|
|
бет | 12/17 | Дата | 22.12.2023 | өлшемі | 325,5 Kb. | | #142597 | түрі | Бағдарламасы |
| Байланысты: 50264 2Германиядағы романтизм. Гофман романтизмінің мазмұныдворяндық орта мен тоғышарлар әлемін сатира тілімен сынау. Кейіпкерлерінің ерекшелігі – екіжүзділік әлемінен қашып, монастырға кету, фантастикалық күштермен одақтасу. «Скюдери бикеш», «Мартин шебер және оның көмекші шебері» шығармалары. «Мурра мысықтың тұрмыстық орныққан пікіолері» романы – немістік княздік дворяндық қоғамның жексұрындық келбетін сатиралық сынау туындысы. «Құртақандай Цахес» - бөтен еңбекті иелену идеясының фантастикалық бейнеленуі. Гофманның романтикалық әдісіндегі ирония, сарказм, юмор. Автор сөздерінің әуезділігі.
Англиядағы романтизм. Дж.Г.Байрон (1788-1824) шығармашылығы - әлемдік әдебиеттегі романтикалық өмір танушылықты бейнелеудің озық үлгісі. Байронның поэтикалық жаңашылдығы. (романтикалық кейіпкер бейнесі, лиро-эпикалық поэма жанры, өлеңдік өлшемдер).Чайль Гарольд бейнесі арқылы еуропалық елдердегі озбыр билеушілерді әшкерелеуі. Байронның лиро-эпикалық романтикалық-бүлікшілік, шығыстық поэмалары. «Корсар», «Гяур». Пәлсапалық драмалық дастандары «Манфред», «Шильон тұтқыны», «Чайль Гарольдтың сапары» шығармаларындағы озбырлыққа қарсылық, бостандық сүйгіш әуендер. Байрон шығармашылығының итальяндық кезеңі. Шығармаларының көп жанрлылығы. Поэма, сатира, драма, өлеңмен жазылған роман. Кайн және Байрондық романтикалық кейіпкердің өсу эволюциясы. «Қола ғасыр» - Байрон шеберлігінің саяси сатирадағы шыңы.
«Дон Жуан» - өлеңмен жазылған роман. Романдағы кейіпкер сомдауда реалистік бағыттың күшеюі, тарихи -әлеуметтік шындықтың кеңдігі, уақыт шындығын бейнелеудегі энциклопедиялық сипат.
Байронның Грециядағы кезі. Оның грек халқының азаттық күресіне қатысуының әсерінен туған лирикалық өлеңдері. («Кефалониидегі күнделіктерден», «Менің отыз алтыдағы күніме»).
Байрон және чартистік поэзия. Байрон және дүние жүзі әдебиеті. Байрон шығармашылығының идеялық-эстетикалық және тарихи маңызы.
П.Б.Шелли (1792-1832). Өмірі, шығармашылығы. Лиро-эпикалық, дидактикалық поэмалары. «Королева Маб», «Исламның көтерілісі». Шелли лирикасының түрлері: саяси-әлеуметтік («Англияның еркектеріне», «Англия», «Мемлекеттік айбындылық»); пәлсапалық («Батыстық желге ода», «Бұлт», «Ой әдемілігінің әнұраны»); махаббат (Мери Уолстон – крафт Годвин, «Джейнге»); табиғат тақырыбын жырлауы және оның Шеллидің пәлсапалық көзқарастарына байланысы. «Азат етілген Прометей» поэмасындағы бас кейіпкерлер, жинақтаушылық, сиволикалық, аллегориялық тақырып ерекшелігі. Беатриче бейнесі. Шеллидің эстетикалық көзқарастары. «Поэзияны қорғау» атты трактаты.
В.Скотт (1771-1832). Скотт – тарихи роман жанрын жасаушы. Баяндаудағы екі бағытты композициялық сипат: ұнамды кейіпкердің махаббаттық-романтикалық тарихын сипаттау, әлеуметтік қайшылықтарды, тарихи бейнелерді шыншылдықпен бейнелеу. Жергілікті және тарихи ерекшеліктерді, фольклорлық элементтерді пайдалануы, стильдік ерекшеліктері. Англия мен франция тарихына байланысты «Айвенго» романы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|