Қиманың түрлері
|
Сызбасы
|
Сипаттамасы
|
Цилиндрдің жазықтықпен қимасы
|
|
Цилиндрді жазықтықпен оның осі арқылы қиғанда пайда болған қиманы осьтік қима деп атайды. Осьтік қима -тік төртбұрыш болады. Оның екі қабырғасы цилиндрдің жасаушылары болса, ал басқа екеуі диаметрлері болады.
|
|
Цилиндрдің осіне перпендикуляр болатын қимасы оның табандарына тең болатын дөңгелек болады.
|
|
Цилиндрдің осімен бұрыш жасап қиятын көлбеу қимасы эллипс болады.
|
|
Цилиндрдің осіне параллель жазықтықпен қиғандағы қима-тік төртбұрыш болады. Оның екі қабырғасы жасаушысы, ал басқа екі қабырғасы табандарының хордасы болады.
|
Конустың жазықтықпен қимасы
|
|
Конустың осі арқылы өтетін жазықтықпен қимасы -осьтік қима деп аталады. Ол теңбүйірлі үшбұрыш болады. Оның бүйір қабырғалары конустың жасаушылары, ал табан қабырғасы конустың табанының диаметрі болады.
|
|
Конустың төбесі және табаны арқылы өтетін қимасы - теңбүйірлі үшбұрыш болады. Оның бүйір қабырғалары конустың жасаушылары, ал табаны конустың табанының хордасы болады.
|
|
Конустың табанына параллель болатын қимасы - центрі конустың осінде жататын дөнгелек болады.
|
|
Конустың табанына параллель болмайтын қимасы - эллипс болады.
|
|
|
Конустың басқа типтегі қималарының түрлері
|
Шардың жазықтықпен қимасы
|
|
Шардың жазықтықпен қиғандағы кез келген қимасы дөнгелек болады. Ол дөңгелектің центрі шардың центрінен түсірілген перпендикулярдың табаны болады..
|
|
|
Шардың центрі арқылы өтетін ең үлкен қимасы -диаметрлік қима деп аталады.
|