Пән бағдарламасының (Syllabus)титул парағы


 Тұтас қауіп. Бақылау қауіпі. Таптырмас қауіпі



Pdf көрінісі
бет7/24
Дата25.04.2023
өлшемі455,77 Kb.
#86856
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
2. Тұтас қауіп. Бақылау қауіпі. Таптырмас қауіпі. 
Бөлінбейтін тәуекелдік — шоттар сальдосы немесе шаруашылық операциялардың
қажетті ішкі бақылаудың болмауына жол берілген жағдайда, басқа шоттар сальдосы немесе
шаруашылық операциялар бұрмалауларынан бөлек, елеулі болуы мүмкін бұрмалауларға бейім
болуы .
Бөлінбейтін тәуекел - бухгалтерлік шотта, баланс бабында шаруашылық
операциялардың біртектес тобында, жалпы экономикалық субъектінің есептілігіне елеулі
қаталіктердің пайда болуын мұндай бұрмалаулады ішкі бақылау жүйесінің құралдары мен
анықталғанға дейін немесе мұндай мұндай құралдарының болмауына жол берілген жағдайда
аудитор субъективті түрде анықтайтын ықтималдылық ұсынады. Бұл қауіп көбінесе клиенттің
ерекшелігімен анықталады және ішкі шаруашылық құралдарымен тексеру мүмкін болмайтын
оның ішкі сипаттамаларымен, сондай-ақ сыртқы орта жағдайларымен байланысты болады.
Шындап келгенде, бұл шаруашылық жүйесінің өзіндік дамуының оңтайлы даму жолында
ұдайы бола алмау ықтималдылығын білдіреді . Бұл қауіптің бастамасы ішкі шаруашылық
бақылау құрылығына дейінгі шаруашылық ортасының сыртқы аясы да болуы керек. 
Аудитор тексерілетін экономикалық субъектінің ішкі шаруашылық қауіпіне
өзінің кәсіби тұжырымын пайдалана отырып, жоспарлау сатысында баға беруге тиіс. Осы
жағдайда бухгалтерлік есептің шоттары мен операцияларға сальдоға және мәнділіктің
берілген деңгейінің асатын айналымдарға ерекше назар аудару қажет . 
Аудитор баланс пен есептелікке қатысты ішкі шаруашылық қауіпке баға берген
кезде мынадай факторларды назар алуға қажет ; 
- экономикалық субъект әрекет жасайтын сала қызметін және ағымдағы
экономикалық жағдай ерекшеліктері; 
- осы экономикалық субъекті жүзеге асыратын қызметтің арнайы ерекшеліктері; 
- экономикалық субъектінің басшылықты жүзеге асыратын және есепті жүргізу мен
есептілікті әзірлеуге жауапты қызметкерлер адалдығы ; 
- есепті жүргізуге және есептілікті әзірлеуге жауапты қызметкерлердің тәжірибиесі мен
біліктілігі; 
- бухгалтерлік есептіліктің белгілі бір көрсеткіштеріне қалай да қол жеткізуі
мақсатымен экономикалық субъектінің басшылары мен қызметкерлеріне сырттан қысым
жасалу мүмкіндігі.
Бақылау тәуекелдігі. Клиент байқамаған қателердің бухгалтерлік есеп процесінде болуы
ықгимал. Себебі бақылаудың ешбір құрылымы 100%-ға тиімді бола алмайды. Сондықтан,
әдетте белгілі бір тәуекелді бақылаудың кез келген құрылымымен байланыстырады: тиімді


құрылымдар салыстырмалы түрде төмен тәуекелге, тиімділігі аздаулар салыстырмалы жоғары
тәуекелге ие болады.
Бақылау кұралдарының тәуекелдігі кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен ішкі бақылау
жүйелерінің сенімділік дәрежесін сипаттайды. Бақылау құралдарының сенімділігі мен бақылау
құралдарының тәуекелдігі өзара толықтырушы категориялар болып табылады:
-
сенімділіктің жоғары дәрежесіне төмен тәуекелдік сәйкес болады;
-
сенімділіктің орта дәрежесіне орта тәуекелдік сәйкес болады;
-
сенімділіктің төмен дәрежесіне жоғары тәуекелдік сәйкес болады.
Аудитор бақылаудың белгілі бір құралдары жөніндегі өз пікірін дайындау кезінде үлкен
сенімділік дәрежесіне сүйенуге қаншалықты ұмтылса, аудитор олардың сенімділігі мен
тиімділігін соншалықты мұқият дайындауы керек.
Бақылау құралдарының қаупін бағалау үшін тестілеу деп аталатын арнаулы аудиторлық
шаралар қолданылады : 
1.
Кәсіпорында көзделген бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерінің сенімді
жұмыс істейтініне бухгалтерлік есептілікте елеулі бұрмалаулардың пайда болуына тиімді
қарсы тұруға және оларды анықтауға қабілеттілігіне; 
2.
Бақылау құралдарына бүкіл есепті кезеңінің ішінде бірдей тиімділікпен жұмыс
істейтініне көз жеткізуіне мүмкіндік береді. 
Бақылау құралдарын тестілеу бақылау құралдарының тәуекелі жоғары деп
бағалағаннан басқа барлық жағдайларда жүргізіледі. Аудитор өз пікірін әзірлеген кезде
бақылаудың белгілі бір құралдарына неғұрлым көбірек сүйенетін болса, ол олардың
сенімділігіне тиімділігін соғұрлым мұқият тексеруге тиіс. 
Бақылау құралдарының тәуекелін бағалау нәтижелерін аудитор аудиттің жалпы
жоспарында, ал нақтылаушы бағаларды тексеру жөніндегі жұмыс құжатында көрсетуге тиіс. 
Айқындалмау (қателерді) тәуекелдігі — бұл жиынтығында дәл емес немесе дұрыс емес
мәліметтердің елеулі көлемде жиналуы және оларды аудитор талдамалық рәсімдер кезінде де,
мән бойынша жан-жақты тексеру кезінде де байқамай қалуы мүмкін деген болжам. Олар бір-
бірін толықтыратындықтан, олардың бірінің нәтижесінде туындаған сенімділік, аудитордың
басқа тексеру нәтижесінде алатын кепілдемесінің қажеттілігін пропорционалды азайтады.
Аудитор "мән немесе талдамалық рәсімдер бойынша ешқандай жан-жақты тексерулер
жүргізбейді" деп болжайық. Егер қаржылық есептерде қате болса, оның байқалмай қалуы
анық. Сонымен бірге мән бойынша жан-жақты тестер орындалып, талдамалы рәсімдер
жүргізілсе, онда талдамалық рәсімдердің елеулі жиынтық қателерді байқамауы 40% тәуекелге,
оларды жан" жақты тестер табуы 20% тәуекелге, ешбір рәсімнің байқамай қалуы олардың
туындысына тең болады. Қаржылық есептерде дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтерді
аудитор байқамай қалуы үшін, мән бойынша жан-жақты тексерулер, не талдамалық рәсімдер
олар таппауы керек.
Бөлінбейтін немесе бақылау тәуекелдіктері айқындамау тәуекелдігінен аудитордың
оларды тек бағалап, бірақ бақылай алмайтындығымен ерекшеленеді. Аудитордың бөлінбейтін
және бақылау тәуекелдіктерін бағалауы оларды жақсы түсінуге көмектеседі, бірақ оларды
азайтпайды және өзгертпейді. Айқындамау тәуекелдігі аудитор мәні бойынша жекелеген
тексерулердің сипатын, уақыты мен масштабын өзгерту арқылы бақылап алады.


Аудиторлық қызмет көрсету нарығында клиент конкурстық негізде аудиторлық фирманы
тандай алады. Егер оның көрсететін қызметінің жалпы құны басқа аудиторлық фирмаларға
қарағанда едәуір жоғары болса, клиент өз ниетін өзгертіп, басқа фирманы таңдай алады.
Сонымен бірге заңды аудиторлық тәуекелдік деңгейін нақты дәлелденген деңгейден орнатудан
бас тартуда көмектеседі.
Бәсеке, құқықтық міндеттемелер, басқа шаралар мен кәсіпқойлық бірдей жағдайларда
аудиторлық тәуекелдікті бағалау айырмашылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Бірақ түрлі
аудиторлар тең жағдайларда аудиторлық тәуекелдіктің абсолютті бірдей деңгейін орната
алмайтындығын мойындау керек. Аудиторлық тәуекелдік пен айқындамау тәуекелдігі арасында
тікелей тәуекелдік, сонымен бірге аудиторлық тәуекелдік пен жинақталуы қажет дәлелдердің
жоспарланған саны арасында кері тәуекелділік бар.
Аудиторлық тәуекелдік компоненттерін детальдандыру айқындамау тәуекелдігінің
құрамдас бөлігін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Мәні бойынша тексеру деңгейі — елеулі қателер тексеру рәсімін орындау процессінде
елеулі қателер анықталмай қалу қаупі.
Талдау тәуекелдігі — талдау рәсімі елеулі бұрмалауларды анықтамайды деген қауіп;
Таңдау арқылы зерттеу тәуекелдігі — тексеруді жүргізу операцияларының іріктемесі
елеулі қателерді көрсетпеуі мүмкін деген қауіп.
Аудиторлық тәуекелдікті төмендету үшін келесідей пікір әрекет етеді: аудитор толық
зерттеуге арналған элементтері қанша көбірек тексерсе, іріктеме көлемі сонша көп болады.
Мысалы, егер аудитор талдамалық рәсімдерді тексеру мен елеулі элементтерді толық тексеруге
акцент жасағысы келсе, іріктеме көлемі төмен болады және керісінше.
Лекция 8
3.
Аудиторлардың сақтандыру жауапкершілігі
Кез келген аудиторлық тексерудің басты міндеті — аудитті аяқтаған кезде жиынтық
аудиторлық төуекелдік минималды төмен деңгейге жеткізілетіндей немесе керісінше,
сенімділік деңгейі аудиторға қаржылық есептеме нақтылығы бойынша пікір білдіру үшін
жоғары болатындай сенімділік деңгейіне дейін жететіндей етіп жекелеген шоттар немесе
шаруашылық операциялар бойынша аудиторлық тәуекелдікті шектеу. Аудиторлық тәуекел –
аудитор байқамаған қателер мен олқылықтар болу мүмкіндігіне қарамастан, сыртқы есептілік
деректерінің толық растығын туралы қорытынды есеп беру арқылы өзіне алатын қауіп.
Аудиторлық қауіп аудитті жоспарлау мен жүргізуді, сонымен қатар орындалған процедуралар
нәтижесіне бағалау кезінде пайдаланады. Аудиторлық қауіп аудитті жоспарлау мен жүргізу
кезінде және де атқарылған іс-әрекеттерді нәтижесін қорытындылағанда аудитормен
ескеріледі. Аудитор жұмыс барысында қауіптерді зерделеуге оларды бағалауға және бағалау
нәтижелерін құжаттауға міндетті. Қауіптерді бағалаған кезде кем дегенде үш тармақты
қарастыру қажет: жоғары, орташа, төмен.


Аудиторлық ұйымдар өз қызметтерінде қауіптерді бағалаған кезде жоғарыда
аталған үш тармаққа қарағанда көп тармақтарды қолдану туралы немесе қауіптерді бағалау
үшін сандық көрсеткіштерді (процент немесе үлес бірлігі) пайдалану туралы шешім қабылдай
алады (кесте 1).
1 - кесте 
Аудитордың мүмкін болатын аудиторлық тәуекелді таңдауы бойынша әрекеті
Шарты 
Аудитор әрекеті
Егер ажарамас тәуекел мен бақылау
тәуекелі (немесе олардың бірі) төмен болса 
Аудитор таба алмау тәуекелін орта
немесе жоғары деңгейіне бағдарлануға
құқылы бірақ бұл жағдайда сәйкестік пен
маңыздылыққа процедураларды пайдалана
отырып бақылау тәуекелдігімен ажырамас
тәуекелдігінің дұрыстығын алынған
бағалаулардың дұрыстығын растау алуға
міндетті.
Егер ажырамас тәуекелдігімен
бақылау тәуекелі ( немесе екеуінің біреуі) –
орташа немесе жоғары 
Аудитор аудиторлық тәукелдікті
төмендету бойынша шаралар қабылдауы
қажет
Аудиторлық тәуекел сапалық шкала бойынша немесе сандық шкала бойынша 0
ден 100 %-ке дейін баға ықтималдығы жолымен өлшенуі мүмкін.
Теориялық тұрғыдан аудиторлық тәуекел «нөлдік» болуы да мүмкін, егер тексерілетін
ұйым шағын болса және аудиторға жақсы таныс болатын болса, операциялары аз және
стандартты болса, бизнес сферасы тұрақты, бухгалтерлік қызмет маманданған және жақсы
жолға қойылған болса, аудитор квалификациясы жоғары болса.
Жоғарыда аталған аудиторлық тәуекелге әсер ететін факторлар жиынтығы мен
комбинациясын негіз ретінде алуға болады.
Тәжірибеде аудиторлық тәуекелді бағалаудың сапалық шкаласы кеңінен қолданылады:
жоғары, орташа және төмен. Аудит жүргізу барысында аудитор аудиторлық тәуекелді
мүмкіндігінше төмендетуге қажетті шараларды жасағаны жөн (кесте 2).
2- кесте . 
Таба алмау тәуекелінің мүмкін болатын деңгейін анықтау 


Бақылау тәуекелін аудиторлық бағалау.
Жоғары
Орташа 
Төмен
Ажырамас
тәуекелін
аудиторлық
бағалау.
Жоғары
Ең төменгі
Төменірек
Орташа
Орташа
Төменірек
Орташа 
Жоғарырақ
Төмен
Орташа 
Жоғарырақ
Өте жоғары
Аудитте аудиторлық тәуекелдің мынадай түрлері болады :
1)
Аудитордың кәсіби қабілеттілік тәуекелі - ол тексерілетін фирма беделін ( фирма
тәртібі, адалдығы, банк жасаған операциялардың тәуекел деңгейі ) ескере отырып, мұқият
таңдаумен анықталады. Кез келген фирманы тексеруді қолға алған кезде аудиторлар ең
алдымен, оның беделіне назар аударады. Сөйтіп, аталған фирмаға жүргізілген тексеру
аудиторлық компанияға және оның клиенттеріне нұқсан келтірмеуі тиіс: 
2)
Клиент үмітін ақтамау тәуекелі – жасалған тұжырыммен клиенттің мүддесін
қанағаттандырмау тәуекелі. Аудиторлық тексерудің жүргізілуі клиенттің ойындағыдай
болмаса, ол бұл аудиторлық компанияны қызметінен бас тартуы мүмкін : 
3)
Аудиторлық тәуекел (DAR) – бұл аудиторлық қорытындының мынадай себептерге
байланысты дұрыс болмауы ықтималдылығы : Экономикалық субъектінің бухгалтерлік
есептілігінің дұрыстығы расталғаннан кейін, онда анықталмаған елеулі бұрмалаулар бар деп
танылуы . Тәуекелдің үшінші түрі – аудиторлық тәуекелді неғұрлым толығырақ
қарастырайық .
А) Бухгалтерлік есептілікте елеулі қателіктердің болу тәуекелі:
B) Бухгалтерлік есептіліктегі қаталіктердің қайсыбірі тексеру барысында анықталмай қалу
тәуекелі . 
Ішкі шаруашылық қауіпін және бақылау құралдарының қауіпін бағалау негізінде
жұмыста жіберілген таба алмау қаупін төмендетуге ескере отырып тиісті аудиторлық
шараларды жоспарлауына болады .
DR = DAR / IR * CR 
Таба алмау қауіпі және ішкі шаруашылық тәуекелі мен бақылау құралдары тәуекелі
комбинациясның арасында кері байланыс бар :
-
ішкі шаруашылық қауіпі мен бақылау құралдары тәуекелінің жоғары мәні
аудиторды таба алмау тәуекелін барынша мүмкін деңгейіне дейін төмендететіндей және
жалпы аудиторлық тәуекелді қолайлы мәнге дейін жеткізетіндей еткізіп тексеруі
ұйымдастыру ; 
-
ішкі шарушылық мен бақылау құралдары қаупінің төменгі мәні аудитордың
тексеру барысында таба алмау тәуекелін неғұрлым жоғары жасауға және бұл ретте жалпы
аудиторлық тәуекелдің қолайлы мәнін алуға мүмкіндік береді . 
Аудиторлық тәуекелді бағалаудың екі әдісі бар 
А) бағалау ( интутивтік )


В) сандық 
Бағалау әдісі бізде кеңінен пайдаланылады, аудитор өз тәжірибесімен клиенті білуіне
қарай қаржылық есеп беру негізінде аудиторлық есеп беру негізінде аудиторлық қауіпті
белгілейді және осы аудиті жоспарлауда пайдаланылады. 
Сандық әдіс аудиторлық тексерудің көптеген есептеу үлгілерін қамтиды. 
A

= P
ч
FP
k
FP
h
А
Р
= аудиторлық тәуекел
Р
ч
– ажырамас тәуекел
Р
к
– бақылау тәуекелі
Р
н 
- таба алмау тәуекелі
Аудитор болашақта болатын аудиттің жоспарын жасау барысында шаруашылық ішіндегі
тәуекелдіктің 80%, бақылау тәуекелдігі 50% және таба алмау қатері 10% деп
жорамалдайды.аудитте тәуекелдіктің осы сандары бойынша есептеп, аудитор нәтижесінде 4%
алады. Егер аудитор бұл жағдайда тәуекелдіктің осы жолғы (тиісті) қолайлы деңгейі 4 % -тен
жоғары болмауы керек деп шешетін болса, онда ол әлеуетті жоспарды қолайлы деп санауы
керек. Мұндай жоспар аудиторлық тәуекелдіктің қолайлы деңгейін аудитордың алуына
көмектеседі, бірақ ол тиімсіз. Әлде қайда тиімді жоспар жасау үшін аудиторлар тәуекелдікті
есептеудің екінші тәсілін жиі пайдаланады, яғни таба алмау қатері мен алуға жататын
мәліметтердің тиісті санын анықтайды.
Талқылауға арналған сұрақтар
1.
Аудиторлық қауіп түсінігіне анықтама беріңіз
2.
Аудиторлық қауіп түрлерін атап шығыңыз.
3.
Ішкі шаруашылық қаупіне анықтама беріңіз.
4.
Бақылау құралдарының қаупіне анықтама беріңіз
5.
Таба алмау қаупіне анықтама беріңіз.
6.
№400 ХАС сипаттама беріңіз.
7.
Бақылау процедураларын атап шығыңыз.
Әдебиеттер:1,3,5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет