сондағы тіркелген операциялардың заңдылығын және экономикалық
тиімділігін анықтау.
Қарама-қарсы тексеру әдісі бухгалтерлік есептің дұрыстығын
тексеруде өте жиі қолданылады. Себебі, бір құжат бухгалтерлік есепте екі
қайтара кездеседі. Мысалы, кәсіпорынға жабдықтаушыдан материал келіп
түссе, материалдың құжатының бір данасы қоймасының есебінде болса,
екіншісі банк көшірмесінің тіркеуінде болады. Соларды салыстыру арқылы
қарама-қарсы тексеру жүргізіледі, немесе дүкенші тауар сатудан түскен
ақшаны кассаға өткізеді. Яғни, касса ордерінің түбірі касса есебінде болады
да оның түбіртегі дүкеншінің есебіне тіркеледі. Олардың арасындағы құжат
көрсеткішінің дұрыстығы қарама-қарсы тексеру әдісін қолдану арқылы
анықталады. Осы қарама-қарсы тексеру әдісін қолдану арқылы ұрлық
немесе әдейі қиянат жасаушылық қылмыстары анықталады.
Есепті қалпына келтіру әдісі-ол негізінде аудит процесінде
бухгалтерлік есепте жіберілген қатені түзету. Қате түзету процесінің
бірнеше түрі бар.
1. Корректура әдісі, ол бухгалтерлік тіркеу кезінде жіберілген
қателерді сол есеп кестелерінде түзетіп ол туралы белгі жасау. Мысалы,
тексеруші қатені түзеткен есеп кестесіне қалай түзетілді, оны түзеткен
адам өз атын жазып қол қоюы керек (күнін, жылын көрсетіп).
2. Бухгалтерлік есептегі қатені қосымша екі жақты жасау арқылы
түзету. Бұл әдіс қате қай кезде анықталса сол уақытта қолданыла беретін
әдіс. Мысалы, дүкенші жабдықтаушыдан құжат бойынша тауар қабылдап
алған. Тауар сомасы 10000 теңге, ал дүкенші өзінің есебіне 1000 теңге деп,
тіркелген бухгалтер өзінің корреспонденциясында 1000 теңге көрсеткен.
Кейін тексеру барысында қате анықталғаннан кейін қосымша екі жақты
жазу 9000 теңгеге жасалады.
3. Үшінші қате түзету әдісі-қызыл жазу. Бұл әдіс бойынша, бұрын екі
жақты жазуда жіберілген қате сол күйінде қайталанылады да тек қана екі
жақты жазу сомасында қызыл сиямен жазылады. Бухгалтерлік есептің
қалыптасқан тәртібі бойынша есеп шоттарына екі жақты жазу бойынша
тіркелген тәртібі айналым санын санағанда шығарылып тасталады. Яғни,
қате жазу бойынша қарамен жазылған сан, қызыл жазумен жазылған сан
шығарылғаннан бұрын жіберілген қате түзетіледі.
Нақты бақылау бухгалтерлік есепте және аудит барысында ерекше
орын алатын бақылау-тексеру әдісі. Оның негізгі мақсаты кәсіпорын
мүлкінің нақты есебін алып түгелдеу. Бухгалтерлік есептің күдіксіз дұрыс
екенін, аналитикалық және синтетикалық есеп көрсеткіштерінің дұрыс
екенін тек қана нақты тексеру арқылы сенімді түрде анықтауға болады. Ол
өз кезегінде шаруашылық субъектілерінің қорытынды ақпарат
көрсеткіштерін нақты тексеруге негіз болады. Нақты тексеру
методологиясы сенімді, күдіксіз әдіс, сол осы арқылы ғана бар шындықты
анықтауға болады, өз кезегінде нақты тексеру үш түрге бөлінеді: түгелдеу,
сараптап анықтау, бақылау арқылы анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: