Пән бағдарламасының (Syllabus)титул парағы


Талқылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата25.04.2023
өлшемі455,77 Kb.
#86856
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Талқылауға арналған сұрақтар
1.
Клиенттің ішкі бақылау жүйесін сипаттап беріңіз
2.
Клиенттің ішкі бақылау жүйесінің элементтерін атаңыз. 
3.
Бухгалтерлік есеп жүйелерін бақылаудың мақсаты. (БЕЖ).
4.
Бақылау ортасы туралы түсінік (БО) және оның элементтері.


5.
Бақылау құралы туралы түсінік (БҚ) және оның түрлері.
Тақырып 7: Аудитті жоспарлау және ауқымы
13 лекция.
1. Жоспарлаудың кезеңдері, мақсаты және қағидалары. 
2. Аудитордың клиентпен алдын-ала жоспарлаудың ішкі фирмалық стандарты (бланк)
және оның бөлімдерінің сипаттамасы. 
14 лекция. 
1. Аудит өткізудің міндеттеме-хаты және шартты. 
2. Аудиттің жалпы жоспарын әзірлеу. Аудиттің бағдарламасын әзірлеу.
1. Жоспарлаудың кезеңдері, мақсаты және қағидалары. 
Жоспарлау аудиторлық тексерудің ең еңбек сыйымды процессі. 
Жұмысты жоспарлау аудиттің маңызды бағыттарына көңіл бөлуге
және аудиторлық фирма қызметкерлері арасында жұмысты тиімді
бөлуге, өзге аудиторлар мен эксперттерді координаттауға көмек береді.
Жоспар құжат түрінде рәсімделініп, 7 сыныпталған аудитті жүргізудің
сипаттамасы қамтуы тиіс. Оның формасы мен мазмұны шаруашылық
етуші субьектінің көліміне аудиттің қиындығына , специфиикалық
әдістер мен технологияларға байланысты өзгеруі мүмкін. 
Жоспарлау аудиттің көлемі мен мерзіміне сипатына қарай стратегия
мен тәсілдерді өңдеу. Аудитор өз қызметін тиянақты жоспарлауына
келесідей үш себеп әсер етеді:
1) клиенттік іс-әрекеті туралы қажетті дәлелдер жинауға мүмкіндік
береді
2) аудит шығындарын шекті мөлшерде ұстауға көмектеседі
3) клиентпен түрлі келіспеушіліктерді болдырмауға көмектеседі.
Аудитті жоспарлау № 300 «Жоспарлау» деп аталатын халықаралық
аудит стандартары негізінде жүзеге асырылады.
Жоспарлау барысында аудит мақсатын көрсету маңызды болып
табылады. Өйткені клиентке аудитордың не үшін келгенін және жүргізетін
тексерудің қандай пайда алып келетінін түсіндіру қажет. Аудиторлық
жоспарлау үш кезеңде жүргізіледі:


-
клиентті таңдау кезінде жүргізетін аудитордың алдын ала
жоспарлауы- бұл жұмыс нәтижесінде тапсырмас қауіп-қатердің жоғары
деңгейі байқалса, аудит жүргізуден бас тартуы мүмкін.
-
Аудиторлық тексеру жүргізудің мерзімі, графигі, күтілетін көлемі
көрсетіліп аудиттің жалпы жоспары өңделеді
-
Аудиторлық процедуралар жүзеге асырудың көлемін, түрін,
реттелетінін анықтайтын аудиторлық бағдарлама түзіледі.
Алдын-ала жоспарлау аудиторлық жұмыстың алғашқы фазасында
жүзеге асырылады. Алдын-ала жоспарлау келесілерден тұрады:
1) жалпы мәліметтерді жинақтау
2) клиенттің құқықтық міндеттемелері жөнінде ақпарат жинақтау
3) аудиторлдық қауіп пен маңыздылықты бағалау
Жоспарлау процесі өте еңбек сыйымдылығы жоғары. Аудиттің жалпы
жоспарын өңдеу мен аудиторлық бағдарламаны түзу аудит жүргізудің
барлық уақытының 1/3 бөлігін алады. Аудитті жоспарлау кезінде оның
негізгі принциптері сақталуы қажет:
-
кешендігі
-
үздіксіздігі
-
ұтымдылығы
Кешенділік принципі жоспарлаудың барлық кезеңінде алдын-ала
жоспарлаудан бастап аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын
өңдегенге дейін өзара байланыс пен келісімді қамтамасыз етеді деп
болжамдады.
Үздіксіздік принципі аудиторлар тобына тапсырмалар беру мен
жоспарлау кезеңдерін мерзімімен байланыстырудан көрінеді.
Ұтымдылық принципі жоспарлау кезінде аудиторлық фирманың
анықтаған критерий негізінде аудитордың бағдарламасы мен жалпы
жоспарының ұтымды вариантын таңдауды қамтамасыз етудегі әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет