Пән бағдарламасының (Syllabus)титул парағы


 Аудиттің жалпы жоспарын әзірлеу. Аудиттің бағдарламасын әзірлеу



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата25.04.2023
өлшемі455,77 Kb.
#86856
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
2. Аудиттің жалпы жоспарын әзірлеу. Аудиттің бағдарламасын әзірлеу.
Қандай да жұмыс болмасын оның тиянақтылығы және жүйелі
орындалуы үшін сол жұмысқа бағдарлама, жоспар жасалуы қажет. 
Аудит жұмысының бағдарламасын жасау дегеніміз - оның
мағынасын және мақсатын тапсырушы талабына сәйкес, оның
шаруашылық процесін түгелдей қарастырылып тексеру жасауды
тиянақты жүргізуге негіз болады. Аудит бағдарламасында аудит
обьектісі түгелдей анықталуы қажет. 
Бағдарламаның түрі мен мазмұны шаруашылық субьектісінің
технологиялық ерекшелігіне сәйкес, аудит жұмсының обьектісі
байланысты, аудит методологиясы мен аудитте қолданылатын
техникалық әдісінің түріне қарай әртүрлі болады.
Жалпы бағдарламада қарастырылатын мәселелер
- тапсыру субьектісінің шаруашылық жағдайын түгелдей зерттеу

- есеп саясатының негізін және ішкі аудит жұмысының негізін
анықтау; 
- аудит мазмұнына жоспар жасау және аудит көлемін,
орындалатын мерзімін анықтау ; 
- аудитор тобының, жұмысына жүйелі түрде басшылық жасауды
ұйымдастыру; 
Аудит бағдарламасында шаруашылық субьектінің есеп
саясаты ерекше орын алады. Біріншіден есеп саясаты субьектілердегі
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негізін құрайды. Оның ішінде өте
күрделі бухгалтерлік есеп жасау материалдар есебі, еңбек ақы
төлеу принциптері, өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау әдісінің
есебіне ұйымдастыру жұмыстарын жан-жақты қарастырады.
Екіншіден, есеп саясаты субьектісінің қаржылық есептерінің
мазмұнын анықтайды, сонымен қатар оның бухгалтерлік есебін
салықтың есебін жүргізу жолын бір жүйеге келтіріп, салық төлеу
жолын, оның мерзімін уақытылы салық мекемелерімен есеп анықтау
жолын, әдісін бекітеді .


Жаңа есеп жоспар заңына, тағы басқа нормативтік құжаттарға
талдау жасап, сол субьектінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес есеп
саясатының мазмұнын анықтайды.
Енді аудит бағдарламасының мазмұнын қарастырамыз:
шаруашылық субьектісінің технологиялық ерекшелігіне байланысты
аудит жұмысының көлемі, оның күделілігі, аудит жұмысына нақты
талап, міндет қояды. Сондықтан аудит жүргізуші өз жұмсының
бағытын, әр бір аудитордың міндетін, жұмыс көлемін анықтауы қажет . 
Аудиторлық топ үшін аудит бағдарламасын жүзеге асыруда жалпы
жоспар негіз болып табылады. Аудит барысында жалпы жоспардың
жекелеген жағдайларын қайта қарауға тура келеді. Оны жазбаша құжатта
тексеру қажет. Жалпы жоспарда келесілер қарастырылады:
-
аудиторлық топтағы аудитор саны мен біліктілігі
-
аудиторды қызмет дәрежесі мен кәсіби сапасына қарай арнайы
бөлімдерге бөлу
-
аудиторлар тобының барлық мүшесін олардың нақты міндеттерімен
танысу, клиент бизнесімен және аудитордың жалпы жоспарымен танысу
-
аудиторлық топ жетекшісінің жұмыс тобының жоспарды
орындауын, жұмыс сапасын, жұмыс құжаттарын жүргізуді бақылау
-
топ жетекшілеріне аудиторлық процедураларды жүзеге асыруды
түсіндіру
-
аудиторлық топ мүшелерінің кейбір ерекше пікірлерін құжатпен
рәсімдеу.
Жоспарлау барысында аудитор келесідей құжаттарды дайындайды:
1) тексерілетін ұйымның бизнесін сипаттау
2) бухгалтерлік есеп жүйесін сипаттау
3) ішкі бақылау жүйесін сипаттау
4) тексерілетін ұйымның есеп беруін экспресс талдау материалдары
Аудит жұмысының бағдарламасын жасау дегеніміз – оның
мағынасын және мақсатын тапсырушы талабына сәйкес оның шаруашылық
процесін түгелдей қарастырып тексеру жасауды тиянақты жүргізу. Аудит
бағдарламасында аудит обьектілері түгел анықталуы қажет.
Бағдарламаның түрі мен мазмұны шаруашылық субъектілерінің техникалық
ерекшелігіне сәйкес аудит жұмысының обьектісіне байланысты аудит
методологиясын аудитте қолданатын техникалық әдістердің түріне қарай
әртүрлі болады.
Аудит бағдарламасында шаруашылық субьектілерінің есеп саясаты
ерекше орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет