Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



бет2/33
Дата29.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#111396
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
1. Оқу пәнінің паспорты


Пәннің атауы «Қазақ әдебиетінің тарихы»


Кредит саны мен оқу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 3
Семестр: 6
Аудиториялық сабақтар – 45 сағат
Дәрістер – 30 сағат
Тәжірибелік – 15 сағат
СОӨЖ – 22,5
Соның ішінде СӨЖ – 90
Еңбек сыйымдылығы барлығы – 135 сағат


Бақылау формасы
Емтихан – 6 семестр


Пререквизиттер

  • Әдебиеттануға кіріспе

Постреквизиттер


2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Аты-жөні: Муталиева Раушан Мамырқызы
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: гуманит. ғыл. магистрі, аға оқытушы
«Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 356 аудиторияда орналасқан.
Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 356 кабинет


2 Пәні, мақсаты мен міндеттері


Пән: «Қазақ әдебиетінің тарихы»
«Қазақ әдебиетінің тарихы» пәнін жоғары мектепте оқытудың негізгі мақсаты – маман әдебиетші дайындау, оның жалпы қазақ әдебиеті туралы ғылымды жүйелі түрде меңгеру, игеру міндетімен сабақтас.


Пәнді оқыту мақсаты:
«Қазақ әдебиетінің тарихы» - ұлттық сөз өнері тарихының барлық кезеңін қамтитын пән. Пәннің мазмұнында ауызша дәстүрлі жыраулық дәстүрден бастап, қазіргі кезеңге дейінгі әдебиеттің көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі.


Пәннің міндеттері:
- өлеңдерді жанрлық, идеялық, құрылыстық жағынан талдай білуі;
- жекелеген автордың шығармашылық ерекшеліктерін танытуда, ақын-жыраулар өлеңдерін жатқа білу, прозалық шығармаларды талдай білу;
- образдар жүйесіне талдау жасай білу;
- шығарманың көркемдік ерекшелігін айқындай білу.


3 Білім, икемділік және дағды-машықтарға қойылатын талаптар
Пәнді оқу нәтижесінде студенттердің:
- Ежелгі және қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жыраулардың шығармаларының мәтіндерімен таныс болу;
- ақын-жазушылар шығармаларының көркемдік ерекшелігін талдай білуі тиіс;
- ақын-жазушылар шығармаларының образдар жүйесін талдай білуі тиіс;
- ақын-жазушылар шығармаларының идеясын аша білуі тиіс.;
- ақындар өлеңдерін жатқа білуі тиіс.
- cтуденттер тақырып таңдау, материал жинау, конспекті жазуды меңгере білуі;
- ақын-жазушылар шығармаларын ажырата алу;
- ақын-жазушылар шығармаларының идеялық, эстетикалық мазмұнын аша білу;
- ақын-жазушылар шығармаларынталдаудағы оның табиғатын білуі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет