Пән бағдарламасының (Syllabus)титул парағы


 Бақылау құралы туралы түсінік (БҚ) және оның түрлері



Pdf көрінісі
бет16/24
Дата25.04.2023
өлшемі455,77 Kb.
#86856
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
2. Бақылау құралы туралы түсінік (БҚ) және оның түрлері.
Бақылау процедуралары – бұл есептеу жүйесі мен бақылау ортасын
элементтерімен толықтырып отыратын, әкімшіліктің компания алдындағы
мақсаттарға жету үшін құрған әдістер мен ережелер болып табылады.
Әрбір шаруашылық жүйеде осындай көптеген әдістер мен процедуралар
болады. Алайда, олардың барлығы көбіне келесі бес категорияға еніп
кетеді. Олар:
─ Міндеттемелердің дұрыс бөлінуі. Бұларға бухгалтерлік есеп пен
материалдық жауапкершіліктің бөлінуі, активтер бойынша материалдық
жауапкершілік пен операциялардың санкциялануы, шаруашылық
операцияларды жүргізуге жауапкершілік және олардың есебін жүргізуге
жауапкершілік жатады.
─ Санкцияланатын процедуралардың тиімділігі. Бақылау жүйесі тиімді
қызмет ету үшін, әрбір шаруашылық операция өз деңгейінде шешілуі
(санкциялануы) керек. Егер ұйымның әрбір тұлғасы активтерді өз қарауы


бойынша алуы немесе тарататын болса, онда қорытындысында хаос болар
еді. 
─ Құжаттау және жүйелік есеп тіркемелері. Бұл, құжаттау және есеп
тіркемелері – материалдық тасымалдаушылар, шаруашылық операциялар
жайлы ақпараттарды тарқататын және белгілейтін болып табылады.
Олардың арасында: шот–фактура, бухгалтерлік тіркелімдер, алуға
тапсырыстар, реализация бойынша журналдар, жұмысшылардың жұмыс
уақытысы есебінің карточкасы, сонымен қатар алғашқы құжаттар және
есеп регистрлары да жатады. Құжаттар және тіркемелермен тығыз
байланыста болатын бақылау құралы – шоттар жоспары болып табылады.
Бұл арқылы табыстар мен шығындарды баланстық шоттар мен шоттар
статьясымен анықтайды. 
Есеп принциптерінің тұрақты қолданылуы үшін, оларды басқарушылық
әдістемесінде белгілеу керек. Бұл басқару кәсіпорынның құжат айналымын,
активтердің сапалы бақылауын жүзеге асыруға қажетті ақпаратпен
қамтылуы керектігін анықтау керек.
─ Құжаттар мен активтерді бақылау. Ең маңызды активтер мен
құжаттарды қорғаудың жолы – қауіпсіздік шараларын қолдану болып
табылады. Мысалы, тауарлы-материалдық құндылықтардың кішігірім
ұрлықтан қорғау үшін, қоймада түгендеу жүргізіп тұру керек. Басқа да
қауіпсіздік жағдайлары - өрттен қорғайтын сейфтерді қолдану, валюта
және бағалы қағаздарды қорғайтындай жағдай жасау. 
Құжаттар мен тіркемелердің сақталуына қауіпсісдік шаралары
өте қажет болады. Себебі, жоғалған немесе жойылған құжаттарды қалпына
келтіру қымбат тұрады және көптеген уақытты алады.
Сонымен қатар механикалық сақтау құрылғыларын қолдануға
болады. Бұл арқылы бухгалтерлік ақпараттардың өз уақытысында және дәл
тіркелуіне, сонымен бірге сенімділіктің жоғарылауына алып келеді. Бұл
мақсатты іске асырушыларға кассалық аппараттар және мәліметті өңдейтін
автоматты құрылғылар жатады.
─ Тәуелсіз тексеруді жүргізу. Бақылау процедураларының соңғы
категориясы – бұл қалған төрт процедуралардың тиянақты және үздіксіз
жүргізілуіне шолу болып табылады. Көбіне мұндай тексерулер тәуелсіз ішкі
тексерулер деп аталады. Ішкі бақылаумен айналысатын мамандардың
бастапқы, негізгі мінездемесі тәуелсіздік болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет