Пән бағдарламасының (Syllabus)титул парағы


 лекция.  2. Аудиторлық қорытынды және оны әзірлеу тәртіптері.  3. Аудиторлық қорытындылық құрылымы және түрлері. 1



Pdf көрінісі
бет21/24
Дата25.04.2023
өлшемі455,77 Kb.
#86856
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
16 лекция. 
2. Аудиторлық қорытынды және оны әзірлеу тәртіптері. 
3. Аудиторлық қорытындылық құрылымы және түрлері.
1. Аудитордың қорытынды есеп беруі – бұл қаржылық есеп берудің
дұрыстығы жөнінде аудитордың пікірі, көрсетілген аудиторлық ұйым
беретін өкілетті құжат. Міндетті аудит субъектісі болып табылатын ұйым
үшін аудиторлық есеп беруі есеп беруінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Аудиторлық қызмет туралы заңда 20.11.1998 жылы аудиторлық есеп
беру туралы аудиторлық стандарттарына сай түзілуі керек делінген.
Аудиторлық есеп беруді түзу тәртібі 700 ші «қаржылық есеп беру бойынша
аудиторлық қорытынды есеп» деп талатын халықаралық аудит
стандартымен реттеледі.
Аудиторлық есеп берудің келесі формаларының бірінде аудитор өз
пікірін білдіреді: ескертусіз пікір, ескертулері бар пікір, кері пікір, пікір
білдіруден бас тарту пікірі. Ескертусіз пікір аудиторлық есеп берудің


бекітілген концептуалдық негіздеріне сай, қаржылық есеп беру дұрыс және
сенімді көрсетілген жағдайда аудитор осындай пікір береді.
Аудиторлық есеп беруде барлық маңызды жағдайлар түсінікті және
толығымен көрсетілуі қажет. Аудиторлық есеп беру үш бөлімге біріктірілген
негізгі элементерден тұрады: кіріспе, аналитикалық, нәтижелік.
Аудиторлық қорытынды есепке пікір білдіруге негіз болатын қаржылық есеп
беру қоса тігіледі.
Аудиторлық тексерудің соңғы кезеңі бұл аудиторлық қорытынды
мен қабылдап алу беру актін түзу болып табылады. Аудитор
жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша тапсырыс берушіге келісім
шартта көрсетілген мерзімде аудиторлық қорытындыны ұсынуы қажет.
Ол арнайы құжат « қабылдап өткізу актісі арқылы орындалады.
Негізінде аудиторлық қорытынды Қазақстандық № 5 қаржы есебін
тексерудің аудиторлық қортыныдысы » деп аталатын стандарт
талабына сәйкес жасалынады. 
Басқадай көрсетілген аудиторлық қызметтер арнайы
анықтама жазып берумен, сараптау қорытындылары немесе басқалай
түрдегі актілерімен анықталып тапсырылады . 
Негізінде аудит есебінің мазмұны мен түрі арнайы
принциптерге сәйкес болуы қажет. Олар:
- есебінің тақырыбы болуы қажет, себебі әрбір есеп басқа
есептерден өзінше бөлектеніп, байқалатын болуы қажет ; 
- аудит есебінде аудит көлемі, мақсаты, ондағы мәліметтің
шектелуі анықталуы қажет. 
- аудит есебі басылымға шығатын болса, онда оған қоса
сол есепке негіз болған қаржылықты анықтаушы құжаттарда
басылымға бірге шығуы қажет. 
- аудит есебінде барлық тексерілген қаржылықты
анықтайтын құжаттар түгелдей көрсетілуі қажет. 
- есебінің мазмұнында тұтынушылар үшін қажет
мәліметтер бухгалтерлік және аудиторлық стандарттар талабына сай,
тексеру әдістемесін дұрыс қолданғаны анықталған болуы қажет. 
- есептің мазмұнында келтірілген анықтамалар, түсініктер
өте тиянақты, түсінікті, күдіксіз, анық болуы қажет .
Осы принциптерге негізделе отырып , Қазақстанның 5 – ші
стандартында аудит қорытындысының негізгі элементтері келтіріліп,
оның мазмұнымен жүйесі анықталған. 5 – ші стандартта субьект
басшысының қаржы есебі туралы жауапкершілігі және аудитордың
аудиторлық қорытындысына жауапкершілігі нақты көрсетілген. 


Аудитор қорытындысының негізгі бөлімінде аудитор
тексерудің жалпы көлемі, мазмұны келтіріліп, оның құқылық жағы
Қазақстан стандартына сүйене отырып жүргізілетіндігі көрсетіледі. Осы
аудит материалын қолданушылар , тұтынушылар , үшін сенімді
мәлімет болады . 
Аудит қортындысының негізгі білімінде келтірілген мәлімет
қаржы есебінде жіберілген қате немесе кемшіліктер болуы
мүмкіндігін, аудит күдігі қандай мөлшерде зиянды болатыны
қарастырылады есіне салады. Одан кейін, аудит технологиясының
барысы көрсетіледі:
А) тест арқылы талдау жасау. Қаржы есептерін құжаттар
арқылы дәлелдеу, анықтау ; 
Б) бухгалтерлік есеп принциптерін, оның қаржы есебін
жасаудағы тиімділігін нақты, дәлелді түрде көрсету;
В) жалпы қаржы есебіне баға беру . 
Аудит есебінің қорытындылау бөлімінде аудит қорытындысын
жасау қажет. Оның негізгі мақсаты суьектінің қаржы есебінің
дұрыстығын, оның мемлекет заңына , нормативтік құжаттар талабына,
бухгалтерлік және аудиторлық стандарт талабына сәйкес
жасалынғанын көрсету болып табылады. 
Қаржы есебі туралы басқа да нақты мәлімет қажет болған
жағдайда аудитор оны жеке анықтамалар сараптау қорытындылары
арқылы көрсетеді Қазақстандық аудит стандартының талабына сәйкес
аудит қорытындысының түрі мен мазмұны бір жүйеге келтіріледі.
Шет елдер тәжірбиесіне сүйене отырып, қазір Қазақстанда аудит
қорытындысы төрт түрде жазылады:
1.
Күдіксіз - сенімді аудиторлық қорытынды ; 
2.
Күдіксіз - ескерту келтірілген қорытынды ;
3.
Күдікті - сенімсіз аудит қорытындысы; 
4.
Теріс - сенімсіз аудит қорытындысы;
Күдіксіз - сенімді аудит қорытындысы, аудиторлық тексеру
барысын ешқандай қате қаржылық есебі мүлтіксіз дұрыс болған
жағдайда, бухгалтерлік есеп заңдылықпен, мемлекет бекіткен ереже –
нұсқау талабына, бухгалтерлік – аудиторлық стандартқа сәйкес
жүргізілген жағдайда ғана беріледі. Осылайша, аудитті қорытындылау
кезеңінде осыдан алдыңғы кезеңдерде жинақталған құжаттар негізінде
аудиторлық қорытынды түзіледі (4 сызба). 
2. Кіріспе бөлімде келесілер көрсетілуі қажет:
1) құжаттың аты, аудиторлық қорытынды есеп
2) адресат- аудиторлық есеп беруді алушы


3) кіріспе параграф:
-
аудит жүргізілетін ұйымның қаржылық есеп беруінің тізімі
-
ұсынылған қаржылық есеп беруде көрсетілген мерзім мен кезең
-
ұсынылған қаржылық есеп беруде ұйым басшылығының
жауапкершілік туралы арызы
-
жүргізілетін аудит негізінде пікір білдіруге аудитордың
жауапкершілігі туралы арыз
Аналитикалық бөлімде аудит масштабы көрсетіледі:
1) аудиттің халықаралық аудит стандартына немесе қабылданған
актіге сай жүргізілгендігі жөнінде сілтеме немесе нұсқау
2) аудитор орындаған жұмысын ішкі бақылау жүйесінің жағдайын
тексеруді қоса алғанда қолданылған БЕП бақылауды, қаржылық есп
берудің жалпы жағдайын бағалауды сипаттайды. 
Қорытынды нәтижелік бөлімде келесілер көрсетіледі:
1) Қаржылық есеп беру бойынша аудитордың пікірі.Ол қаржылық есеп
берудің есепті ұсынудың концептуалдық негіздерге сай қаржылық есептің
дұрыстығы мен сенімділігі, қаржылық есептің заң актілеріне сәйкестігі
бағаланады.
2) Есеп беру датасы-аудит аяқталған мерзімнің датасы аудиторлық
есеп беру қол қойылған және ұйымның қаржылық есеп беруін бекіткен
күннен бұрын даталанбауы тиіс.
3) Аудитор адресі – аудиторлық қорытынды есепті ұсынған
аудиторлық фирманың орналасқан орны.
4) Аудитордың қолы – Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет
туралы заңының 15-бабына сай аудитордың қолы мен мөрі болуы керек.
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Аудиторлық қорытынды есеп берудің маңызы.
2. Аудиторлық қорытынды пікір түрлері және оның берілуі.
3. Кері немесе бас тарту пікірінің ұйым қызметіне әсері.
4. Аудиторлық пікір және оған әсер етуші факторлар.
5. Аудиторлық есеп берудің негізгі элементтердің маңызы.
6. Кіріспе бөлімде көрсетілетін элементтер.
7. Кіріспе бөлім құрамы.
8. Аналитикалық бөлімінің көрсетілу маңыздылығы.
9. Қорытынды бөлімде көрсетілетін элементтер.
10. Аудиторлық қорытындының кәсіпорын немесе фирма қызметіне әсері.
Әдебиеттер:1,3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет