дәлелдеуге) тиісті:
1. Бухгалтерлік жазулар қаржылық және басқа қорытынды есеп берулерге сәйкес
орындалған;
2. Жұмыс бірдей жоспарланған және бақыланған;
3. Аудитті жоспарлау мақсаты үшін ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізілген;
4.Дәлелдеулер алынған, аудиторлық процедуралар жүзеге асырылған және тексерулер
пікірлердің дұрыс білдірілгендігін растау үшін жетік дәлелдеулер алатындай етіп жүргізіледі.


Аудитор оның дайындаған жұмыс құжаттарын аудиторлық қорытынды жасау үшін аға
аудитор немесе аудиторлық фирманың жетекшісі мұқият қайта қараған кезде ол құжаттардың
мазмұнында сәйкессіздік немесе толық еместік табылып қалуы мүмкін екендігін мойындауға
тиісті. Бұл жерде кейбір жұмыс құжаттарын клиент дайындайтындығын айта кету керек.
Клиентті кеңсе жұмыстарына жіберуге болады, содан соң, бірақ оларды аудитордың өзі
тексеруіне тура келеді. Ондай құжаттар төмендегілер болуы мүмкін:
- Тексеруші баланс.
- Банк шоттарынан үзінділер.
- Түгелдеу тізімдемесі.
- Дебиторлар мен кредиторлардың тізімі.
- Келіп түскен және шыққан негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және
т.б. тізімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет